Жекеменшік балабақшаға қалай ақша үнемдеу керек

Жекеменшік балабақшаға қалай ақша үнемдеу керек

Жұмысқа шығуға асығып жүрген аналар үшін балабақшадағы кезек маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында баланы аудандық кезек жеткенше, баланы жекеменшік балабақшаға апару мүмкіндігі пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін баласын мектепке дейінгі ұйымға жіберуді жоспарлаған ата-аналар бағаларды сарапқа салып көргені анық. Демек, олар жекеменшік балабақша мемлекеттік балабақшаға қарағанда қымбат екенінен хабардар.

Алайда мемлекеттік балабақшалар әлі де жеткіліксіз, бірақ артық ақша төлеудің де қажеті жоқ.

Егер бұрын баланы жекеменшік балабақшаға "Балапан" бағдарламасы арқасында төмен бағамен беруге болса, 2014 жылы ол өз күшін жойып, Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасына айналды.

Енді ата-аналар үйлеріне жақын маңдағы ыңғайлы ауданда мемлекеттік тапсырыс арқылы жекеменшік балабақша таңдай алады. Мемлекеттік тапсырыс аясында ата-аналар балабақша құнының жартысын ғана төлейді, ал қалғанын төлеу мемлекетке жүктеледі.

Ал жанұя тек балабақшаға дейінгі мекемедегі балалардың тамақтануын және қажет болған жағдайда қосымша қызметтерге төлем жасайды.

Алматы қаласының тұрғыны Айгерім кеңседегі жұмысына оралу үшін баласы 2 жасқа толғанда балабақшаға бергенін айтты. Дегенмен, оның сөзінше, ол уақытта әлі кезек келмеген, баласы төрт мыңыншы орында тұрған.

"Мен балабақша таңдағанда қатты қарадым. Мен үшін топта балалардың аз болғаны маңызды болды. Ал бұл мемлекеттік балабақшада мүмкін емес жағдай. Сондықтан, баламды жекеменшік балабақшаға бердім.
Қазір бәрі жекеменшік балабақша қымбат деп ойлайды. Бірақ, олай емес. Олардың еш айырмашылығы жоқ. Мұнда топта көп дегенде 12 бала болады. Олар балабақша ғимаратынан кетпей, спорттық секцияларға, үйірмелерге қатысады",- деді ол.

Баласын балабақшаға берген соғ Айгерім бірден жұмысқа шыққан. Қазір жанұя 18 мың теңге төлейді. Ал бұл балабақшаға стандартты төлем 35 мың теңгені құрайды.

"Қажеті- таңдаған балабақша директорымен орналастыру бойынша сөйлесу, балалардың, ата-ананың мекенжай анықтамасы мен бала денсаулығы картасын, сондай-ақ, 063 форма анықтамасын әкелу. Балабақшаның өзіне өтініш жазу. Ал төлем банк арқылы жасалады, бәрі анық",- деді Айгерім.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға жолдама білім басқармасымен беріледі. Ата-аналар жеке балабақша басшысымен шарт жасай алады, онда алынатын төлем мөлшері, тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаларды тізімінін мына жақтан көре аласыз. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста