Желідегі жарнамаларға сеніп арықтататын дәрі ішкен бойжеткеннің бауыры мен терісіне зақым келген
Айсұлу есімді бойжеткен биологиялық белсенді заттар ішем деп денсаулығына нұқсан келтірген.
Бойжеткеннің айтуынша, жарнамалық заттар алғашында жақсы әсер еткенімен, кейіннен зиянды жақтарын байқаған. Денесіне аллергия шығып, бауыры да ауырған.
“Бірнеше қорабын сатып алдым. Бетімді тазартып, арықтамақ ойым болды. Бастапқыда өзімді жақсы сезінгендей болдым. Бірақ кейіннен денеме аллергия шығып кетті. Дәрігерлерге қаралғанымда бауырыма да зақым келгенін айтты, – дейді зардап шегуші.
Дәрігерлер биологиялық белсенді заттардың дәрілік пайдасы жоқ екенін айтады.
“Олар дәрі емес. Тек қана ағзадағы минералдар мен дәрумендерді толықтыру үшін тамақпен бірге қолданылады”, – дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.
Дәрілік зат болмаған соң медициналық дәрілердің құрамы мен сапасын зерттейтін бірыңғай ұлттық сараптама орталығынының базасына тікелмейді.