Жеңгетайлар мен жезөкшелер есепке алыныпты

Жеңгетайлар мен жезөкшелер есепке алыныпты

Ішкі істер министрлігінің өткен аптада өткізген қылмыстық алдын алу іс-шарасы адам саудасына, тарқата айтқанда, түрлі тармаққа бағытталған заңсыз тән саудасы бизнесінің жолын кесуге арналды. «STOP-трафик» деп аталатын жедел-профилактикалық іс-шара республика көлеміндегі бірқатар қылмыстардың бетпердесін ашып тастады. Бұл туралы кеше Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Құқық қорғаушылар өткізген іс-шараның негізгі міндеті адам саудасы, жеңгетайлық, жезөкшелер тұрағын ұстау, жезөкшелікпен айналысу және осы мақсаттарда пайдалану үшін адамдарды ұрлау, зорлықпен мәжбүр ету фактілерін анықтау болды.

Жедел шара барысында полиция қызметкерлері адам саудасы, әсіресе кәмелетке толмағанды сату, ұрлау істерін анықтады. Қылмыскерлер адамдарды ұрлап және зорлықпен күш көрсету арқылы оларды лас жұмысқа салған. Шара нәтижесіне көз жіберсек, 41 жеңгетайлық пен жезөкшелер тұрағын ұстау фактілері анықталған. 60 жеңгетай мен 398 жезөкше анықталып, есепке қойылды. Кім екендерін анықтау мақсатында 140 адам қамалды. Олардың ішінде ақылы ашыналық қызмет көрсетумен айналысатын 31 кәмелетке толмаған жеткіншек бар болып шықты. Ал 58 азамат осы мақсатта ТМД аумағынан келген. Жергілікті жерлердегі құқық қорғау орындары анықтаған мұндай мысалдар жетіп-артылады. Мысалға, Батыс Қазақстан облысының ІІД мен Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері төрт адамнан құралған қылмыстық топты ұстаған. Олар Орал қаласының хауыздары мен қонақүйлерінде тән саудасына пайдалану мақсатында кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұрлаған болып шықты. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Көкшетау қаласында қолға түскен Астана қаласының тұрғыны да осындай бизнес арқылы оңай олжаға кенелмек болған. Астана қаласының хауыздарында пайдалану үшін ол Көкшетау қаласының тұрғыны 20 жастағы қызды ұрлаған. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде Ақмола облысының ІІД қызметкерлері Өзбекстан азаматын қолға түсірді. Ол  2008 жылы қараша айында Көкшетау қаласында  адам саудасын ұйымдастырып, кәмелетке толмаған жасты сатқаны үшін республикалық іздеуде жүрген болатын. Бұлардың арасында адам ұрлап, малайлыққа пайдалану оқиғасы да бар.  Мәселен, Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны 2009 жылғы маусым-тамыз айлары аралығында 32 жастағы жігіт ағасын заңсыз ұстап, жұмысқа салған.  Қылмыскер Щучье қаласында құрыққа ілінді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста