Жер учаскесін өз бетінше иеленуге жол берілмейді

Жер учаскесін өз бетінше иеленуге жол берілмейді

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жер саласындағы проблемалық мәселелерді шешу мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп «Жер учаскесін өз бетінше иеленуді жою және оны шешу жолдары» жобасын іске асыруға қатысты іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл жобаның мақсаты — жер учаскелеріне өз бетінше иелік ету деректерін әрі қарай болдырмау, оның алдын алу және әлеуметтік шиеленістерге жол бермеу арқылы оларды шешу жолдарын қарастыру. Қазіргі таңда мұндай деректер Шымкент қаласының «Азат», «Курсай», «Сайрам» және басқа да тұрғын үй алаптарында тіркелген, ол жерлерге азаматтар қандай да бір құқық беретін құжаттарсыз үй салған.
Жоба аясында облыс прокуратурасының өкімімен жұмысшы тобы құрылған. Бұл топқа прокуратура, жергілікті атқарушы және уәкілетті орган қызметкерлері және жергілікті полиция қызметі (жер инспекциясы басқармасы, жер қатынастары, сәулет және қала құры лысы бөлімі, қала және аудан әкімдіктері) енгізілген. Ісшаралар жоспарына сәйкес, барлық мемлекеттік және уәкілетті органдарға өз бетінше иелік ету деректерін болдырмау және тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде нақты міндеттер белгіленген. Соның ішінде мұндай деректерді уақ тылы анықтау және заңсыз құрылыс жүргізген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін, құрылыстарды бұзу жөнінде оларға шаралар қолдану көзделген. Жер учаскесіне өз бетінше иелік еткендерге Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің 136бабына сай, 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген. Жобаны таныстыру рәсімі соңында прокурорлар облыс тұрғындарына жер учаскелерін өз бетінше иелік етуге жол бермеуге, оны тек нысаналы мақсатына сай және құқық беретін құжаттар негізінде пайдалану қажет тігін түсіндірді. Жер учаскелерін пайдалану мәселесіне қатысты ұсыныстарды ОҚО және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында ашылған «Земля по закону» немесе «Жер заңды негізде» атты бөлікте қалдыруға болады.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық
прокуратурасының баспасөз қызметі 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста