Жезөкше деген кім?
Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі-зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп қылыпты. Иманы әлсіздерді зинақорлыққа азғырады екен. Осындай лас іспен айналысып, адамдардың қарғысын ала берген соң, екі өкшесі ойылып түсіп қалған. Өкшесінің орны уақыт өте келе мүйізденіп, қатаяды. Жұрт оны «жездіөкше», «жезөкше» деп атапты. Ел арасында жеңіл жолға түскен әйелді жезөкше деп атау осыдан қалған екен. Қазақта «ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі» деген мақал Ібіліске қарата айтылған көрінеді.
«Қазақ ырымдары» кітабынан үзінді
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу