Зоотерапиядан да зор пайда бар

Зоотерапиядан да зор пайда бар

Жан-жануарлардың көмегімен дерттен демде айығуға болатынын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Осы зоотерапияның ғылыми түрде тұжырымдалып, қолданылып жүргеніне көп бола қойған жоқ. Бұл ем түрі соңғы кезде, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі, ақыл-есі кем балалар үйінде қолданылып жүр. Жаппай болмаса да, кейбір өңірлерде  қозғалыс бар.
Былтыр Жамбыл облысындағы ішкі істер саласының мамандары кемтар бала­ларды атпен серуендетіп, сол арқылы ем­деу курсын ұсынған болатын. Сол сияқты Шымкенттегі «Мейірім» мүгедек балалар орталығында да атпен серуендету емі жүргізіледі. Атпен серуендеу, яғни ғылыми түрде иппотерапия деп аталатын ем түрінің өте пайдалы екенін ғалымдарымыз дәлел­деп отыр. Бұл ем түрі – тірек қозғалысы, прос­татит, ДЦП, склероз, артроз аурула­рынан айықтыруға септігі мол. Атқа мінген адамға минутына 100 шайқау импульсін береді екен. Сондай-ақ жылқы малының температурасы адамның дене қызуынан 1,5-2 градусқа жоғары болады. Сол себеп­ті де жылыту массажын жасай алады. Иппо­терапия өз күшіне сенімді арттырады, мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедек арба­сынан атқа мінгенде өзін еркін сезінеді. Бұл ем түрінің ешқандай да қарсы көрсетілімі жоқ. Дельфинотерапия шетелдердегі мүге­дек балалар үйінде кеңінен қолданылады. Мұндай ем түрі біздің елде мүлде жоқ, тіпті бұл туралы ақпарат та жоқтың қасы деуге болады. Дельфинотерапия – психотера­пияның бір тармағы. Бұл су жануарының көмегімен балалардың тұтықпа ауруын, ДЦП, энурез ауруларын емдеуге болады. Сондай-ақ оның көмегі­мен табиғи және техногендік апаттан жара­қат алғандар, бұ­рын­ғы қашқындар мен кепілге алынған­дардың арасынан сауығып кеткендер көп көрінеді.
Ал есігінің алдындағы итін емші деп ешкім де ойлай қоймас. Канистерапия деп аталатын бұл ем түрі көптеген аурулардың алдын алуға сеп болады екен. Егер ит жа­ра­ны жаласа, тез жазылып кететінін байқа­ған боларсыз. Өйткені иттің сілекейінде антисептик бар. Бір қызығы, әр иттің тұқы­мына байланысты олардың емге септігі де әртүрлі. Мәселен, лабродар, ретривер, шарпей ит тұқымдастары қан қысымын бірқалыпты ұстап тұруға, бас ауруынан айық­тыруға сеп болады екен. Тірек қозға­лысынан зардап шегетіндерге неміс овчар­касы мен алабай иті көп көмек береді. Ал қытай хохлатайы жан-жақты дәрігер болып саналады. Онымен ойнағанда, сипалағанда астманың тұншықпасы кетеді. Сондай-ақ аллергиядан, тері ауруларынан айықтыра­ды. Онкологиялық аурулардың алдын алатын да қасиеті бар көрінеді.
Атам қазақ мысықтың емшілігін бұрын­нан-ақ білген. Олар түрлі ауру мазалаған жерге жатып алып ем жүргізетінін көпшілік біледі. Марғау, мәселен, инсульт пен ин­фаркт алған адамдарға, Паркинсон мен Альцгеймер ауруына ұшырағандарға көмектесе алады. Таңғаларлығы, мысық­тың пырылдағаны да ем екен. Оны ғалым­дар ғылыми түрде дәлелдеген. Мысық пырылының дыбыс жиілігі 20-дан 50 герц­ке тең. Жараның тез жазылуына, сынған аяқ-қолдың тез бітуіне сеп болады. Ұзын жүнді персид, ангор, сібір мысықтары мық­ты невропатолог болып есептеледі. Олар депрессия, ұйқысыздықты емдеуге сеп. Тықыр жүнді сиам, сфинкс мысықтары бауыр, бүйрек, гастрит, колит ауруларына дауагер.
Үй жануарларының бәрі емші екен деп, жаппай асырай беруге де болмайды. Олардан жұғатын аурулар да қауіпті. Мысалы, мысықтан жұғатын токсоплазмоз ауруы әйелдердің аяғы ауыр кезінде жатырдағы нәрестенің өсіп-өнуіне орасан зор нұқсан келтіретін көрінеді. Мысықтан келетін кесірден бала ақыл-есінде ауытқуы бар болып туылуы ғажап емес. Бұл жұқпа­лы ауруды 1908 жылы француз ғалымдары зерттеп, алғаш ғылыми тұжы­рым­дама жасаған. Ал француз ғалымдары Никола мен Мансо, бразилиялық Сплендор да дәл осы мысықтан жұғатын ауруларды зерт­теуде көп тер төккен. Кейінірек, 1923 жылы чех ғалымы Янк бұл дерттің әйел құрса­ғын­дағы шарананы түрлі патология­лық ауруларға ұшырататынын, тіпті сәбидің өлі тууына себепші болатындығын анық­тапты. Еліміздегі Республикалық ветери­нариялық зертхананың бас маманы, пара­зи­тология ғылымының кандидаты Сәдібек Тоқпан мысықтан жұғатын осы және токсокара, токсоаскарид деген аурулардың да мысықтан, иттен жұғатынын айтады. Зерттеулерден белгілі болғанындай, ақыл-есі кем балалардың басым бөлігі дәл осы токсоплазмоз ауруымен сырқаттанатыны анықталған. Сондай-ақ мысықтан, иттен жұғатын аурулар еркектерді белсіздікке ұшыратса, әйелдерге бедеулік зардабын тарттырады екен. Сондықтан да далада қаңғып жүрген ит пен мысыққа да абай болған жөн. Ал ветеринар дәрігерлер жыл сайын үй жануарларына екпе жасатып тұруға кеңес береді.
Батырбек КЕНЖЕЕВ, ветеринарлық орталықтың дәрігері:
– Үй жануарларынан жұғатын аурулар аса қауіпті. Сол себептен де үнемі оларды егу керек. Көпқабатты үйде тұратындар ит пен мысығын үнемі шомылдырып, таза ұстаған күннің өзін­де де оларға шикі ет, шикі сүт берген жағдайда ауру мал етінен де жұғуы мүмкін. Сондай-ақ ауырып өлген ит пен мысықты дер кезінде тұрғын жайдан алыстатып, көмуді де ұмытпаған жөн.

Зоо-ем
Аквариум балықтарын қада­ға­лау – қан қысымын қалыпта ұстауға, канарейка депрессияға ұшырағандарға сеп. Тотықұс тұтық­паны емдейді. Ақ тышқан неврозбен ауыратындарға көмек­ші.

Үй жануарларынан жұғатын аурулар
Жылауық құрт көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солар­дың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісіне де абай болған жөн. Ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі. Асқазанға түскен құрттың ұрығы қорытылып, сыртқы қабығынан айырылып, ішекке түседі. Одан кейін қан тамырларына жайылып, бауыр, өкпе, миға ұялайды. Сол жерде өсіп-өнеді. Науқастың аздаған қызуы көтерілуі мүмкін, субфебрили­тет, қаназдық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, асқазан түбі ауырып, ауырлық сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік сезінеді. Жылауық құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста