"Зорлады" деп туған інісін айыптаған әйелдің былығы ашылды

"Зорлады" деп туған інісін айыптаған әйелдің былығы ашылды

Алматы облысының полицейлері зорланғаны туралы жалған ақпарат берген әйелді әшкереледі, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 419-бабы 2-бөлімі бойынша көрінеу жалған ақпарат жеткізу дерегі тіркелген. 48 жасар әйелдің зорланғаны жайында жазылған арызы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында оның ешқандай зорлық көрмегені анықталды.

 

Өткен жылдың тамыз айында 41 жасар туған інісі екеуінің арасында орын алған жанжалдан кейін, әйел кек алу мақсатында өз інісіне жала жапқан. Оның арызына сәйкес, ер адамға іздеу жарияланған.

 

Інісі өзіне іздеу жарияланғаны жайынынан бейхабар, өз үйінен 120 шақырым жерде шопан болып жұмыс істеген. Тұрып жатқан жерінде еш байланыстың болмауы, аталған азаматты жедел іздестіруде қиындық тудырды. Азамат табылғаннан кейін , өзінің әпкесінің арызы бойынша іздестірілгеніне таң қалды.

 

Тергеу барысында ол өзінің кінәсіздігін сенімді түрде дәлелдеді. Көрінеу жалған ақпарат берген күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Енді сот оған аталған қылмысы үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастыратын лайықты жаза шарасын анықтайды.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста