Жұмыссыз қалғандар алты айға дейін бұрынғы табысының 45% алады

Жұмыссыз қалғандар алты айға дейін бұрынғы табысының 45% алады

Жұмысынан шығып қалған азаматтар 6 айға дейін айлығының 45 процентін алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес есептеледі.

 

Әлеуметтік кодекске енгізілетін өзгерістер туралы талқылауда тағы қандай мәселелер айтылды?

 

Ай сайын айлықтан төленетін сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сәйкес жасалған жүйе. Енді оның мақсаты өзгереді, бірақ негізі сақталады. Жүйе әлеуметтік төлемге ғана бағытталмайды, азаматтарды формальді жұмыс істеуге ынталандыруды да көздейтін болады.

 

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

 

- Жүйеге қатысу уақыты мен әлеуметтік төлемдер арасындағы байланысты күшейту, үшіншіден әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту болмақ. Мысалы жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр.

 

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту, ауылды жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көбейту жайы қарастырылуда. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу де жоспарда бар. Бұл орайда Сенат төрағасы бірқатар ұсыныс білдірді.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

- Жұмыс істеймін деген мүгедектігі бар адамдар болса, оларды жұмысқа тұрғызуға біз көмектесуіміз керек. Олар өздерін өздері қамтамасыз етіп, адамдармен араласып, ортаға кіру үшін жұмысқа тұрулары өте маңызды. Егерде мүмкіндіктері болып жатса. Осындай адамдардың ішінде шығармашылықпен айналысамыз деген азаматтар да аз емес. Оларды қолдау да мақсатқа сай деп есептейміз.

 

Жоба аясында әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ. Бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімі 1 жарым жасқа дейін ұзартылып, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі сараланады. Оларға наградталған ана деген жаңа мәртебе берілмек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста