Журналист депутат фейк-ақпаратқа сенгенін мойындады
Мәжіліс депутаты, журналист Ермұрат Бапи өзінің фейк-ақпарат жариялағанын жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Адырна" порталына сілтеме жасап.
Бұдан алдын БҰҰ Бас ассамблеясы Ресей Федерациясын агрессор ел деп тану туралы резолюция ұсынды деген мәлімет тараған. Бұл туралы телеграм арналардың бірінде ақпарат жарияланған.
Соның жетегінде кеткен журналист-депутат өзінің Facebook парақшасында "Қазақстан Ресейді "агрессор" деп таныды" деген жазбасын қалдырды. Оның бұл хабарламасына көпшілік суреттің тақырыпқа сәйкес келмейтінін айтып, жалған ақпарат деп сынады.
Шамалы уақыттан соң Ермұрат Бапи ақпараттың фейк екенін мойындап, жазбаға түзету енгізді.
Оның айтуынша, аталмыш жазбадағы сурет Ресейдің Украинаға агрессия туралы айтқаны туралы ақпарат болып шыққан.