Мәселе
Сырттан сиыр тасығанша, асыл тұқымды мал басын көбейтпейміз бе?!
Асыл тұқымды мал өсіру әлемдік тәжірибеде өте қымбат тұратын, жоға­ры технологиялық жоба болып табылады. Жоғары тұқымды мал­дың эмбриондарын алып, жасанды жолмен жай тұқымды малға салып, одан асыл тұқымды мал алуға болады. Бұл эмбрион кемі 1000
Айдың Жерге жақындауынан қауіп бар ма?
Наурыздың 19-ы күні бір апта бұрын жиі айтылып, қызу талқыланған бірегей Толған Ай құбылысы байқалады. Ай Жерге 356 500 шақырымға жақындайды да, бізге бұрынғыдан 14%-ға үлкен, 30%-ға жарқын болып көрінеді.
Киіз үйдің қадірін ұмытып бара жатқан жоқпыз ба?
Бағзы заманнан көшпелі тіршілікте өмір сүрген қазақ халқына киіз үй өте қолайлы баспана еді. Ерте кездің ескі шежіресін жадына тоқыған қазыналы қарттарымыз оның 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін айтады.
Халық саулығы – ел байлығы
Мемлекеттің басты байлығы – адам. Азаматтардың денсаулығын жақсарту – елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуы­ның кепілдігі. Осы қа­ғи­даларды жүзеге асыру мақсатында Қазақ­стан Республикасы Пре­зи­дентiнiң 2010
Әскерге барсаң да, қалсаң да пара керек
Әскери қызметті өтеу – әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы. Сәуірдің 1-інен бастап, 18 бен 27 жас аралығындағы жастарды Қарулы күштер сапына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.
«Алла-аят» аяны жастарды улап барады
«Алла-аят» бірлес­тігі 2008 жылдың жел­тоқсан айында Алматы қаласы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен таратылып, Республика көлемінде әрекет етуіне тыйым салынған болатын.
Балабақшаларда ата-әжелер тәрбиесін неге пайдаланбаймыз?
«...Не сұрайды мына бала, Сұрағанын берсеңші! Енді мұның жылағанын, Естігенше өлсемші!» – деп Шәкәрім жырға қосқан өлең­нің қозғар тақырыбы әлі күн­ге маңызды.
Еуропаға енді атпен баратын шығармыз...
Cәуірдің 10-ынан бастап тексеруге іліккен 18 қазақстандық әуекомпанияның алтауына Еуропаға ұшуға тыйым салынды. Қара тізімге кірген әуекомпаниялар – «Кокшетауские авиалинии», «Атма», «Саят», «Berkut Air&r
Сақтансаң, мұз сүңгіден сақтан!
Күн сәл жылынса, көктем келді деп қуанамыз. Бірақ қылы­шын сүйретіп келген қыстың сүңгісін үй шатырлары­на іліп кететіні тағы бар.
Саябақтарды сақтайық!
Елімізде халықаралық «Саябақтар шеруі–2009» шарасы басталды. Мақсаты - ұлттық табиғат бақтарын қорғау, орман және аң шаруашылығының дамуына қолдау көрсету.
Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін
Балқаш көлінің жағдайы сын көтермейтін деңгейге жетті. Ол болашақта Арал теңізінің кебін киюі мүмкін. Кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов осындай пікір айтты.
Кеденші қыз-келіншектер мерекені жетістіктермен атап өтеді
Еңбектің ауыр-жеңіліне қарамастан, ортақ мақсат үшін бар қызметкері бір адамдай қимылдап, жұдырықтай жұмыла білетін ұжымдар бар.
Мұқағали мүшәйрасы өтті
Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі «Атамекен» ұйымы мен «Адырна» клубының ұйытқы болуымен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деген тақырыпта студент жастардың арасында Алматы қалалық жыр мүшәйрасы өткізілді.
Қайыңның да уайымы бар
Қайың – ағаштардың арасында адам сияқты қатерлі ісік ауруымен ауыратын жалғыз ағаш. Өкініштісі, ауруды жұқтырған қайың қайтып емделмейді екен. Аз уақыт ішінде қурап қалады. Бірақ Қызылжар өңірінде қайыңды ормандардың ортайып бара жатқанына ауруда
Сәби кемтарлығының сыры неде?
Соңғы әлетте жұрттың жағасын ұстатардай «құбыжық» сәбилердің дүниеге келуі жиі орын алатын болып жүр. Мамандар мұның басты себебі экологиялық ахуалдың нашарлауынан деп бағалауда.
Мектеп оқушылары қаруланып жатыр
Соңғы кезде ел ішінде қару ұстап жүретін адамдар саны күрт көбейіп кетті. Әрине, майданда жауға қарсы қолданатын кәдімгі сұп-суық қару емес, айтпағы­мыз — «Оса» деп аталатын оқпансыз, қорғанысқа бағытталған, адам денесіне жарақат
Еліміздегі сүр бойдақтар Қазақстан әскерінен екі есе көп
Еліміздегі № 1 демограф һәм санақшы Мақаш Тәтімовтің кәрі қыздар проблемасымен қатар, сүр бойдақтардың да тым көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қаққанына да біраз жылдың жүзі болды.
Мен қалай арбакеш болдым...
Базарға барсаңыз, зыр жүгіріп жүрген арбакештерді көресіз. Егер сіз бай болсаңыз, оларға мән бермей, қастарынан өте шығасыз. Ал егер «қазақ» деген аурумен ауырған шерменде болсаңыз, қаныңыз басыңызға шығып, жүрегіңізді ұстап өтесіз.
Ала сызық ана өмірге бастауы мүмкін
Өзге қалаларды қайдам, Шымкенттің көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан абайлап өтпесеңіз, өміріңізге қауіп төнуі ғажап емес.
Ағаш егудің де амалы бар
Егер шетелдік тәжірибеге сүйенсек, өзінің тік қалпынан 10-15 градусқа ауытқыған ағашты кесіп тастау керек. Ал сіз көше кезіп келе жатып мән беріп қарасаңыз, жол бойының екі жағын ала өскен ағаштардың бірінен-бірі өткен қисықтығын байқайсыз.