8 жасар павлодарлық жілік сындыру сайысында көпшілікті тәнті етті (видео)
Наурыз мерекесі биыл Павлодар өңірінің тұрғындарын ұлттық ойындардың ерекше түрлерімен таңғалдырды.
Ұйымдастырушылар «Қошқар көтеру», «Тымақ лақтыру» және «Жілік сындырудан» жарыс өткізіп, көпшіліктің назарын аударды. Қазақта жілік сындыру тойларда, қыстан қалған сүрден дәм татқызатын сыбағада, жалпы халық көп жиналатын жерлерде ойнатылады.
Наурыз мерекесінде жас талғамайтын ойын түрлеріне қатысып, бақ сынағандарды 8 жасар ойыншы тәнті етті. Қарулы жігіттердің шамасы келмей жатқан жілікті Рытпек Токанов бір ұрғаннан қақ бөлді.
Рытпек Токонов, жарыс жеңімпазы:
– Мен бокспен, каратэмен айналысамын. Жілік сындыруды әкемнен үйрендім. Жілікті бірінші соққыдан сындырдым.
Керкен Жұманов, жарыс жеңімпазы:
– Бұл күшпен алынбайды. Қазақта тықылын тауып алу керек деп жатады. Тықылын тауып алып, сосын соғу керек. Сол екі рет соқтым, үшіншісінде бұзып жібердім.