Әбдәлиев турнирінде Әшірәлиев үздік шықты
Шымкентте бокстан Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске түсіруге арналған халықаралық турнир болып өтті. Осымен 33-рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге жалпы саны 132 боксшы қатысты.
Оңтүстік өңіріміздің орталығында өткен дәстүрлі турнирге еліміздің бірнеше облысының боксшыларымен бірге Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Қырғызстаннан келген қонақтарымыз шаршы алаң көрігін қыздырды.
Сонымен, төрт күнге созылған турнир финалында мына боксшылар кездесті (жеңгендер бірінші жазылды):
49 келі
Жомарт Ержан (ОҚО) – Ғазиз Ордабаев (Алматы)
52 келі
В.Низомидинов (Өзбекстан) – Малик Байтілеуов (Ресей)
Тастемір Бибосынов (Алматы) үшінші орынға ие болды
56 келі
Дастан Әшірәлиев (ОҚО) – Самат Үйсінбай (Алматы)
60 келі
Абдухалил Балтиев (ОҚО) – Еркін Хасенов (Ақмола)
64 келі
Нұржан Жанкеев (Шымкент) – Ахмет Момбеков (Шымкент)
69 келі
Әсет Әлиев (ОҚО) – Олжас Сыздықов (ОҚО)
75 келі
Еркінбек Әбіров (Алматы) – Денис Рыбак (Тараз)
81 келі
Мұрат Құралбаев (Тараз) – Мұхамеджан Еркін (Шымкент)
91 келі
Жасур Курбанов (Тәжікстан) – Фарух Каримов (Өзбекстан)
Нұрлан Нұрсейітов пен Нұржан Алтаев (екеуі де – ОҚО) үшінші орынға ие болды
+91 келі
Мұрат Қаратаев (ОҚО) – Сохибжон Мамажонов (Өзбекстан)
Дастан Әшірәлиев (ОҚО, Қазығұрт) турнирдің ең үздік боксшысы болып танылды.