Абылайхан Жүсіпов: Үлгі тұтатын спортшым – Серік Сәпиев

Абылайхан Жүсіпов: Үлгі тұтатын спортшым – Серік Сәпиев

Қарағанды облысы Абай қаласы бокс мектебінен бұған дейін біз талай мықты былғары қолғап шеберлері шыққанын жақсы білеіз. Ұзаққа бармай, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында қарсыластарын қоғадай жапырған Серік Сәпиев осы кішкентай кеншілердің қаласынан шыққанын айтуға да болады. Серік сол «Тұманды альбионда» өткен төрт жылдықтың басты додасынан кейін қолғабын шегеге ілді. Бірақ, көп ұзамай бұл қалада Серіктің де орнын басатын боксшы шықты. Ол – Абылайхан Жүсіпов. Қазірдің өзінде Абылайханның еншісінде жастар арасындағы Олимпиада ойындары мен әлем чемпионы деген атағы бар. Талантты боксшы өткен жылдың соңында ересектер дуына да қосылды. Жай ғана қосылып қоймай, Ғалым Жарылғапов мемориалында бас жүлдені қоржынына салып, турнирдің үздік боксшысы атанды. Сол турнирден кейін Абай қаласының айбоз ұлы ұлттық құрамаға шақырту да алды.

Қарағанды төрінде өткен Ғалым Жарылғапов мемориалының бірде-бір жекпе-жегі мен үшін оңай болған жоқ. Әрбір кездесуге бар күшімді салып, білгенімді ортаға тастадым, - дейді Абылхан Жүсіпов өзінің ересектер арасындағы алғашқы турнирі туралы. 64 келі салмақта елімізде жоғары деңгейлі боксшылар көп. Бәсекелестік өте жоғары.
Финалдық жекпе-жекке бапкерлерің нақты бір нұсқау берді ме, әлде ол жекпе-жекті де әдеттегідей өткіздің бе?
Жекпе-жекке тоқталмас бұрын бапкерім туралы айтып кетсем. Мені бүгінде Абай қаласында бокс мектебінің негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райш Богдановичтің шәкірті, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Бауыржан Аманбаев жаттықтырып жүр. Бапкерім әрдайым жаттығуларда бір жаңалық енгізіп тұрады. Бұл боксшының өсуіне өте керек дүние. Жарылғапов турнирінің әрбір жекпе-жегіне әр-түрлі тапсырма қойды. Финалдық жекпе-жекте қорғаныста жақсы жұмыс істеу керек болды. Тапсырманы ойдағыдай орындап, турнирдің жеңімпазы атандым. Әрине, жеңісіме өте қуаныштымын. Себебі, бұл менің ересектер арасындағы бірінші турнирім ғой. Алдағы уақытта да жанкүйерлерді жарқын жеңісіммен қуантуға қолдан келгеннің барлығын жасаймын.
Жарылғапов мемориалынан кейін сені бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманың қатарына шақырды. Негізі, жастардың басым көпшілігі жастар құрамасынан ұлттық құрамаға өткенде көрсеткіштерін шамалы төмендетіп алады. Ұлттық құрама сапында да жоғары деңгейде өнер көрсете аласың ба?
Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма қуаныштымын. Бірақ, уақыттың алдына түсіп жүгіргім келмейді. Әліптің артын бағайық. Қазақстанның негізгі құрамасына бірінші рет ілігіп отырмын. Дегенмен де, қазіргі деңгейімнен түспейтініме сенімдімін.
Сенің қазіргі жетістіктеріңе қарап отырып кісі қуанады. Әрине, бұл атақтардың барлығы да оңай жолмен келмегенін білеміз. Тынбай тер төктің, алдыға мақсат қойдың дегендей. Осы үлкен жетістіктеріңе жету үшін біреу себепші де болған шығар. Сұрағым келгені, сенің спорттағы үлгі тұтар спортшың кім?
Үлкен спортта үлгі тұтар спортшым – Серік Сәпиев. Спортшы кезінде ол кісі де жеңілген. Бірақ, сол сәтсіздіктері қарамастан көп жаттығу жасады. Тегілген тер де өтелді. Әлем және Олимпиада ойындарын бағындырды. Кішкентай кезімде Серік ағамыздың өнерлерін жиі көретін едім. Сол кісінің жетістіктеріне қуандым. Жұдырықтасу мәнері қатты ұнайды. Сөйтіп біржола боксқа келдім. Алдағы уақытта мен де ол кісінің жетістіктерін қайталау үшін еңбектенемін.
Алдағы жоспарларыңмен бөлісе отырсаң ...
2015 жылы ересектер арасында бірнеше халықаралық турнирлер мен Қазақстан чемпионатына қатыссам деген ниетім бар. Егер, мүмкіндік болып жатса Олимпиада ойындарының жолдамасына таласып көремін. Қазіргі таңда мен Қарағанды Экономикалық университетінің бірінші курс студентімін. Осы сәтті пайдаланып, маған тегін оқуға грант бөліп берген біздің оқу орнының ректоры, профессор Ерқар Аймағамбетовке алғысымды айтқым келеді.
Ғалым Жарылғапов мемориалының ұйымдастырушылары туринрдің үздік боксшысы ретінде саған темір тұлпардың кілтін ұсыныпты ...
Иә. Турнирдің жабылу салтанатында көліктің кілтін алдым. Ұйымдастырушылардың бұл мәрттігі үшін алғысымды айтқым келеді. Бірақ, мен ол көлікті пайдаланып жүрген жоқ. Ата-анама бердім. Алдағы уақытта көлік жүргізу мектебіне барып, темір тұлпарды басқаруды үйренетін боламын.
Бүгінде сенің жастар арасындағы Олимпиада және әлем чемпионы деген атағың бар. Енді ересектер арасында да мұндай көрсетуге қауқарыңыз жетеді ме?
Әрине. Мен алдыма тек биік мақсаттар қоямын. Өз тарапынмен мен ересектер арасында да бұл атақтарды жеңіп, жанкүйерлерімді қуантуға тырысамын. Қалғаны Жаратушымыздың бір өзіне ғана аян. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста