Алакөлдің ала добы

Алакөлдің ала добы

Жыл сайын Алматы облысы Алакөл ауданының орталығы, яғни Үшарал қаласында футболдан дүбірлі жарыс өтіп тұрады. Оған бұғанасы қатпаған жас та, егде тартқан аяқдопшылар да қатыса алады.
Жергілікті меценат Бақыт Кә­рі­мов­тің демеушілігімен ұйым­дас­ты­ры­латын айтулы доп додасында бақ сынаушылар саны жылдан-жыл­ға артып келеді. Ең бастысы, ауылдың спорт­сүйер азаматтарына өздерінің ше­бер­ліктерін паш етуге тамаша мүмкіндік туып отыр.
– Осыдан біраз жыл бұрын «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы «10 адамға – 1 доп» деген бастама көтерген бо­латын. Ондағы идея салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және ел-елде, жер-жерде футболды дамыту еді. Бұл бас­таманы Evgei LTD және «Алакөл та­биғаты» компаниялары аудан көлемінде алғашқы болып қолдады. Нәтижесінде жергілікті жас­тарға 360 доп тарту еттік. Аяқдоп дода­ла­рын үздіксіз өткізіп келеміз. Дарынды жастарға көмек көрсетуден тартынған кезіміз жоқ, – дейді турнирді ұйым­дас­ты­ру­шылардың бірі Ардақ Мұрынбаев.
«Алакөлдің ала добы» атты турнирді ұйымдастырушылар 2008 жылы «Бұ­қа­ра­лық спортты дамыту және жергілікті жас­тар­ды салауатты өмір салтына ынта­лан­ды­ру» деген қағиданы ұстанды. 2009 жылғы доп додасы «Аудан жастары есірткіге қар­сы!» деген ұранмен өтті. 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орайластырылды. Ал биылғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналды. Жарыстың ұраны өзгеріп тұрғанымен, мәні мен ма­ңы­зы – сол күйінде. Жергілікті атқамінер азаматтар жастардың есірткі мен на­ша­қор­­лық дерті, арақ пен шылым секілді жат қылықтардан бойларын аулақ ұстап, салауаттылыққа мойын бұруларына мүд­де­лі.
Биылғы дода басында аудан спортының даңқын шығарған ардагерлер мен қазіргі кезде көпшілік көзіне түсіп жүрген жас өрен­дерге арнайы сыйлықтар табысталды. Ал осы турнирде бас жүлдені олжалаған команда (Үшарал жастарынан жасақталған ұжым) 15 плазмалық теледидарға ие бол­са, екінші орын иеленген Жайпақ аулының жігіттеріне – 15 шаңсорғыш, ал үшінші орын­­ды еншілеген Бескөл ауылы Шекара қызметінің сардарлары мен сарбаздарына 15 DVD табыс етілді. Ол аз десеңіз, әр шепте теңдессіз деп танылған және же­ке­леген аталымдар бойынша үздік шыққан ойыншыларға 30 ұялы телефон үлестірілді. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде осындай бағалы жүлделік қорымен республикалық деңгейдегі додалардың өздері мақтана алмайды.
– Біз – орта буын өкілдеріміз. Күні ке­ше өзіміз де жастық шақты басымыздан өт­кердік. Бұл заманның апай-топай кезі еді. Сол тұста көптеген жігіттер ақ жолдан ада­сып, жат қылықтарға бой алдырды. Оның ақыры орны толмас қайғыға әкеп соқ­тыратынына анық көз жеткіздік. Міне, енді өстік, есейдік. Оңымыз бен солымызды ажырата алатын жасқа келдік. Десек те, біз тек өзімізді ғана ойламауымыз керек. Ар­ты­мыздан ерген інілеріміз бен қарын­дас­тарымыздың болашағы үшін де жауап­ты екенімізді сезінеміз. Сол себепті жастардың салауаттылыққа бет бұруына мүдделіміз. Осыдан біраз жыл бұрын жергілікті кә­сіп­кер Бақыт Кәрімовтің басшылығымен аудан спортын дамыту мақсатында бір­қа­тар игі істер атқаруға бел шеше кірістік. Ауыл жастарының спортқа деген қызы­ғу­шылығы ерекше екенін байқағаннан кейін көптеген спорт түрлері бойынша жарыс­тар­ды дәстүрлі түрде өт­кі­зуді жөн деп ұйғардық. Басқасын айт­па­ған­да, бүгінгі «Алакөлдің ала добы» до­да­сы қысқа ғана мерзім аралығында көп­ші­ліктің тағат­сыз­дана күтетін бәсекесіне ай­нал­ды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл өңір­ден талай мықты ба­луандар мен бокс­шы­лар, жекпе-жек ше­берлері шықты. Енді ал­дағы уақытта біз­дің ауданның түлектері тең­біл доптың тең­дессіз шеберлері атанып жат­са, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді жа­рыс де­меу­шілерінің бірі Маралбек Меж­кенов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста