Әлемдегі ең күшті адам

Әлемдегі ең күшті адам

Күні кеше Алматыда дүркіреп өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Иранұлттық құрамасын федерация президенті әрі бас жаттықтырушы Хоссейн Резазадебастап келді. Жаһанға «Иран Геркулесі» деген лақап атпен танымал болған ол көпжылдардан бері планетаның ең күшті адамы саналып келеді. Бұған негіз де жоқемес. Осы кезге дейін аса ауыр салмақта Олимпиялық ойындардың екі дүркін,әлемнің төрт мәрте, Азия ойындарының екі рет чемпионы атанып үлгерген атлеттің 2000 жылы сонау Сиднейде қоссайыс бойынша жасаған, 4 жылдан кейін Афинадақайталаған 472,5 килолық әлем рекорды, міне, 14 жылдан бері әлі сол күйімызғымай тұр.
Хоссейн Резазаде екі бірдей Олимпиадада жеңіске жеткен ирандық біріншіспортшы. Қазір оның Ирандағы ең беделді адамдардың бірі екенін сөз етсек, осынауаты аңызға айналған адам туралы ештеңе де айтпағанымыз болып шығар еді. Ол –шын мәнінде нағыз ұлт қаһарманы. Халық мақтанышы. Елдің еңсесі. Тірі әулие. 2006жылы спортшының туып-өскен қаласы Ардебильде оның атын алған стадион бойкөтерді. «Резазаде стадионы» күні бүгінге дейін күллі Ирандағы ең таңдаулы спортареналарының бірі саналады. Ал Хоссейн мұндай құрмет пен дәрежеге тек спорттағығаламат жетістіктері арқылы ғана жетіп отырған жоқ. Алып адамның ел- жұртыалдындағы абыройының аспандай асқақ болуына, сонымен қатар, оның отанынкеремет сүйетін патриотшылдығы мен ислам дінінің шариғаты қағидаттарын берікұстанатыны да себепкер.
Біз елімізге осындай ордалы елдің озық оғланы келіп жатқанда, онымен арнайы кездесіп, бірер ауыз сөз пайымын тарқатуға ниетті болдық.

Хоссейн мырза, сіздің Австралия құрлығында өмірге келтірген әлемдікрекордыңызды содан бері өткен 14 жаһандық жарыс пен 3 Олимпиялықойындардағы сайыстар өзгерте алған жоқ. Бұл –сөзсіз өте зор мәртебе. Ал әлі күнгедейін төрткүл дүниені таң қалдырып келе жатқан сол толайым табыстарыңыздыңнегізі неде? Бұл табиғат берген толағай күштің толғауы ма, әлде жанкештіжаттығулардың жемісі ме?
– Әлбетте, табиғат-ана да мені осыған лайықты етіп жаратқан шығар. Бірақ барлық табыстардың тұтқасы тек ол болмаса керек. Құр қара күшпен адам алға қойған қандай да бір мақсатына қапысыз жете алмайды. Мен өзімнің барлық табыстарымның негізгі қайнар көзі патриотизмде жатыр деп есептеймін. Себебі, мен туған елімді, мені дүниеге әкелген халқымды ерекше жақсы көремін. Мен өзімнің қандай да бір жетістіктеріме парсы жұрты қолдауының арқасында жеттім. Егер мені халқым қолдамаса, халқым көтермесе, халқым тілекші болмаса, осы күнге дейінгі асқан асуларымның бірде-біріне қол жеткізе алмаған болар едім. Маған елімнің жасы үшке толған сәбиінен бастап тоқсаннан асқан қариясына дейін жан-тәндерімен жанкүйерлік етті. Мен де осыған орай әрбір сайыстың алдында осы жолғы жеңісім иран халқының хал-жағдайын жақсарта түсуге себеп болсын деп тіледім. Сосын мен зілтемірге әрбір беттеген сәтте құдіреті күшті Жаратушымыздың көмегіне сүйендім, Алладан медет сұрап, дұғамды қайырдым. Иншалла, соның басым көпшілігінде Жаратқан Иеміз менің сұрағанымды берді, тілегімді қабыл етті. Мен мұны дінімізге адалдығымнан болды деп білемін.
Мен қазір де иран халқына адалмын. Әрбір атқан таңымда бүгін туған халқыма қолымнан келетін жақсылығымды жасай алсам екен деген оймен оянамын. Өзіңіз де оқыған шығарсыз, 2000 жылы Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткенімнен кейін мені Иран мемлекетінің басшылығы елге жеке ұшақпен алдырды. Тегеранға келгенімнен кейін ақшалай сыйлық ретінде 100 мың АҚШ долларын ұсынды. Ал 2002 жылы елде «Чемпиондардың чемпионы» болып танылып, Иран президенті Мохаммад Хатамидің өз қолынан құрметті белгі алдым. Дәл осы тұста, Варшавада өткен әлем чемпионатындағы жеңісімнен кейін Болгария арқылы елге оралып келе жатқанымда, мені София әуежайында Наим Сулейманоглу күтіп алды. Ол маған сол жерде Түркия ауыр атлетика федерациясының ресми ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, мен түрік елі туы астында шығатын болсам, ай сайын 20 мың доллар көлемінде жалақы төленеді екен. Бұған қоса, Афинада Түркияға алтын медаль алып берсем, 10 миллион доллар сыйақы берілмекші. Бәлкім, менің орнымда басқа біреу болса, мынадай зор сый-сияпаттан басы айналып, келісім беріп те қояр ма еді, бірақ мен бірден бұдан үзілді-кесілді бас тарттым. Өйткені, мен үшін халқымның сенімінен шыққаннан, иран жұрты үшін қызмет еткеннен артық бақыт та, байлық та жоқ. Ал 2003 жылы Ванкуверде әлем чемпионатында рекорд жасағаныма орай Мемлекет басшысы Тегераннан үй сатып алуым үшін 600 миллион риал көлемінде, яғни 600 мың доллар шамасында сыйлық табыс етті. Өз елімнің тарту еткен осы сыйы мен үшін жұмақтың төріндегідей нәрсе. Тегінде, біздің ирандықтар арасында ота­нын сатып кететіндер жоқтың қасы. Біз сондай ортадан тәлім алып шыққанбыз.
– Мұндай ұсынысқа таң қалуға да болмайтын шығар. Сіздің Сиднейде қол жеткізгенжетістігіңіз кім-кімді болса да қатты қызықтырар еді. Аса ауыр салмақтағы біріншіорын өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері кешегі Кеңес Одағы мен оныңқұрамынан шыққан елдер атлеттерінің еншілі жүлдесі болып келді. Кенет аты-жөніжалпақ жаһанға жаңа таныла бастаса да, басты үміткер саналмаған 22 жасар жігіткелді де, бәрінің тас-талқанын шығарды. Бірден үш көрсеткіш бойынша да әлемніңрекордын жасап тастады…
– Ойыңызды түсіндім. Менің Сиднейде жарқ етіп көрінуім былайғы жұрттың көбіне таңғаларлық нәрсе болып көрінуі әбден мүмкін. Шыны керек, содан бар-жоғы екі жыл ғана бұрын менен көп адам үміт күтіп еді деп айта алмаймын. Мен 1998 жылдың мамыр айында Болгарияның астанасы София қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жаһан жұрты назарына бірінші рет іліктім. Бұл жерде «іліктім» деуімнің өзі де артықтау сөз. Ақиқатында жұлқа көтеруде 170 киломен тоқталдым да, серпе көтеруде үш талпынысымда да тұғырға қойған салмағымды ала алмадым. Шамасы, алдын ала «жанып» кетсем керек. Бір жағы, осы «жанып кетуімнің» кейін пайдасы да тиді. Өзімді өзім осыдан бастап қатты қайрадым. Жаттығуға да айрықша көңіл бөле бастадым. Айтпағым, 1999 жылы Афинада өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алдыма тек орыс Андрей Чемеркин мен катарлық Сайд Салем Джаберді (бұрын ол болгар Яни Марчоков болатын) екеуін ғана жіберіп, жеңімпаздар тұғырының үшінші сатысынан орын тептім. Айтқандай, бұл ресейлік зілтеміршінің мұндай сайыстардағы ең соңғы жеңісі болды. Содан кейін оған бұл тізгінді ұстата қойған жоқпыз. Грек астанасында сонымен қатар, өзімнің бірінші әлемдік рекордыма қол жеткіздім. Жұлқа көтеруде 206 килоны алып, содан бір жыл бұрынғы көрсеткішімнен 36 кило ілгері кеттім.
Дегенмен, өзіңіз айтқандай, Сиднейге келгенімде мені ешкім бас жүлде үшін таласады деп ойлаған жоқ. Ал қарсыластарым өте мықты еді. Мен алдымен 210 килоны ала алмадым. Неміс Ронни Веллер оны тік тұрып әкетті. Сөйтіп, соның алдында армян Ашот Даниэлян жасаған 207,5 килолық рекордты бұзды. Енді жалғыз талпынысы қалған маған 212,5 килоға тапсырыс бергеннен басқа амал қалмады. Абырой болғанда, оны жап-жақсы еңсеріп кеттім. Осыдан кейін ғана бәсекелестерім менімен санаса бастады. Бәрін әдеттегідей серпе көтерудің қорытындысы шешті. Оны бас жүлдеден үмітті төрт атлет түгел 250 килодан бастады. Екінші талпыныста мен 255 килоны төбеме тік ұстадым. Осылайша қоссайыста 467,5 кило салмақпен әлем рекордына өзгеріс енгіздім. Бұл Ронни Веллердің бұрынғы көрсеткішінен 2,5 кило артық еді. Сол кезде Веллердің өзі ышқынып кетіп, 257,5 килоны аспанға атты. Менімен теңесті. Бірақ жеке салмағы менен жеңілдеу болғандықтан, бас жүлде соның қанжығасында кететін еді. Бұл мені қанағаттандырмады. Сондықтан тұғырға 260 килоны қойғыздым да, демімді ішіме тартып тұрып, серпіп қалдым. Бұл менің қоссайыста 472,5 кило салмақпен жаңа әлем рекордын жаңартуыма мүмкіндік берді.
– Иран ауыр атлеттері Сиднейге дейін Олимпиаданың алтын медалін соңғы рет 1968 жылы жеңіп алған екен. Оның өзіне жеңіл салмақта қол жетіпті. Ал Афинада тағы тұғыр биігінен көрініп қана қойған жоқсыз, Сиднейдегі өз жетістігіңізді сол қалпында қайталадыңыз. Соның арасында тағы бір рекорд жасап үлгердіңіз. Бірақ ол сіздің спортшылық мансабыңыздағы соңғы Олимпиада болды ғой.
– Ашығын айтқанда, грек астанасында менің алдыма қалай да рекорд жасау міндеті қойылған жоқ. Ең бастысы, бас жүлдеден айырылып қалмау болды. Қалғанын тартыстың барысына қарай көру керектігі ұсынылды. Ал сіз айтып отырған рекордты мен серпе көтеруде жасадым. Жұлқа көтеруде 210 киломен тоқтадым. Ал серпе көтеруде 263,5 килоны алмасам да, чемпион болып тұр едім. Сонда да болса, соңғы талпынысымда осыған тәуекел еттім. Бір жағы, өзімнің Сиднейдегі көрсеткішімнен төмендегім келмеді. Нәтижесінде мұнда да 472,5 кило салмақ жинадым. Осы арқылы өзімнен кейінгі екінші орынға шыққан латвиялық Виктор Щербатыхтан 17,5 кило алға кетіп қалдым. Бұдан кейін өзім қатысқан екі әлем чемпионатында да аса бір тартыс болған жоқ. Сондықтан 2005 жылы Дохада да, 2006 жылы Сан-Домингода да соншалықты бір көп күш салмай-ақ бірінші орынға шықтым. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында да солай болды.
Ал 2007 жылы автомобиль апатына ұшырап, жарақат алып қалуыма байланысты әлем чемпионатына қатысқан жоқпын. Осыдан кейін 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиялық ойындарға бар күш-жігерімді салып, үшінші мәрте биік тұғырға көтерілмекші болып жүр едім. Бірақ адамның дегені емес, Алланың дегені болады екен. Ойындар жақын қалғанда, дәрігерлер денсаулық жағдайыма байланысты белсенді іс-қимылдан, ауыр нәрсе көтеруден үзілді-кесілді бас тартуды ұсынды. Нақтысы, дәрігерім әрі бапкерлерімнің бірі Мохаммад Али Шахи менің алдағы Олимпиадаға бармауымды қалады. Оған менің қолымның жағдайы мен қан қысымымның жоғары болып тұруы ұнаған жоқ. Ақырында менің осы уәжге ұюыма тура келді. Мұның ақыры спортшылық мансапты да аяқтауға апарып соққызды. Сол 2008 жылы мен құраманың менеджері және жетекші жаттықтырушысы болып тағайындалдым.
Осы жерде тағы бір нәрсені айта кетейін, менің 2000 және 2004 жылдары жасаған әлемдік рекордтарым сол қалпында қалғанымен, арасында ішінара өзгеріске ұшырап кеткендері де бар. Дәлірегі, 2011 жылы менің жұлқа көтерудегі үздік көрсеткішім жаңартылды. Мұны шекті белдеуді 0,5 килоға арттырып, 214 килоны көтерген өзімнің шәкіртім Бехдад Салимикордасиаби Парижде өткен әлем біріншілігінде жасады. Қалған екі көрсеткіш, соның бастысы – қоссайыс нәтижесі баяғы қалпы тұр. Біздің тағы бір түлегіміз – Сайед Али Хоссейни есімді жас перен 2009 жылы жарқылдап көрініп еді. Ол серпе көтеру жаттығулары кезінде тіпті 270 килоға дейін тартып жүрді. Бірақ ол сол тұста допинг дауына ілігіп қалды да, кейін сол шырғалаңнан шығып кете алмады. Алтын уақытының көбі тексерілумен кетті де, ақыр соңында спорттық бабын жоғалтып алды. Шынын айтқанда, оны біз менің нағыз ізбасарым болады деп тәрбиелеп жүргенбіз.
– Енді «Иран Геркулесінің» өмірбаяны қалай басталғанын, спортқа қашан келгенін білгіміз келіп отыр. Біздің білуімізше, сіз ауыр атлетикаға кештеу келген сияқтысыз.
– Солай десе де болады. Мен Иранның Ардебиль деген қаласында 1978 жылғы 12 мамырда дүниеге келдім. Отбасында жеті баланың үшіншісі болып өстім. Ауыр атлетика залының есігінен жасым 15-ке келгенде, 1993 жылы бірінші рет қараппын. Бұған қатар жүрген достарымның күшімді байқап, жетелеуімен бардым. Барған бойда темір-терсек ойыны қызықтырып әкетті десем, өтірік айтқан болып шығамын. Бірақ барлық парсылар секілді намыстан жарылып кететіндей мінезім бар. Сол мені қатарларымнан қалмауға сүйреледі. Оның ақыры зілтемірді тасқаяқтай қақтыруға үйренуге жетеледі. Сөйтіп жүріп нағыз штангашы болып кеткенімді аңғармай қалыппын. Соның арқасында екі жылдан кейін, 1995 жылы Иранның жасөспірімдер құрамасы сапына шақырылдым. Ондағы алғашқы қадамымды жоғарыда айттым. Шындығына келгенде, мені нағыз күреске тәрбиелеген осы алғашқы халықаралық жарыстарым болды.
Айтқандай, егер ауыр атлетика болмағанда, менің балуан болып кетуім де ғажап емес еді. Иран ең алдымен күресті қатты құрметтейтін ел. Мен де бос уақыттарымда еліміздің боз кілем шеберлерінің белдесулерін тамашалағанды жақсы көремін. Бұдан бөлек, бүкіл елдегі еркектер секілді мен де футбол десе, ішкен асымды жерге қоямын.
– Біз сіздің 2003 жылы Меккеге барып, үйленіп қайтқаныңызды білеміз. Балаларыңыздың арасында жолыңызды қуғандары бар ма?
– Біз отау құрғанда некемізді Меккеге барып қиғанымыз рас. Рәсім сондағы «Бейт әл-Харам» мешітінде жасалды. Оған Иранның рухани лидері аятолла Али Хаменеидің өкілдері, туған-туыстарым қатысты. Барлық іс-шараны мұсылман дәстүріне сай жасадық. Шүкір, қазір отбасымда екі ұл, бір қыз бала өсіп келеді. Ұлдарымның екеуі де қазір ауыр атлетикамен шұғылданып жүр. Әзірге жас. Болашақ менің жолымды қуғылары келеді. Ал қызым басқа кәсіпті таңдайды. Өзіңізге де белгілі шығар, Иран елі ислам мемлекеті болғандықтан, әйелдердің ауыр атлетикамен айналысуын қолдай қоймайды. Мұсылман әйелдеріне қазіргі зілтеміршілер киіп жүрген киімдерді кию­ге болмайды. Менің де ойым сондай.
– Хоссейн мырза, сіздің Қазақстан құрама командасы туралы пікіріңіз қандай? Оның Алматы төріндегі табысы сізді өзіне тарта ала ма?
– Мен Қазақстан құрамасының әлемдегі күшті командалардың бірі екенін сонау 2009 жылы-ақ айтып қойғанмын. Содан бері елдеріңіздің бас жасағы сапындағы қаншама атлет Олимпиялық ойындар мен әлем біріншіліктерінде, құрлық сайыстарында топ жарды. Және бұлардың бәрін белгілі бір спортшылар жасап жүрген жоқ. Сіздерде бұл тұрғыда өте жақсы резерв бар. Кез келген жарысқа команда сапын алмастырып жіберіп тұрудың мүмкіндігі бар. Бұл, әрине, өте жақсы. Команданың өсіп келе жатқан жаңа буын толқыны бар екенін Алматы аренасында тағы бір байқадық. Бұрын атын естімеген чемпионның шығуы соның белгісі болса керек.
Біз Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Алексей Нимен көптен бері жақсы қарым-қатынаста келеміз. Соның арқасында екі ел командаларының бірлескен оқу-жаттығуларын да бірнеше рет бірге өткіздік. Алматы баурайына бұдан бұрын да талай келгенбіз. Маған елдеріңіздің бас командасындағы ахуал қатты ұнайды. Құрамада ауыз толтырып айтатындай нағыз ерлер жеткілікті. Соның ішінде Илья Ильиннің жөні мүлдем бөлек. Ол ерекше жаратылған жан. Ильин – нағыз құбылыс. Ол осы кезге дейін өзінің бірде-бір сайысында бір рет жеңіліп көрмеген өте санаулы ауыр атлеттердің бірі. Шамасы, соңғы ғасырда мұндай биікті ұстап тұрған Илья екеуміз ғана болсақ керек. Ол 2005 жылдан бері қарай үш салмақ категориясында өнер көрсетіп көріпті. Соның бірде-бірінде маңдайы тасқа тимеген. Оның осы жолы жаңа салмақ дәрежесінде бірінші рет күш сынасқанын да тамашаладық. Мұнда да ол баяғыдан бері осы салмақта жүргендей әдемі әсер қалдырды. Мен Илья секілді атлеттер өмірге сирек келеді деп есептеймін. Ол – зілтемірші болып туған адам. Осы бір ғана Ильяның арқасында Қазақстанда қаншама жаңа ауыр атлеттер пайда болды. Осындай саңлақтары бар Қазақстан, сөз жоқ, ауыр атлетика державасы. Бұл туды оның әлі де көкке өрлете беретініне сенгім келеді.

egemen.kz
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста