Әлемнің үздік дзюдошылары анықталды

Әлемнің үздік дзюдошылары анықталды

Халықаралық дзюдо федерациясы 2014 жылғы әлемнің ең үздік дзюдошыларын анықтады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Халықаралық дзюдо федерациясы өзінің ресми сайтында арнайы сауалнама ұйымдастырып, әлемнің ең үздік ер және әйел дзюдошысын, үздік құрама команданы, үздік турнирді және болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшыны анықтады.
Дауыс берудің қорытындысы бойынша, қыз-келіншектер арасындағы 2014 жылғы әлемнің ең үздік дзюдошысы атағы 63 келіге дейінгі салмақта белдесетін израильдік Иордан Гербиге бұйырды. Изральдің бес дүркін чемпионы, 2013 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазын жанкүйерлер бірауыздан өткен жылдың ең мықты дзюдошысы деп таныпты.
Екінші орында моңғолиялық ару, 48 келі салмақта 2013 жылы Рио-де-Жанейрода өткен әлем біріншілігінің чемпионы атанған Мунхбатын Уранцэцэгке бұйырды. Ол өткен жылы Ұлан-Батырда өткен әлемдік әлемдік гран-при додасының жеңімпазы.
Қыз-келіншектер арасында 2014 жылғы үздік дзюдошылардың үштігін 2013 және 2014 жылғы әлем жеңімпазы, 2014 жылғы «Қартамыс құрлықтың» чемпионы, 52 келі салмақта белдесетін сербиялық Мейлинда Келменди түйіндеп тұр.
Ерлер арасында грузиялық Варлам Липартелиани 2014 жылдың үздік дзюдошысы атанды. Екінші орында 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлемнің 8 дүркін, Еуропаның 4 дүркін чемпионы, франциялық Тедди Ринер орналасса, үшінші орынға венгриялық Кристиан Тот жайғасыпты.
Халықаралық дзюдо федерациясы таратқан мәлімет бойынша, дзюдодан Грузияның ерлер құрамасы 2014 жылдың үздік командасы атағын жеңіп алған. Бұл номинацияда Франция мен Моңғолия әйелдер құрамасы екінші және үшінші орынға жайғасқан.
Болашағынан зор үміт күттіреді деген балуандардың тізіміне Амандин Бушар, Кристиан Тот және Ами Кондо іліксе, Францияның бас шаһары – Парижде өткен дзюдодан әлемдік гран-при додасы өткен жылдың ең үздік турнирі атағын жеңіп алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста