Ауыл мектебіндегі спорттың жағдайы

Ауыл мектебіндегі спорттың жағдайы

Қазақтың көптеген ауылдарындағы спорт орталығы – сөз жоқ, оқушылар мектебіндегі спортзал, деп жазады "Алаш айнасы".
Рас, мәдени орталықтарда да, ауызекі тілмен айтқанда, ауылдағы клубта да спортзал деген болады. Бірақ олардың бәрі бірдей жұмыс істемейді, әлбетте. Онда әртүрлі деңгейдегі жарыстар өтуі мүмкін немесе көркін бұзбай сақталып тұрғаны да маңызды болуы ықтимал. Ал мектептегі спортзал оқу жылы бойы толассыз жұмыс істейді. Тіпті таңертеңнен кешке дейін есігі жабылмайтын спортзалдар болады.
Ал осы спортзалдардың жағдайы қалай? Толық жабдықталған ба? Футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын доптар бар ма? Жуынатын және шешінетін бөлмелері бар ма? Күннің суығында мектептердегі спортзалдарда тыным болмайтыны анық. Бірінен соң бірі дене шынықтыру сабағы өтеді. Яғни шаңы аспанға шығып жатуы мүмкін. Желдетіліп, ауасы тазартылып отыра ма?
Мұның бәрі – ауыл мектептеріндегі спортзалға тән проблемалар. Бәріміз де ауылдан шықтық. Мысалы, өзім білім алған мектептің спортзалына күнің суығында ғана кіретінбіз. Шешініп, киім ауыстыратын бөлме бар. Ал жуынатын бөлме атымен жоқ еді. Бар... Бірақ үнемі жабық тұратын. Себезгілері жұмыс жасамайтын. Дене тәрбиесі мұғалімі бірнеше рет ауысты.
Біреуі жеңілатлет еді. Жеңіл атлетика түрлеріне, атап айтқанда, ұзындықа секіру мен қысқа қашықтықтырға жүгіруге біраз баулыды. Қалғанын үйретуге мүмкіндік жоқ. Мүмкіндік емес-ау, тиісті жабдықтар жоқ. Мысалы, биіктікке секіру мен сырықпен секіруді қалай үйретсін, мектепте ондай жабдықтар жоқ. Спортзалдың ішіндегі әр түрлі доптар және басқа да спорттық керек-жарақтар тұратын аядай бөлмеде ядро мен диск жататын шашылып. Бірақ ядро серпіген де жоқпыз, диск лақтырған да емеспіз. Себебі оларды лақтыратын арнайы қоршалған орын жоқ. Мұғалімдердің әлгі спорттық снарядтарды қолымызға бермегендері де дұрыс болған сияқты. Әйтпесе әлгілерді далаға алып шығып, лақтырар болсақ, кішігірім ауылдағы біреулердің бастарына түсуі де әбден мүмкін ғой. Найзаны (спорттық снаряд) мүлде көрген емеспіз.
Енді бір ұстазымыз аздап волейбол ойынының қыр-сырын үйретті. Қалғандары допты ортаға тастап, ысқырып қалатын. Ал біз 45 минут бойы армансыз доп қуып, қара терге малшынатынбыз. Бір жылдары тіпті алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі дене тәрбиесінен сабақ берген-ді. Көктем сайын ГТО нормативтерін тапсырған болатынбыз...
Күн жылыған соң спортзалды ұмытып, шаңы аспанға шығып жатқан футбол алаңына ойысамыз. 45 минут бойы футбол ойнаймыз, кейде жүгіреміз. Содан соң тер-тер күйімізде келесі сабаққа барамыз. Жоғарыдағы жазғанымды қайта оқыңыз – Жуынатын бөлме жұмыс істемейді! Ал самай мен маңдайдан сорғалап аққан терге сайын даланың шаң-тозаңы жабысып қалатындығы, айтпаса да түсінікті болар.
Он жыл мектеп қабырғасында қысқы спорт түрлерінің бірде-біреуімен танысып, ойнап көрмеппіз. Тек үйдің маңайында хоккей ойнап, аракідік шаңғы тепкеніміз болмаса. Хоккейдің өзін мұз үстіне емес, тапталып қалған қардың үстіне ойнайтынбыз. Кім бізге мұзайдын құйып берсін, ауылда? Хоккей таяқшасын шегемен қағып, қолдан жасап алатынбыз.
Сонда да, дене тәрбиесі сабағын сағынып қалатынбыз. Дене тәрбиесі сабағына жүгіре басып баратынбыз. Спортзалдың ішінде қуанып, босаңсып, мәре-сәре болып қалушы едік. Бізге салса, аптасына екі рет емес, күнде келер едік-ау.
Бұл – біздің бала кезіміздегі ауыл мектебінің спортзалындағы жалпы жағдай мен дене тәрбиесі сабағының сиқы. Ал қазір қандай? Бәлкім, қағаз жүзінде бәрі де жақсы шығар. Стастикалық мәліметерін таңдайымыз тақылдап, сыпыра айтып шықсақ, бәрі де ойдағыдай болуы ғажап емес. Десек те, іс жүзінде қандай екендігін кім біледі. Қадағалап, тексеріп отырған адамдар бар ма?
КСРО тұсында спортшыларымыздың көбісі ауылдан шығып еді. Қазақтан шыққан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің басым көпшілігі ауылдың қарадомалақтары-тын. Ал қазір ондайлар некен-саяқ. «Соған қарағанда, ауыл спортының жағдайы бұрынғыдан жақсы емес пе, қалай» деген ойға да шомасың.
Сондықтан әрбір ауылға қолында дипломы бар дене тәрбиесі ұстазын жіберіп, әрбір ауылда бір спорт үйірмесін (секциясын) ашса, шіркін. Әйтпесе, аптасына екі рет өтетін 45 минуттық дене тәрбиесі сабағынан ауыл баласының құмары қанбайды, қанбайды...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста