Ауыр көтерген алыптар

Ауыр көтерген алыптар

Ежелде ат құлағында ойнаған батыр бабаларымыздың күші орасан зор болғаны тарихтан белгілі Толағайдың тау көтерген хикаясы ұрпақтан-ұрпаққа аңыз күйінде жетсе де, алыптардың елден ерек күш-қуаты жайлы нақты мысалдар өмірде жеткілікті. Қазіргі қазақ балуандарының «күш атасын танымас» деген ұстаныммен қауқарын танытатын «Қазақстан барысы» V республикалық турнирінің қарсаңында ауыр көтерген алыптардың қысқаша өмірдерегін ұсынамыз.

Тайлақ

 

Мұндай ауыр тасты көтеру бұрын-соңды қазақ тарихында болған емес. Жау түсіріп ту алған бұрынғы жаугершілік заманда бұл жағдай таңсық болмаса да, бүгінгі күні өте таңқаларлық нәрсе! Сенсациялық хабар деп айтуға тұрарлық. «Барақтың қазақ əйелінен туатын Бостанның ұлы Тайлақ палуан көтеріп əкеліп орнатты дейтін маматас Күршім өзенінің оң жағалауында «Қызылтас» деген Барақтың ескі жұртында жетпісінші жылдарға дейін тұрды. Аққұрыш тастан ойып алынған меңгір Енисей алқабының көне балбалдарына ұқсас, салмағы үш тоннадан артық еді, кейіннен тракторының күшін сынаған біреу құлатыпты дегенді естиміз». Бұл дерек – белгілі оқымысты Сәбетқазы Ақатайдың «Найман хандығы» атты кітабынан алынды. Т. Қайырбаевтың этнографиялық дерегіне қарағанда, Барақтың дулығасының ішкі шеңбері 13 сүйем екен. Бұл Барақтың алып денелі адам болғандығын аңғартады. Осы батыр бабадан туған немеренің алып болмасқа, 3 тонналық тасты көтермеске қақы жоқтай. Көкжал Барақ өмірін зерттеуші қарт журналист Советхан Қалиғожин Тайлақ баба көтерген ауыр тас қазіргі кезде Теректібұлақ ауылының жоғарғы жағындағы «Қызылтас» деген жерде әлі жатқанын айтты. Өкініштісі, бұған дейін шығарған кітаптарында сол тасты түсіріп, жарияламапты. Ал беріліп отырған суреттің мәтінге еш қатысы жоқ.

Малмақ

 

Жау қоршауында қалып, бас бармағын шауып елге тапсырған Шынқожа батырдың ұрпағы Малмақ балуан да оңай-оспақ болмаған. Ол көтерген тастың салмағы 5 центнерге (500 кг) жуық. Тас қазір Шығыс Қазақстан облысы Мақаншының Соқыртұма деген жерінде тұр. Боранқұл «Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабында Дондағұл есімді сұрапыл күштің иесі туралы айтылады. «Дондағұл Семейдегі бір байпатшаның (көпестің) биіктігі алты метрлік қорғанынан бір месте шайды асыра лақтырыпты» делінген онда. Сондағы Дондағұлдың прототипі Боранқұл балуан (Боранқұл Сәдіров) екенін ғалым Қайым Мұхаметханов ұлы жазушының өз аузынан естіген. Енді халық ақыны, шежіре қарт Қалихан Алтынбаевтың жазбаларына назар аударайық. Ол кісі алдымен месте сөзіне мән беріп, оның қайдан келгенін анықтайды. «Месте – орыстың «место» деген сөзінен бұрмаланған. Былғары буманың ішіне 253 кесек тас шай салынады. Сыртындағы бумасын қоса есептегенде месте шайдың салмағы тура 100 килограмм. Шай «Ресей империясының құрметті азаматы» атағын алған, бірінші гильдиялы (дәреже) Шерияздан Мусин атты ноғай көпесінің қорғанынан лақтырылыпты», – дейді.

Бұланбай

Бұланбайдың отызға тақаған шағында елге салық жинауға шыққан қытай шенеуніктерімен алысып, сотталыпты. Бұл туралы ел аузында қалған ескілікті әңгіме мынадай. Бір күні Қытай императоры зәулім сарайдың алдындағы арыстанның тас мүсінін көтерген адамның тілегін орындаймын деп жар салыпты. Күшін сынауға келгендер мүсінді орнынан қозғалата алмапты да. Сонда бір уәзір: «Бұл тасты түрмеде жатқан қазақтың балуаны көтеруі мүмкін», – дейді. Императордың бұйрығымен Бұланбайды арыстанға алып келеді. Ол: «Маған бір ай мұрсат етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан кейін екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып байласаңыздар, мен тасты көтеремін», – деп жауап қайтарыпты. Бұланбайдың тілегі орындалды. Дүйім елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті. Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.

Балуан Шолақ

 

Балуан Шолақтың: Бұл күнде жиырмада менің жасым, Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын. Кешегі сентябрьдің базарында Көтердім елу бір пұт гірдің тасын, – деген өлеңін білеміз. 51 пұтыңыз – 816 келі! Осы салмақты 2000 жылы 22 наурызда Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өткізілген түйе балуандардың Республикалық чемпионатында белтемірге жинақтап, көтерген адамға автокөлік сыйға қойылған. Бірақ, қойылған салмақты бір де бір адам орнынан көтере алмаған. Осы жүлде әлі өз иесін күтуде. Ал зерттеушілердің дерегі бойынша, кейінірек балуан бұл адамзаттық рекордын тағы да өзгертіпті. Ол – 1 тонна 70 келі (67 пұт) тартатын тасты көтеріп, әудем жерге апарып қойған екен. Фотосуретте сол тарихи тас бейнеленген.

Өтеп

 

Жауырыны жерге тимеген Өтеп палуан сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің нарқасқасы болған адам екен. Оның аты көзі тірісінде-ақ аңызға айналған. Әуелде қара күшімен, белдесіп күресудегі шеберлігімен танылды. Қасына қилы өнер дарыған талантты жастарды жинап Алатаудың ар жағы қырғыз бен бер жағы қазақ елінде ауыл аралас, қойы қоралас сайран құрыпты. Егіндік суды қырғыз-қазақ бірге пайдаланған. Әр уақыт қырғыздар суды өздері жаққа бұрып әкете бергендіктен, Өтеп балуан бір тоннаға жуық келетін тау тасын жарты шақырымдай жерге домалатып әкеліп қырғыздарға бөлінетін жағына тастап суды бөгеп қояды. Бар қырғыз жабылып тасты ала алмай, Өтеп балуанға «сусыз қалдық, енді суға тиіспейміз, екі жаққа теңдей бөліп беріңіз» деп жалынады. Сонда Өтеп балуан тасты қозғап екі жаққа да теңдей, ағатын етіп бөліп береді. Өтеп көтерген тас үшке бөлініп қалған екен. Т. Нұрмұратұлының жазғанындай, М. Ахметов ақсақалдың баяндауынша, үш бөліктің үлкендеу бір бөлігінің өзі екі жүз келідей тартқан. Ауыр тасты Қаштай ақсақалдың көрсетуімен төрт жігіт жабылып, трактор тіркемесіне салып, үйдің жанына әкеліп түссіріпті. Сол тастың бір бөлігі осы суретте.

Қажымұқан

 


Павлодар облысы Баянауыл ауданы орталығындағы Қаныш Сәтбаев мұражайының алдында салмағы 1 тонна мөлшерінде таудың сұрғылт тасы тұр. Жұрт оны «Қажымұқан тасы» деп атап, атақты балуанның Баян өңіріндегі ескерткіші ретінде қадірлейді. Қажекең бұл тасты досы Субек ұста Қуанышбайұлына сыйға тартқан екен.

Оспан

 

Бұл суретте бір топ адам Абайдың туған бауыры Оспан көтерген тастың маңында топтасып тұр. Абайдың өзі «жақсы өліпсің, япыр-ау» деп қамыға жырлайтын жақсы інісі Оспан Құнанбайұлы (1852-1891) – ақпейіл де жомарт, ісіне тыңғылықты, дұшпанына мейірімсіз, досына құшағы ашық, алған бетінен қайтпайтын қайсар, балуан тұлғалы, батыр мінезді кісі болған. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолында» оның көркем бейнесі керемет суреттелген.

Қайысбай

 

Мұстафа Өзтүріктің туған нағашысы Қайысбай Иісұлы 1866 жылы Алтай аймағының Сарғусын деген жерінде дүниеге келіп, 1960 жылы желтоқсанда Шіңгіл ауданы, Бәйшін қыстағында 94 жасында бақилық болған. Суретте көрсетілген тасты 37 жасында көтерген. Бұл тас қазір Қытайдың Мори ауданның «Асырқай» ауылына баратын жолдың жиегінде жатыр. Суреттегі тасты құшақтап тұрған қарт адам – Қайысбай атамыздың қызы Зария. Бұл апамыздың 1981 жылы 26 маусымда Швецияның Стокгольм қаласынан туған жеріне келіп, әкеден қалған көз, ақ сұр тасты құшып, мауқын басып тұрған сәті екен.

Дәлелхан


Басы Қытайдан басталатын ұлы Ертістің бойындағы «Жүрек суы» деп аталатын жерде салмағы 800 келі шамасынан артық тартатын тас жатыр. Білетіндердің жазуынша, тастың ең аласа жерінің биіктігі 47 см, ең қысқа ені 81 см, ұзындығы 106 см. Осы тасты көтерген балуан – Дәлелхан Мешелұлы. Дәлелхан сол кезде 22 жаста болыпты. Оның үзеңгілес досы Елісхан Марданұлы деген атамыз тас бетіне: «Балуан Дәлелхан. 1952 жыл. Жазған Елісхан Марданұлы» деп өз қолымен ойып жазған екен.

Қайдар


Атақты балуан Қайдар Оспанов 1927 жылдан бастап Қажымұқанның көшпелі циркінде күш өнерін көрсете бастаған. 1938 жылы жерге жатып, рельстiң темiрiн басына қойдырыпты. Екi жағына жиырма шақты адамды шығартып, содан соң қалың темiрдi майыстырған. Бас сүйегiнiң мықтылығы сондай, бір сызат та түспеген. Шашын ұстарамен тықырлап алып тастаған екен. Тек басында рельстің даты жолақ болып қалыпты. Сонымен қатар Қайдар балуан бәске түсiп, салмағы 1600 келi (1 тонна 600 келi) тартатын вагонның дөңгелегiн көтерген.

Солтыкен

 

Балуан Солтыкен Көкішұлы Қытайдың Алтай өңіріндегі Қызылтас ауылында 1952 жылы дүниеге келген. Балуан 22 жасында, яғни 1974 жылы салмағы 292 кг тасты доп көтергендей оңай көтерген! Міне, қазақ күшінің құдіреті!

 


Бұдан да басқа қазақ балуандары көтерген тас жайындағы мысалдар көп. Мәселен, Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Қарамағай ауылында Ақметжан балуан көтерген тас 389 келі, Қабада Ыдық балуан көтерген тас 430 келі, Шонжыдағы Қасым батыр көтерген тас 700 келі, Бай-өлкеде Қожағапан балуан көтерген ауыр сейф, т.б. Бұл суреттегі жас өреннің аты бізге белгісіз болса да, түбінде тау көтерер Толағайдың болатыны анық. Қазақ күресінің беделі артып, балуандарының абыройы асқақтай берсін деген тілек білдіреміз.


e-history.kz

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста