Азияның алыптары Азиадаға қосалқы құрамын әкелуі мүмкін

Азияның алыптары Азиадаға қосалқы құрамын әкелуі мүмкін

Елімізде тұңғыш рет өтетін VII қысқы Азия ойындарының ашылуына он күн қалғанымен, алғашқы ойындар 28 қаңтар күні өтетіні белгілі. Осынау дүбірлі додада Қазақстанның алар орны қандай? Біз өз жерімізде өтетін «Сарықұрлық» додасында жалпыкомандалық есепте нешінші орынды иемденеміз? Әдетте біз Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейінгі төртінші орыннан көрініп жүрміз. Бірақ бұл жолы кейбір мамандар «үздік үштікке енеміз» деп сеніммен айтса, оптимистер «Азияның үздігі боламыз» деп желпініп отыр. Мамандардың оптимистік танытуына не себеп? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрсек деп едік.
Жақында Ақ Азиадаға қатысы бар жо­ғары қызметтегі мамандардың бірімен сөй­­­лесіп қалдым. Сол кезде әңгіме ара­сында одан Ақ Азиададағы мүмкіндігіміз жайлы сұраған болатынмын. Аты-жөнін көрсетпей-ақ қоюын талап еткен ол былай деп жауап берген еді.
– Азия ойындарында алдыңғы қа­тар­дан көрінуге жанталасып жатырмыз ғой. Үздік үштіктің қатарынан көрінудің не­бір амалын қарастырдық. Бірақ Қытай, Оңтүс­тік Корея және Жапония елдері өте мықты қарсыластар. Дегенмен біздің бір мүм­кіндігіміз бар. Алматы мен Астана қала­ларында өтетін VII қысқы Азия ойын­дарымен қосамжарлана спорттың бірнеше түрінен әлем чемпионаттары өтеді. Ал Азиаданы екінші орынға қоятын қытай, кәріс және жапондар басты күшін сол әлем біріншіліктеріне салып, Қазақ­станға екінші құрамдарын әкелуі ғажап емес. Бізге осы мүмкіндікті пайдалану керек.
Иә, бұл идеяның да жаны бар. Тым бол­маса, осылай үздіктердің қатарынан көрінерміз. Ендеше елімізде өтетін Ақ Азиа­дамен қосамжарлана өтетін ірі дода­ларға көз жүгіртіп көрелік. Жалпы, VII қыс­қы Азия ойындарымен қосамжарлана екі ірі дода өткелі отыр. Оның бірі қысқы Универсиада болса, екіншісі – фристайлдан әлем чемпионаты. Сонымен...
Қаңтардың 27-сі мен ақпанның 6-сы аралығында Түркияның Эрзурум қала­сын­да ХХV қысқы Универсиада өтеді. Спорт­тың 12 түрінен 70 медаль жиынтығы са­рапқа салынатын бұл додада әлемнің 57 елінің спортшылары өнер көрсетеді. Соның ішінде жоғарыда аталған үш ел мен Қа­зақстан да бар. Әлбетте, басты күшті Ақ Азиадаға салып отырған қазақстандықтар Универсиадаға төменгі деңгейлі спортшы­ларын жіберетіні хақ. Ал басты қарсы­ластарымыз Универсиадаға мықты спорт­шыларын жібереді деп үміттенеміз. Эр­зу­румда ойнатылатын 12 спорт түрінің сегізі Ақ Азиада бағдарламасында да бар екенін айта кеткеніміз артық болмас.
Фристайлдан әлем чемпионаты 30 қаңтар мен 5 ақпанның аралығында АҚШ-тың Дир Велли қаласында өтпек. Айта кетейік, бүгінде «Сарықұрлықта» фристайл спортынан Қытай спортшылары мықты. Мәселен, соңғы қысқы Олим­пиадада қы­тайлықтар фристайлдан бір күміс, екі қола медаль иеленіп, әлемде 6-орыннан көрінсе, Азияда да үздік та­нылды. Күміс иелен­ген Ли Нина (акро­батика), болса, қолаға қол жеткізген қос саңлақ Го Синьсинь мен Лю Жунцин (екеуі де – акробат) еді. Сондай-ақ Жапонияда Эми Матусура, Шури Терада, Киоши Терада, Микия Танно, Исао Сонехара, Чинго Сасаки, Мико Ити, Арисо Мурата сынды саңлақтар бар. Бұлардың барлығы – әлем кубогы кезеңдерінде сәтті өнер көрсетіп жүрген сайыпқырандар. Міне, егер осылар Ақ Азиадаға емес, әлем чемпионатына қатысуды жөн деп тапса, фристайлдан сарапқа салынатын алты медаль жиын­тығын да өз спортшыларымыз иемденуі мүмкін.
Сондай-ақ VII қысқы Азия ойын­дары­мен қосамжарлана өтпесе де, бір күн ары, бір күн бері басталатын ірі додалар біршама. Мәселен, 28-30 қаңтар ара­лығында Ресей астанасы Мәскеуде конь­кимен жүгіруден әлем кубогының алтыншы кезеңі өтеді. Ақпанның 8-і мен 20-сы аралығында Германияның Гармиш-Пар­тен­­кирхен қаласында тау шаңғысынан әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Сон­дай-ақ жасөспірімдер мен жастар ара­сында өтетін дүниежүзілік ірі додалар да аз емес. Қарсыластарымыз сол додал­арда күштерін сарқуы немесе сол бәсекелерге күштерін сақтауы мүмкін. Яғни бізге де медальдардың біраз бөлігін өзімізде қалдыруға үміт бар деген сөз.
Иә, дауымыз жоқ, мұның барлығы аз да болса көмек, демеу болар еді. Десек те, өзгенің әлсіздігіне емес, өзіміздің күшімізге сенгеніміз жөн болар-ау. Үшінші орын болсын, төртінші орын болсын, әді­лет­тілікпен қол жеткізгеніміз абзал емес пе?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста