Балуан қыздар мереке қарсаңында белдеседі
Бүгін Минскіде әйелдер күресі мен еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь турнирі басталды. 45-інші рет өтетін халықаралық дәстүрлі турнирде Қазақстан балуандары да бақ сынап жатыр, деп жазады "Алаш айнасы".
Беларусь боқ кілеміндегі дәстүрлі турнирде 28 мемлекеттен 300-ден астам балуан белдесіп, өз өнерлерін ортаға салады.
Александр Медведь биыл қатысушылар саны өте көп екендігіне қуанышты екендігін білдіріпті. "Биыл әр түрлі күрес мектебін, әр түрлі күрес әдіс-тәсілдерін көретін боламыз. Минскідегі турнирдің ерекшелігі де – осы. Бұл – нағыз әлемдік күрес форумы", – депті даңқты балуан.
Жалпы, әйгілі балуан атындағы турнир алғаш рет 1970 жылы өткізілген екен. Ал осыдан 21 жыл бұрын бұл турнирді Халықаралық күрес федерациясы Гран-при бедесулерінің қатарына қосыпты.
Бүгін осы турнирде боз кілемге мына балуандарымыз шығып, ел намысын қорғап жатыр:
Әйелдер күресі
48 келі – Элеонора Әбутәліпова, Ирина Борисова;
55 келі – Айжан Ысмағулова, Марина Седнева;
60 келі – Аяулым Қасымова, Мадина Бақбергенова;
69 келі – Азиза Тұрмағанбет, Алма Сүрімбетова, Эльмира Сыздықова (69 кг).
Еркін күрес
57 келі – Данияр Құттыбек;
65 келі – Саятбек Оқасов, Бақдаулет Уәли, Асхат Исламханов, Амандык Бакеев;
74 келі – Ақжүрек Таңатаров, Нұрдаулет Көктеубаев, Ильяс Сатыбалдин, Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев, Берік Арынов, Аслан Азизов, Жігер Закиров;
97 келі – Әлихан Жұмаев, Мамед Ибрагимов.
Ертең әйелдер арарсында 53, 58, 63, 75 келі салмақ дәрәжәлеренің, ал ерлер арасында 61, 70, 86, 125 келі салмаө дәрежелерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.