Біздің олимпиадашылар

Біздің олимпиадашылар

Айбынды Алмас
Тепсе темір үзетін жігіт. Бой десе бойы бар, алпауыт күші бар. Дарыннан да кенде емес, бірақ халықаралық дүбірлі додаларда Алмас Өтешовтің жолы болмай келеді. Дегенмен бүгінде толағайымыздың нағыз бабына келген шағы. Олимпиадада ол тек жүлделі орындарға ғана емес, алтын медальға да таласатын болады.

Өтешов Алмас Дәулетиярұлы
Туған жылы: 18.05.1988 ж.т.
Туған жері: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Еспенді ауылы
Салмақ дәрежесі: 94 келі.
Жеке бапкері: Вилорий Пак
Ең ірі жетістігі: Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Алмастың ауыр атлетикамен айналысуы мәжбүрліктен басталды деуге болатын шығар. Алғашында алпамсадай бозбала Жаңақорған ауданының Екпінді ауы­лын­да қазақ күресімен айналысқан. Төр­тінші сыныптан 9-сыныпқа дейін қазақ күресін серік етіп, 2002 жылы Қызыл­орда қаласына Жалаңтөс баһадүр атын­дағы спорт мектебіне ауысады. Алай­да бұл мектепте қазақ күресі үйірмесі бол­май шығады. Содан бапкерлердің жетегімен зілтемір залына кіріп, ауыр атлетикамен айналысып кетеді. Ауыр атле­ти­ка­дағы алғашқы бапкерлері – Асқар Мең­дияров пен Ғалым Сиқымов. Ал 2008 жылдан бері белгілі бапкер Вилорий Пактың қол астында жаттығуда.
– Алмасты немеремдей көремін. Өйт­кені менің ең сүйікті шәкірттерімнің бірі – Асқар Меңдияров болатын. Қазақтан тұң­ғыш болып ТМД спартакиадасының күміс жүлдегері атанған. Өз баламнан ар­тық жақсы көретінмін. Алмасты ауылдан іздеп тауып, қалаға алып келген де осы Асқар еді. 2008 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатына апарып, сары құрлықтың жеңімпазы етіп шығарғанын да білесіздер. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері деңгейіне де жеткізді. Бүгін­де Меңдияров Қызылордада спорт мек­те­бінің директоры. Содан не керек, 2008 жылы Асқар маған келіп: «Аға, ешкімге сен­беймін. Дегенмен осы баланы сізге сеніп тапсырып тұрмын. Өзіңізге аманат. Атын шығарыңыз», – деп маған Өтешовті тапсырды Міне, өз баламдай болып кеткен ең сүйікті шәкіртімнің шәкірті Алмасты мен сол үшін немеремдей жақсы көре­мін, – деді Вилорий Пак ақтарылып.
Өтешов біраз уақыт 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бірақ көп ұза­май-ақ, салмағын арттырып, 94 келіге өтті. Бір жағынан бұл қадамын жан­кү­йерлер батылдыққа баласа, екінші жағы­нан Ильин, Седов секілді саңлақтардың көлеңкесінде қалу қаупі басым екендігін айтып жатты. Расымен де, Ильиннің Ол­им­пиада жеңімпазы атанып, аты дүр­кіреп тұрған шағы. Седов та сол додада төртінші орыннан көрініп, жүлделі орындарға бір саты ғана жетпей қалған болатын. Келер жылы Талдықорғанда Азия біріншілігі өтіп, онда Алмас Владимир Седовтан ке­йін­гі екінші орынға орналасты. Дегенмен сол кездің өзінде-ақ мамандар Алмастың әлеуеті Седовтан кем емес екенін айтатын. Тіпті былтыр әлем чемпионаты ал­дын­дағы жауапты іріктеу додасында Се­дов­тың өзін қапы қалдырып, 94 келіде Парижге бару құқығын жеңіп алды. Өкі­нішке қарай, Франция астанасында Ал­мас­тың бағы жанбады. Алғашқы жатты­ғуда 170 келіге тапсырыс берген еді, құр­ғыр зілтемір жерлесімізге бағынбай, Қазақ­станды бір жолдамадан қақты. Әй, сол кезде Өтешовті жазғырмаған жан­күйер кемде-кем болған шығар. Шынымен де, егер Алмас сол кезде сәл де болса сәттірек өнер көрсеткенде Қазақстан ауыр атлеттерінің қоржынына тағы бір жол­дама түсер еді.
Ал Алмас мойыған жоқ. Қателігін білді. Кінәсін жуып-шаюдың ең дұрыс жолы – Лондон Олимпиадасында топ жару еке­нін түсініп, жаттығу залында тынбай да­йын­далды.
– Бүгінде Алмастың бабы жаман емес. Жаттығу кезінде жұлқа көтеруде 190 келі­ні қиналмай көтеріп жүр. Ал серпе жатты­ғуында 227 келіні басынан асырды. 230 келіні көтеріп көріп еді, тіп-тік ұстап тұруға сәл ғана шамасы жетпеді. Дегенмен бұл да жаман көрсеткіш емес. 190+227=417 келі. Бірақ жаттығу кезіндегі көрсеткіштерін Олимпиада аренасында қайталай ала ма? Міне, мәселе сонда, – деді Өтешовтің күшіне бағасын берген жеке бапкері Вилорий Пак.
Олимпиададағы мүмкіндіктері:
Егер дайындық кезіндегі көрсеткіш­терін қайталай алса, Алмас сөз жоқ, Ол­им­пиада жеңімпазы атанады. Өйткені былтырғы әлем чемпионатындағы ең жо­ғары көрсеткіш – 407 келі Илья Ильин­ге тиесілі. Ал әлемдік рекорд – 412 келі грек толағайы Акакиос Каиасвилиске тиесілі.
Басты қарсыластары:
Артем Иванов (Украина), Андрей Иванов (Ресей), Саид Мохаммадпур Каркарач (Иран), Руслан Нуриддинов (Өз­бекстан), Ким Мин-Джа (О.Корея).
Артықшылықтары:
Қара күш иесі, еңбекқор. Өзінің күшті екенін бір сезіп алса, тоқтауы қиын. Ең бастысы, жеке бапкеріне деген құрметі жоғары.
Кемшіліктері:
Отаншылдығы ма, әлде рухшыл, на­мыс­қойлығы ма, халықаралық аренада Алмастың алғашқы ұмтылысы сәтсіз шық­са, келесі мүмкіндігіне өзін қайрауы қиын. Яғни психологиялық тұрғыда шың­дала түсуі қажет.
Вилорий Пак, ауыр атлетикадан Қа­зақ­станның еңбек сіңірген жаттық­ты­рушысы, Өтешовтің жеке бапкері:
– Арманым – осы қарадомалақты Олимпиада чемпионы жасау. Оған Өте­шовтің шамасы жетеді. Тек өзіне деген сенімділігін күшейте алса бол­ғаны. Зілтемір сахнасына шыққанда қалтырамай, жаттығу кезіндегі көр­сеткішін қайталап берсе, біз үшін сол да жеткілікті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста