Дүниежүзіндегі ең күшті адам

Дүниежүзіндегі ең күшті адам

Қарашаның 29-ына қараған түні Американың Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 105 килодан жоғары салмақтағы ресейлік зілтемірші Алексей Ловчев қоссайыс қорытындысында рекордтық көрсеткіш – 475 кило салмақ көтеріп, чемпион атанумен бірге әлемдегі ең күшті адам мәртебесіне де қол жеткізді. Сөйтіп, ирандық атақты атлет Хоссейн Резазаденің 15 жылдан бері мызғымай тұрған рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Ресей спортшысы осы жолы парсы алыбының серпе көтерудегі рекордына да өзгеріс енгізді.
Біз осыған дейін планетаның ең күшті адамы саналып келген Хоссейн Резазадемен был­тырғы жылғы қыркүйек айында Алматыда өткен ауыр атлети­кадан әлем чемпионаты кезінде жолығу бақытына ие болып едік. Дидарласу барысында Олимпиялық ойындардың екі дүркін, әлемнің төрт мәрте, Азия ойындарының екі рет, Азия­ның үш кезек чемпионы атанған «Иран Геркулесінің» өмір жолдарына барлау жасап, жан сырынан хабар беретін біраз деректерге қаныққанбыз. Біріншілікке өз елінің құрамасын әрі федерация президенті, әрі бас жаттықтырушы ретінде бастап келген толымды тұлға сонда өзі жөнінде өте жақсы әсер қалдырған. Сол кездесудің қорытындысында газет бетінде «Әлемдегі ең күшті адам» деген бастақырып берілген сұхбат жариялағанбыз. Бірақ сұхбатқа сонда алынған деректердің бәрі бірдей енгізілген жоқ. Мәселен, оның ұлтының әзербайжан екенін ашып айтқан жоқпыз. Ал 1978 жылы өмірге келген болашақ даңқты спортшы Ирандағы екі әзербайжан автономиясының біріне қарайтын Ардебиль қала­сында туып-өскен болатын.
Өзінің әңгімесі кезінде Хоссейн мырза қазіргі кездегі атлеттер арасында осы кезге дейін тұғыр үстінде ешкімге жеңіліп көрмеген бір тарлан болса, оның қазақстандық Илья Ильин екенін айтып та айрықша сүйсінген еді. Мұнысы рас енді. Содан кейін өзінің де ересектер сайысына қатыса бастаған жылдардан бері қарай алдына ешкімді түсіріп көрмегенін байқатқан. Айтса айтқандай, ол 15 жыл мерзім бойы мызғымай тұрған қоссайыстағы рекордын ең алдымен 2000 жылы Сидней Олимпиадасында жасады. Австралия жерінде ол бірден үш рекордқа ен тақты. Алдымен жұлқа көтеруде 210 кило салмақты төбесінде тік ұстап тұрды. Сосын серпе көтеруде 262,2 килоны бағындырды. Ал осы екеуінің жиынтығы 472, 5 кило болып шыға келді. Үшеуі де ең үздік көрсеткіш! Бұдан кейін 2004 жылы Афинада өткен Олимпиялық ойындарда тағы бір рекордқа қол жеткізіп, қоссайыстағы көрсеткішін қай­талады. Нақтылай айтқанда, жұлқа көтеруде 209 килоны алды да, серпе көтеруде 263,5 кило салмақпен өз рекордына өзі өзгеріс енгізді. Бұл екеуінің қосындысы тағы да 472,5 кило болып тұра қалды.
Алматыдағы сырласу сә­тінде Хоссейн Резазаденің өз ре­кордының енді ұзақ тұра бермейтінін де сөз еткені бар еді. Бұған соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінен талантты ауыр салмақты атлеттердің көптеп көріне бастағаны себеп. Алайда, оны нақты кімнің жасауы мүмкін еке­нін айту қиын. Ол тек сөз сорабында 2011 жылы жұлқа көтеруде 214 килоны алып, өзінің бір рекордын жаңғыртқан шәкірті Бехдад Салимикордасиабиден кезінде көп үміт күткенін, бірақ оның кейін допинг дауымен талай алтын уақытын жіберіп алып, үлкен жарыстардан шеттеп қалғанына өкініш білдіріп қойған.
Енді, міне, Хоссейн келтірген болжам арада жылдан сәл ғана асқан шамада орындалып отыр. Әлемнің ең күшті адамының тұлғасы өзгерді. Бірақ ол көп­шіліктің күтпеген жерінен шықты. Оған осы кезге дейін жаһандық жарыста топ жарып көрмеген алып қол жеткізді. Ол – 26 жастағы Алексей Ловчев 2013 жылы Польшаның Вроцлав қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлделі болса, 2014 жылы Израильдің Тел-Авив шаһарында тұғыр теңселткен Еуропа біріншілігінде алтын медальдің иегері атанған еді. Ал Ресейдің 2014 және 2015 жылдарғы чемпионы. Оны өз әкесі Владимир Ловчев жаттықтырады.
Планетаның жаңа ең күшті адамы туралы қолдағы бар мә­лімет осы. Оның күтпеген жерден болғаны сондай, Ресей басылымдарының өзі Алексей турасында әлі көсілтіп кеңінен жаза алмай жатыр. Дегенмен, ауыр атлетика көгіне жаңа жарық жұлдыздың келгенін енді бүкіл әлем мойындап отыр.
Сөз соңында Хьюстонда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының да жақсы өнер көрсеткенін айта кетуіміз керек. Командаға алғашқы алтын медальді Ниджат Рагимов әперген болса, келесі сондай жүлдені 105 килоға дейінгі салмақтағы Александр Зайчиков жеңіп алды. Бұлардан басқа, Алмас Өте­шов пен Жазира Жаппарқұл – күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев қола медальдардың иегерлері атанды. Тағы екі спортшымыз – Маргарита Елисеева мен Светлана Подобедова алғашқы алтылықтың қатарынан табылып, командаға қажетті ұпайларын әперді.
Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан». 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста