Еліміздегі бокс мектебінің атасы – Шоқыр Бөлтекұлы

Еліміздегі бокс мектебінің атасы – Шоқыр Бөлтекұлы

Сейдахмет Бердіқұловтың тілімен айтсақ Шоқыр Бөлтекұлы елімізге бокс қолғабын арқалап келген адам. 1916 жылы 29 қазан күні Маңғыстау облысы, Жармыш ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары осынау спорттың қанатын қақтырғанда Шоқыр Бөлтекұлы еді. Ол спортқа келмес бұрын Киевтегі Көркемсурет академиясын және Дене тәрбиесі институтын бітіреді.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1944 жылы жарақаттанып елге оралады. Шоқыр Бөлтекұлы рингте 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен. 50-ші жылдары Қазақ ССР-інің 3 рет чемпионы атанады. Анасы қайықта босанып, атын Шоқыр деп қойған. Шоқыр бұл балықтың аты. Кезінде Бауыржан Момышұлының өзі: «Екі-ақ нағыз қазақ бар: бірі – мен, бірі -Шоқыр», - деген екен. Қылышынан қан тамып тұрған 40-жылдары өз тегін «ұлы» деп жаздырған тұңғыш қазақ – Шоқыр Бөлтекұлы. КСРО спорт шебері атанған алғашқы қазақ та осы Шоқыр атамыз. Алматының көшесінде жігіттерімен бірге Шоқ атамыз келе жатқанда бәрі қоғадай жапырыла жол береді екен. Сол кездері Шоқыр атамыздың беделі қазіргі әлемдік әншілерден биік болмаса кем болған жоқ дейді белгілі спорт журналисі Қыдырбек Рысбек. 
Шаршы алаңның шаңын қаққан боксшы ізбасар шәкірт тәрбиелеп, боксқа баулу үшін алақандай алаң іздеп, Опера және балет театрының бір бөлмесін сұрап алады. 1937 жылы Шоқыр Бөлтекұлының басшылығымен бокстан Алматы қаласының ресми бiрiншiлiгi өттi. Оған 50 спортшы қатысқан. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер одағының бiрiншiлiгiне Қазақ елiнiң құрама командасын Шоқыр атамыз бастап барды. Оның мектебiнен Мақсұт Омаров, Әбдiсалан Нұрмаханов, Серiк Әбдiнәлиев, Виктор және Владимир Каримовтар, Асқар Құлыбаев секiлдi талантты шәкiрттер тәрбиеленiп шықты. Оның қарапайымдылығында шек жоқ болатын. КСРО мен АҚШ арасындағы матчтық кездесуде жоғары қабатқа Шоқыр ағамызға қазіргі тілмен айтақан VIP орын дайындалды. Бәрі Шоқыр қайда деп іздеп жатты. Бірақ Шоқ ағамыз трибунада көрермендермен қатар отырды. Осының өзі оның шексіз қарапайымдылығы еді дейді Қасым Сырбайұлы. 
Шоқыр Бөлтекұлының зайыбы Қазақ КСР-ның еңбек сiңiрген әртiсi, қазақтың тұңғыш балерина-бишiсi Нұрсұлу Тапалова. Екеуі Алматыдағы үш қабатты әртістер үйінің бір бөлмелі пәтерінде қоңырқай ғана тірлік кешті. Кең үй сұрап, біреудің алдына баруды ар санапты. Шығыстың Заремасы атанған Нұрсұлуға ән арнаған сазгер де, Шоқырмен елінің шоқтығын көтерген ақын да, бәрі-бәрі осы бір бөлмелі пәтердің тұрақты қонақтары еді. Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында дүниеден озды. Арада 4 жыл өткенде зайыбы Нұрсұлу Елубайқызы да қайтпас сапарға аттанды. Бірі қазақтың тұңғыш боксшысы, бірі тұңғыш кәсіби балет бишісі, бірі тұңғыш спорт шебері, бірі Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, бірі Қазақ-ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «қос тұңғыш» туған елінің топырағында байыз тапты. Екеуі де Кеңсайда жерленген.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста