Ережесіз жекпе-жекте жігіттеріміз ерледі

Ережесіз жекпе-жекте жігіттеріміз ерледі

Алматының Республика сарайында ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп, онда ТМД мен Еуразияның чемпиондық атағы сарапқа салынды.
Бастан-аяқ ұлттық нақышта өткен бұл турнирде төбелеске шығатын ерлерді шаршы алаңға дейін батырлардың сауыт-саймандарын киген жігіттер мен қазақы камзол киген қыздар шығарып салып тұрды. Ал жекпе-жек басталмас бұрын ақсақалдар бата беріп, жігіттерімізге ақ жол тілеп отырды.
Турнир өз жерімізде өтіп жатқан­дық­тан, жерлестеріміз де жігерлілік танытып, намысты қолдан берген жоқ. Әрқайсысы бес минуттан екі раунд өтуі тиіс төбелестердің бірде-біреуі соңына дейін жетпей, жекпе-жек кеші біз күткеннен тым ерте аяқталды. Тіпті сол тоғыз айқастың тек біреуі ғана екінші раундқа дейін жеткені жерлестеріміздің нағыз батыр екендігін дәлелдейтіндей.
Чемпиондық атақтарды сарапқа сала­тын төбелестерден бұрын көрермен­дер жеті рейтингтік айқастың куәсі болды. Шаршы алаңға алғашқы болып шыққан өзбекстандық Білімбек Шәбіровты алма­тылық Қазыбек Әшімов екі минутқа жеткізбей қылқындырып тастаған болса, Кереку өңірінде дүниеге келген 18 жа­сар Расул Хабидулла айыр қалпақты ағайын­дарымыздың өкілі Жамиль Жұма­­таев­тан жеңіліп жатып, таразы басын өз жағына аудара білді. Бұл 60 келі сал­мақ дәрежесінде сынға түскен жер­лестеріміздің жеңісі еді. Ал 65 келіде апайтөс ерлеріміз Аслан Тоқтарбаев пен Нариман Мұсаевқа Алатаудың арғы баурайынан келген Рахат Құрбанов жә­не Ұрмат Асанбаев қарсылас атан­ды. Шаршы алаңның ішінде Аслан қар­сы­ласы Рахат Құрбановты бұрышқа тығып төмпештеп тастаса, Нариман Ұрмат Асанбаевтың қолын шығарып жіберді.
70 келі салмақ дәрежесінде үш рейтингтік жекпе-жектің куәсі болдық. Жамбыл облысында дүниеге келген Мейірлан Құрманалиев қырғызстандық құрдасынан бойы біршама қысқа болса да, атағы жағынан еш дес бермейтін-ді. Шаршы алаңда да солай болды. Ол Рустам Жұмаұлының әбден ығырын шығарып, қарсыласын жеңілуге мәжбүрледі. Өзбек­стандық Азамат Арақшаевпен төбелескен Ғалымжан Мырзабаев та жеңіске оңай жетті. Ал ережесіз жекпе-жекте әбден ысылған, тәжірибесі өте мол 25 жастағы Азиз Амоев қырғыз ағайындарымыздың 18 жасар үміті Руслан Емілбекұлын салған жерден атып ұрды.
Қай турнирде болмасын, ең қызықты жекпе-жектердің соңына қалдырылатыны белгілі. 60 келіде ТМД чемпиондығының атағы үшін болған айқасты да сондай жекпе-жектердің санатына жатқыз­у­ға болатындай. Қос батыр да спорт­тық ғұ­мыр­ларында бірде-бір рет жеңі­ліп көр­меген екен. Айқас ұзаққа созылма­ғанымен, екі жігіт те жеңіс үшін барын салды. Бірінші болып шабуылдаған Бегнар Аманбаев қарсыласын құлатқанымен, бұл ұмтылысын пайдаға асыра алмады. Өз кезегінде Аманбаевты жерге атып ұрған Әлиев қандасымыздың аяғына «ауырту» тәсілін қолдануға тырысты. Бірақ оның да ұмытылысынан түк шықпады. Төреші екеуін де тұрғызып, жекпе-жекті қайта жалғастыруға бұйрық бергенде, бұдан әріге созуға болмайтынын түсінген Бегнар қарсыласын екі рет ұрып, ресейлікті еденге сұлқ түсірді.
Турнирдің соңғы жекпе-жегінде 75 келі салмақ дәрежесінде Еуразия чемпиондығы сарапқа салынды. Шаршы алаңға ресейлік Аслан Алгереев пен қандасымыз Бейбіт Назаров шығып, құрлық жеңімпазын анықтады. Рас, бірінші болып Алгереев шабуылдады. Бірақ өз жерінде намысты қолдан беруге болмайтынын жете түсінген Бейбіт көп күттірмей ресейлік кавказды қылқындырып, тырп етуге шамасын келтірмеді.
Сөйтіп бұл жекпе-жекте де қазақ жігіті жеңіске жетті. Осы турнирдің барлығын тамашалап отырған кештің құрметті қона­ғы, ережесіз жекпе-жектің «өкіл әкесі» Олег Тохтаров пен бүкіләлемдік абсолюттік чемпиондық федерациясының прези­денті Георгий Кобылянский өз қолымен Бейбітке чемпиондық белбеуді тақты.
Олег ТОхтаров, Ресей батыры, ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы:
— Бүгін Қазақстанда үлкен той. Сіздердің жігіттеріңіз өздерін нағыз батыр ретінде көрсетті. Құттықтаймын! Сіздерге Бейбіт секілді ерлерді мақ­тан тұтуларыңызға болады.
Георгий Кобылянский, Бүкіл­әлем­дік абсолюттік чемпиондық фе­де­ра­циясының президенті:
— Бұл сөздерді Олег шын көңілімен айтты. Шыныда да, сіздерде батыр, қайсар жігіттер өте көп. Ал бүгінгі жек­пе-жек кешін алдағы уақытта «Боец» телеранасынан көрсетуге уәде беремін.

Рейтингтік жекпе-жектер:
60 келі: Қазыбек Әшімов (Алматы) – Білімбек Шәбіров (Өзбекстан)
60 келі: Расул Хабидулла (Павлодар) – Жамиль Жұматаев (Қырғызстан)
65 келі: Аслан Тоқтарбаев (Тараз) – Рахат Құрбанов (Қырғызстан)
65 келі: Нариман Мұсаев (Алматы) – Ұрмат Асанбаев (Қырғызстан)
70 келі: Мейірлан Құрманалиев (Та­раз) – Рустам Жұмаұлы (Қырғызстан)
70 келі: Ғалымжан Мырзабаев (Шым­кент) – Азамат Аракшаев (Өзбекстан)
70 келі: Азиз Амоев (Алматы) – Руслан Емілбекұлы (Қырғызстан)
60 келіде ТМД чемпионы атағы үшін
Бегнар Аманбаев (Қазақстан) – Ваха Әлиев (Ресей)
70 келіде Еуразия
чемпионы атағы үшін

Бейбіт Назаров (Алматы) – Аслан Алгереев (Ресей)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста