Еркін күрес өз бапкерін тапты ма?

Еркін күрес өз бапкерін тапты ма?

Жақында Ташкентте күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан балуандары үш алтын жеңіп алды. Ең қуаныштысы, еркін күрестен Дәурен Жұмағазиев деген жас талантымыз Азия чемпионы атанып, төбемізді көкке жеткізді.

Алтай аға және жүректі Мәулен
Дәл қазір ұлттық құраманың тізгіні өз ұлтын қастерлейтін адамға ұстатылғанына ризамыз. Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алтай Танабаев «Мәулен Мамыровтай қазақ таланттарын шығарсам» деген өз мақсатын да, ой-ар­манын да айтып жүр. «Сары құрлық» бірін­шілігінде 60 келі салмақта топ жарған Дәу­рен Жұмағазиев Алтай ағаның сол арман-тілегінің бастамасы, осы бағыттағы ең­бегінің алғашқы жемісі деп білеміз. Әрі «Ұзағынан сүйіндірсін, Дәурендей Мәу­леннің ізбасарларын көбейте беріңіз!» демекпіз.
Мәулен Мамыров – қазақ күресінде орны бөлек, қайталанбас тұлға. Осыдан 10-15 жылдай уақыт бұрын еркін күрестен Қазақстан құрамасы сапын Кавказдан келген балуандар жайлап, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенде, соларға дес бермеген жалғыз Мәулен еді. Дене бітімі шап-шағын болса да, алшаңдай басқан келімсектерге шаңырақ кімдікі екенін сездірген. Өкінішке қарай, осыны түсінетіндер мен Мәуленді бағалайтындар көп емес...
Біле-білсек, жүрегінің түгі бар Жетісу­дың жампозы, яғни Мәулен Мамыров – еркін күрестен Олимпиада ойындарында жүлде алған жалғыз қазақ. Ол 1996 жылы Атланта Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғап, 52 келі салмақ дәре­жесінде қола медаль жеңіп алған.
Грек-рим күресінде еліміздің атын шығарған білекті балуандар аз емес. Бар­шылық. Мысалы, Жақсылық Үшкем­піров пен Шәміл Серіков 1980 жылы Олим­пиада ойындарының чемпиондары атанса, Дәу­лет Тұрлыханов 1988 жылы Сеулде күміс­пен күптеліп, 1992 жылы Барселонада қола медаль еншіледі. Сол сияқты Нұрбақыт  Теңізбаев пен Әсет Мәмбетов 2008 жылы Бейжің Олимпиа­дасында қола жүл­деге қол жеткізді. Ал еркін күресте Мәулен ғана Олимп шыңына шықты.
Әбілсейіт аға босқа шырылдап жүрген жоқ
Әбілсейіт Айханов ағамыздың шырыл­дап жүргені – осыдан. Әбекеңдердің тұ­сын­да еркін күресте қарымды да алымды балуандарымыз көп болған. Өкінішке қарай, олар Олимпиада ойын­дарында атой сала алмады. Егеменді ел болмаған соң, еркін күрестегі ерлерімізге әртүрлі себептермен төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға қатысу да мұң болды. Ал Әбекең қазақ жігіттерінің де Олимп тұғы­рына көтеріле алатындығын, оған қабі­леттерінің жететіндігін біледі. Сон­дықтан шыж-быж болып жүр. Ашын­ған­дығы болар, Бейжің Олимпиадасының алдында «ұлттық құра­маны маған берсеңіздер, қазақтан жеті Олимпиада чемпионын шығарамын» деп салды. Бірақ сол кезде Әбекеңнің сөзіне түсіністік танытушылардан гөрі, сенім­сіздікпен қараушылар көп болды. Ал басшылар әзілге айналдырумен шек­телді.
Ол, ол ма? Осы жылдың басында «Егемен Қазақстан» газетінің 6 наурыз күні шыққан санында ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұрынғы министрі Темірхан Досмұхамбетовтің «Әлем мойындаған Айханов» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Осы мақалада экс-министр Әбілсейіт ағаның мақтауын жеткізген. Жойқын қара күш иесі болып табылатын қайратты балуанымызды өте жақсы білетіндігі байқалады. Бірақ өз дәуірінде Әбекеңе сенім артпады...
Ал Айханов нағыз кемеліне келген шағында өз бойындағы қасиетін халық игілігіне жарата алмағанына өкініп жүр. Соған қапаланады. Қолына ұлттық құрама тізгінін бермесек те, ауыр салмақтағы бағы ашылмай жүрген бір қандасымызды беріп, қандай нәтиже шығара алатындығын бай­қап көргеніміз артық болмас та ма еді. Мәселен, Нұржан Қатаевты. Өкінішке қарай, Әбекеңнің сөздеріне жеңіл-желпі қарап жүргенімізде уақыт тоқтаусыз, зырылдап өтіп жатыр. Қазір Әбілсейіт аға 73-тен асты. Бірақ әлі тың секілді. Автокө­лікке кептелген Алматы көшелерімен машинаны да өзі жүргізеді.

Түйін
Айхановша айтқанда, қазақтың еркін күресі де, күні де дағыстанның, осетиннің, якуттың және тағы басқа ұлттардың балуандарына қарап қалған жоқ. Қазақ та күресе алады. Қазақтың киелі топырағы мен сайын даласы талантқа кенде емес. Тек соларды жазбай танитын қырағы көз бапкер керек. Бұлақ көзін аршитын ұлтжанды, білікті маман керек. «Қазақ күресі» деген жауынгерлік төл өнері бар алаштың боз кілемде балуанға зәру болуы – ағаттық. Мәулен Мамыровтай майталманның інілерін іздейтін, Дәурен Жұмағазиевтей таланттарды түлететін Алтай Танабаев секілді жаттықтырушыларымыз көп болса дейміз. Намыс отына шоқтай қарылған Әбілсейіт Айхановтай ұлтжанды атпал азаматтарымыздың да пікірлерімен санасқан артық етпес деген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста