Гамлет ҚАЙНАРБЕКОВ: Ат спортын дамыту өте қымбатқа түседі

Гамлет ҚАЙНАРБЕКОВ: Ат спортын дамыту өте қымбатқа түседі

Жақында Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбековпен тілдесудің сәті түсіп еді.

– Елді бұқаралық спортқа тартуға Ел­басының өзі тапсырма бергені мә­лім. Жамбыл облысы бойынша қа­ра­пайым халықты бұқаралық спортқа тарту қандай қарқынмен жүргізілуде?
– Өңірдегі спорт саласының басына өт­кен жылдың басында ғана келдім. Мен кел­­ген­ге дейін бәрі де құлдырап тұрды деп ай­та ал­маймын. Әйтсе де әлі де жасалатын шар­уа шаш етектен еді. Жамбыл облы­сынан шыққан Жақсылық Үшкемпіров, Се­рік Қонақбаев, Болат Жұмаділов, Ер­ма­хан Ибрагимов сияқты қаншама Олим­пиада жеңімпазы болса да, өлкеде ар­найы жабдықталған спорттық базалар мүл­де жоқ еді. Тек қана жоғары оқу орындары мен мектептердің спорт зал­да­ры ғана болды. Мұндай жағдайда жоғары спорт жетістіктерін айтпағанда, жалпы спорт­тың өзі қайтіп дамиды? Ал спорт мек­те­бінің залы қандай дейсіз бе? Бұрынғы ауыл шаруашылығы жетіс­тік­терінің көр­месін өткізетін жердегі (ВДНХ) шошқа, сиыр ұстайтын орындар жаттығу алаңына ай­налдырылған. Біздегі біраз мектеп өзінің қасындағы балабақшаны спорт залы еткен. Спорт залының салыну стандарты бо­йынша оның биіктігі – 4 метрден, ені – 12 метр­ден, ұзындығы 18 метрден кем бол­мауы тиіс. Онда қыздарға бір бөлек, ұл­дарға бір бөлек шешінетін, жуынатын орын болуы керек. Тіпті кейбір спорттық ғи­­мараттың ішінде дәретхана да жоқ. Осындай жағдайда жұмыс істеп келдік. Об­лыста стандартқа сәйкес спорт залдары кез­деседі. Бірақ оның бәрі жекеменшік. Мемлекеттік спорт мектептері бұл спорт залдарын жалға алуға мәжбүр. Облыс әкі­мі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бо­йынша спорттық нысандардың барлығына са­раптама жасап, өз ұсыныстарымызды бас­шылыққа ұсындық. Біздің ұсы­ныс­та­рымызды әкім қолдап, Тараз қаласында үш бірдей спорт залының құрылысы бас­та­лып кетті. Бұл нысандар осы жылдың ая­ғында немесе келер жылдың басында пай­далануға беріледі деп күтілуде. Бұған қо­са Жаңатас шағын қаласында 160 кө­рер­мен орындығы бар кешеннің құ­ры­лысы жүргізіліп жатыр. 2011 жылы Тараз қа­ласында халықаралық стандартқа сәй­кес спорт сарайының құрылысы басталды. Ол келер жылдың маусым айында пай­да­лануға беріледі. Астана мен Алматыны айт­па­ғанда, мұндай алып спорт сарайы ешбір об­лыс орталығында жоқ деп батыл ай­туға болады. Мұндай үлкен кешен Шым­кент­те ғана бар, бірақ ол – мұзайдын. Біз­­дегі спорт сарайының құрылымын айт­сақ, оның ішкі бөлінісі 13 спорт түріне арналған бірнеше залға жіктеледі. Онда спорттың 18 түрінен бес ауысымда 2600 адам жат­тығу жасап, дене шынықтырумен айна­лыса алады. Мойынқұм, Жуа­лы аудан орталық­та­рында спорт және мә­дениет кешендерін салу жоспарланып отыр.
– Гамлет аға, бір-екі жыл бұрын ай­­мақ­тағы командалық ойын түрле­рінің құл­дырап кеткендігі байқалатын. Қа­зіргі жағдай қалай?
– Расында, Тараз футбол құрамасы ке­йінгі 16 жылда 8-орыннан көтерілмепті. 1996 жылы республика бойынша чем­пион болғаны белгілі. Сербия құрама ко­ман­­дасын чемпион еткен белгілі жаттық­тырушы Лю­бомир Петровичпен ке­­лісім­­шарт жасасып, біздің фут­бол­шылардың тізгінін соған тапсырған едік. Со­ның арқасында біздің құрама ел бірін­шілігінде 4-орынға қол жеткізді. Келесі ал­ғашқы үштіктен кө­рінуді мақсат тұту­дамыз. 2010 жылы «Ай­ша бибі» әйелдер су добы командасын құр­дық. Бұл команда биыл Ресейдің чем­пионатына қатысып, 7-орынға ие болды. Қыздарымыз неге Ресей жарысына қа­ты­сып жүр? Өйткені Қазақстанда оларға тө­теп беретін бірде-бір әйелдерден құ­ралған су добы ко­ман­дасын таппайсыз. Екі жыл қатарынан үз­дік­тер қатарынан кө­рініп келеді. Су добы бойынша жасөспірім қыз­дарымыз да Азия чемпионатында чемпион атанды. Бізде регбиден қыздар ко­мандасы, көгалдағы хоккей тәрізді ко­мандалық спорт түрлері дамып келеді. Ай­та кету керек, облыс әкімі Қанат Ал­да­бер­генұлы – өзі бокстан спорт шеберлігіне үміт­кер. Сол себепті ол кісі басшылыққа келе сала 20 бокс залын ашу­ға тапсырма берді. Сөйтіп, бокс зал­да­­ры ашылып қана қоймады, толыққанды жаб­дықталды. Ринг­тер қойылып, қап­шықтар ілініп, кә­сіби бапкерлер кө­ме­гі­мен қазір 1600-ге жуық бала бокспен шұ­ғылдануда. Сон­дай-ақ облыста 20 фут­бол алаңы ашылды. Алаңдарда арнайы гол­ландиялық төсеніш төселген. Ені 22 метр, ұзындығы 42 метр етіп жасалған фут­­бол алаңқайы биік қор­шаумен қор­шал­ды. Енді бұдан былай те­мекі шегіп, ішім­­дік ішіп, бұрыш-бұрышта тө­белесіп жү­­ретін жастар бос уақытын осында өт­кізуде.
– Спортшыларды ынталандыру жа­ғы жолға қойылған ба?
– Біз былтыр Жоғарғы спорт шеберлігі мек­­тебі деген мемлекеттік коммуналдық ме­­кеме аштық. Сонымен бірге Жамбыл бокс клубын өмірге әкелдік. Жасы 18-ден ас­­­қан, болашағынан үміт күттіретін жас спорт­­­шыларды немесе аймақтың абы­ройын аспандатқан мықтыларымызды Жо­ғарғы спорт шеберлігі мектебіне тіркеп, жа­лақы төлеп тұрамыз. Жалақы спорт­шы­ның же­тіс­­тігіне орай жүйеленіп төленеді. Был­тыр спорт­­шылар қаражатын 50-60 пайызға кө­тердік. Жақсы жетістікке жеткен жас­өс­пірімдерге облыс әкімінің арнайы шәкірт­ақы­сы тағайындалады.
– Облыста ұлттық спорт түрлеріне қаншалықты көңіл бөлінуде?
– Тараз топырағында ұлттық спорт­та­ры­мыздың бірі – қазақ күресінің қан­ша­лық­ты дамып жатқандығын Астанада Ел­ба­сының жүлдесі үшін өткен «Қазақстан ба­рысындағы» Бейбіт Ыстыбаевтың же­ңісінен-ақ бажайлай беріңіз. Көкпар, бәй­ге, теңге алу, қыз қуу, аударыспақ сияқты ат спортымен қатар, тоғызқұмалақ, кір кө­теру сияқты ұлттық спорт түрлеріне жіті көңіл бөлудеміз. Алдағы жылы Әулие ата ат спорты клубына жобалық смета әзірлеп, үлкен база салдырмақпыз. Онда арнайы көкпар алаңы, бәйге стадионы болады. Ат спортын дамыту өте қымбатқа түседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста