Кәсіпқой бокс тарландары төбелеседі

Кәсіпқой бокс тарландары төбелеседі

Бүгін Алматыдағы орталық Циркте «Жерсу» корпорациясы мен Марат Мәзімбаевтың промоутерлік орталығы кәсіпқой бокс кешін өткізеді. Бүгінгі шаршы алаң бәсекесінің ең басты жаңалығы, кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта тұңғыш рет «Қазақстан чемпионы» деген атақ сарапқа салынады.
Чемпиондық атақ алматылық Қанат Алтаев пен шымкенттік Талғат Досанов арасындағы жекпе-жекте сарапқа салы­на­ды. Ал чемпиондық белбеу ар­найы тапсырыс бойынша Тайландта жаса­ты­лыпты. Бұл жекпе-жек 10 раундтан тұрады. Салмақ өлшеу рәсімінде Қанат Алтаев қарсыласы Талғат Досановтан 24 келіге ауыр шықты.
Марат Мәзімбаев, промоутер:
– Қанат Алтаев пен Талғат Досанов­тың қайсысына «алтын белбеу» бұйы­ратындығын кесіп айту өте қиын. Екеуі де – шеберліктерін біршама шыңдаған жігіттер. Әрі екеуі де осы айқасқа жан-жақты дайындалды. Талғаттың кәсіпқой бокс рингінде өнер көрсетіп жүргеніне 10 жылға жуық уақыт болды. Оның алдында әуесқой бокста да біршама жетістіктерге қол жеткізген. Шетел шаршы алаңында өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинақтаған. Ал Қанат еліміздегі әлеуеті мол жас боксшылардың қатарына жатады. Жасы 21-де, Талғаттан 10 жас кіші. Бірақ оның бойында кәсіпқойларға тән қимыл бар. Сол жағынан да біз оған сенім артып отырмыз. АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой клуб­тарында жаттығу жұмыстарын өткізді. Өзіне тән айла-тәсілдер қалыптастырды. Сондықтан екеуінің арасындағы төбелес жанкүйер қауым үшін өте қызықты болады.
Талғат Досанов
Шаршы алаңда 23 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сінде жеңіп, 11-інде жеңіліске ұшыраған. Бір жекпе-жекті тең аяқтаған.
Қанат Алтаев
Рингте алты жекпе-жек өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтаған. Екі жекпе-жекте тең нәтижеге ризашылық білдірді.
Бұл күні сондай-ақ тағы сегіз салмақта дәреже көтеру жекпе-жектері өтеді. Он­ың үшеуінде жерлестеріміз Ресей боксшы­ларына, енді үшеуінде таиландтық был­ғары қолғап шеберлеріне қарсылас атанбақ. Қалған екі жекпе-жекте қазақ-эстон және қазақ-қырғыз боксшылары жұдырықтасады.
Бүгінгі кеште рингке шығатын боксшылар жұбы төмендегідей:
55,3 келі
Тұрсынбек Сыдықов (Қазақстан) – Равиль Мухамадияров (Ресей), 4 раунд
Ерсін Жайлауов (Қазақстан) – Наронной Ор Муанланг (Таиланд), 6 раунд

53,5 келі
Жанат Жақиянов (Қазақстан) – Александр Федоров (Ресей), 8 раунд
57,2 келі
Міржан Жақсылықов (Қазақстан) – Едмонкол Синманасак (Таиланд), 6 раунд
61 келі
Берік Қалиев (Қазақстан) – Александр Салтыков (Ресей), 6 раунд
66,6 келі
Әсет Айсин (Қазақстан) – Леонтий Ворончук (Эстония), 6 раунд
Владислав Савченко (Қазақстан) – Сомачай Накбали (Таиланд), 8 раунд

69 келі
Ғалымжан Мырзабаев (Қазақстан) – Нурдин Солубеков (Қырғызстан), 4 раунд
Бұлардың ішінде Владислав Савченко­ның қарсыласы – өте тәжірибелі боксшы. Ол – ПанАзия бокс қауымдастығының чемпионы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста