Марат Мәзiмбаев: Қазір кәсіпқой боксқа қарағанда, әуесқой бокстың дамуына барлық жағдай жасалған

Марат Мәзiмбаев: Қазір кәсіпқой боксқа қарағанда, әуесқой бокстың дамуына барлық жағдай жасалған

Қазақ атын әлемге танытып жүрген спортшыларымыз аз емес. Әсіресе, боксқа келгенде еліміздің мерейі үстем, мәртебесі жоғары. Алдына жан салмайтын көптеген қазақ дарабоздары еліміздің көк байрағын төмен түсірмей келеді. Сондай былғары қолғап шеберлерінің бірі, кәсiпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Марат Мәзімбаев елі үшін тер төгуден ешқашан аянып көрген емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын әуесқой бокстан кәсiпқой боксқа ауысқан Марат әлем чемпионы атағына аз уақытта ғана қол жеткiздi. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Колумбиядан келген кәсiпқой боксшы Луис Дорияны нокаутпен жеңген отандасымыз сарайға жиналған бес мыңға жуық жанкүйердi қуанышқа бөледi. Содан берi, мiне сегіз жыл өтiптi. Дәл қазiр Марат Мәзiмбаев былғары қолғабын шегеге iлiп, «Жамбыл» бокс клубының директоры қызметін атқарып келеді. «Алаш айнасының» тілшісі атақты былғары қолғап шеберімен сұхбаттасқан еді.

– Әңгімемізді боксқа жаңадан келген бала шағыңыздан бастасақ.
– Өзім Жамбыл облысының түлегімін. Бала кезімде мен боксшы боламын деп тіпті ойламаған едім. Спортқа 11 жастан бастап келдім. Ауылымызда ол кезде бокс мектептері жоқ болатын. Бір күні біздің сыныпқа жаңадан оқушы келді. Оның әкесі бапкер екен. Сол баланың жанында жүріп әкесінен бокс өнерінің қыр-сырын үйрендім. Кейін ауылымызда бокс мектебі ашылып, жаттығу жұмыстарын кірістік. Көп ұзамай жарыстарға да қатыса бастадым. Қазақстан, Қырғызстан чемпионаттарында жеңіске жетіп, «ең үздік техникасы үшін» деген мараттаптарға ие болдым. 1987 жылы жасөспірімдер арасында өткен біріншілікте белгілі бапкер Станислав Богоревтің көзіне түсіп, ол кісінің шақыртуымен Алматыдағы үлкен бокс мектебіне қабылдандым. Ол кезде мен 7 сынып оқушысы едім. КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері С.Богорев мені өз қамқорлығына алып, көп еңбектенуге баулыды. Күніне екі мезгіл жаттығу жасап, боксқа шындап ден қойдым.
– Марат өзіңіздің ең алғаш шаршы алаңға шығып, жеңіс тұғырына көтерілген кезіңіз есіңізде ме?   
– Әрине, менің жеткен әрбір жеңісім есімде. Оны ұмыту мүмкін емес. Себебі, әрбір жекпе-жекте жіберген қателігіңді, келесі сайыста жібермес үшін тынбай еңбектенесің. Он үш жастан бастап мен бокстан жасөспірімдер арасындағы жарыстарға қатыса бастадым. Ең алғаш Республикалық жасөспірімдер арасында өткен сайыста жүлдегер атандым. Бұл жеңіс мені үлкен жетістікке жетеледі. 1987 жылы Республикалық Олимпиадалық резервтер дайындау училищесіне оқуға түстім.  1993-1996 жылдары әуесқой бокстан Қазақстанның төрт дүркін жеңімпазы атандым. 1997 жылы Шығыс Азия ойындарының, 1997 жылы Оңтүстік Корея және Қарулы Күштер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдесін иелендім. 1998 жылы Бангкок және Тайланд, ал 1997 жылы Германияның Галле қаласында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдеге қол жеткіздім. 2001 жылы ең алғаш кәсіпқой бокс алаңына шықтым. Әрбір боксшының басты арманы Олимпиада ойынына қатысып, чемпион атану. Өкінішке қарай, маған Олимпиада чемпионы атану бұйырмапты.  Сиднейдегі Олимпада ойындарына қатысуға бел будым, бірақ бұл додаға қатысуым екі талай еді. Себебі, мұндай жарыстан менің көңілім қалған болатын. Сол себепті де, кәсіпқой боксқа ауысу туралы жасаған ұсынысқа ешқандай қарсылық білдірмедім.  Жоғарыда айтып кеткен жекпе-жектен кейін Ресейлік промоутер Герман Титов мені өзінің клубына шақырды. Мен келісімшарт бойынша олармен біраз уақыт жұмыс жасадым. Сондай-ақ, 2005 жылы Алматыда өткен кәсіпқой бокс арасында ІВА тұжырымы бойынша әлем чемпионы және осы жылы WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпион атанғаным барша қазақ халқына аян.
– Кейбір бокс мамандарының сөзіне қарағанда, сізді бокс алаңынан ерте кетті деп  айтады?
– 2008 жылы шаршы алаңға соңғы рет шықтым. Сол кездің өзінде 34 жаста болғанымды ескерсек, былғары қолғаппен ерте қоштаспаған сияқтымын. Әйтсе де үлкен спорттан өз еркіммен кеттім дей алмаймын. Денсаулығыма байланысты сондай шешім қабылдауыма тура келді.
– Проумоутерлік жұмысқа бет бұруыңыздың себебі неде еді?
– Өзім бокс саласында жүргеннен кейін алдыма көптеген адамдар келеді. Көпшілігі кәсіпқой боксқа қатысып, өздерін көрсетуді қалайды. Солардың ішіндегі бір-екі боксшыны өзім Ресейге алып барып, кәсіпқой бокстағы жолдарын ашып бердім. Артынша маған, неге осы өзім кәсіпқой бокстың дамуына жағдай жасап, проумоутерлік компания ашпасқа деген ой келді. «Снайпер» спорт клубы 2009 жылы ашылды. Құдайға шүкір, қазақта мықты боксшылар баршылық қой. Бірақ жігіттердің талайы әуесқой бокс аясында қалып қойып жатады. Бізге спорт қамқоршылары – «Zhersu» инвестициялық корпорациясының басшысы Бауыржан Оспанов пен «SAT&Company» директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев демеушілік көрсетті. 2009 жылдың ақпан айында Алматыдағы «Қазақстан» мейманханасының холында орнатылған шаршы алаңда тұңғыш жарысымызды өткіздік. Онда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің кәсіпқой бокс шеберлері бақ сынасты. Орталықты ашудағы басты мақсатымыз – өзіміздің жастарымызды әлемдік аренаға шығарып, кәсіпқой бокста алдына жан салмайтын қазақ дарабоздарының есімдерін әлемге паш ету болды. Әрине, ойлаған ойым іске асып, қазақ жастарының арасында көптеген кәсіпқой бокс шеберлері жеңіс тұғырына көтерілді. Бір жылдың ішінде бірнеше халықаралық жарыс ұйымдастырдық, біздің қазақ жігітері намысты қолдан бермеді. Шетелдіктерді ойсырата жеңіп, бізді бір қуанышқа бөледі.
– Спорт сүйер жанкүерлердің көзайымына айналған проумоутерлік орталықтың жабылуына нендей себеп болды?
– Біз бұл жарысты ай сайын өткізіп отырдық. Кәсіпқой боксқа жаңадан ауысқан спортшыларымызға да әр айда бір рет шаршы алаңға шығу оңайға соқпады. Олар күніне бір емес, бірнеше рет дайындық жұмыстарын жүргізуіне тура келді. Бір жыл үзбей өз елімізде қызықты жарыстар өткіздік. Ал, екінші жағынан федерация, министрлік, үкімет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілмегендіктен, бұл проумотрлік орталықтың жұмысы ұзаққа созылмады.
– Марат, қазір немен айналысып жүрсіз?
– Ия, мен Алматы қаласы Ішкі істер академиясында жауынгерлік және дене шынықтыру кафедрасының бастығы, подполковник қызметін атқардым. Спорттан мүлдем кетіп қалған жоқпын. Осы қызметке мені шақырғаннан кейін, бокстан қол үзіп, жаңа жұмысқа кірісіп біраз уақыт бокстан алыстап қалғаным рас. Бірақ, бұл жұысқа етене үйренгене кейін біраз қазақ жігіттерін кәсіпқой боксқа дайындадым. Мен спорт үшін жаралған жанмын. Сондықтан да өзімнің туған жерімде «Жамбыл» бокс клубына директорлық жұмысқа шақырғанда бірден келістім. Себебі, менің бар ниетім қазақ кәсіпқой бокс шеберлерінің дайындапшығару. Менің бар мақсатым – қазақтың көк байрағын желбірететін боксшыларымыз елімізде көбейту.  
– Қазіргі уақытта әуесқой боксқа қарағанда кәсіпқой бокстың кенжелеп қалғанын мойындауымыз керек. Бұған сіздің көзқарасыңыз?
– Бізде әуесқой бокс саласы ерекше дамығаны рас. Өйткені әуесқой боксшылар бір-екі рет олимпиадаға барады да, кәсіпқой боксқа деген ынтасын жоғалтып алады. Ал шет елдерде бір рет олимпиадаға барып келген боксшы өзі-ақ кәсіпқой боксқа лезде ауысып кетеді. Мәселен, Мексикада 18 жастан кейін-ақ кәсіпқой боксқа жастар көптеп келе бастайды екен. Бізде бәрі керісінше. Бірақ уақыт өте жастар кәсіпқой боксқа көптеп келеді деген ойдамын. Өйткені, кәсіпқой бокстың болашағы зор.
– Қазіргі уақытта жастар кәсіпқой боксқа көп қызыға ма, жоқ әлде әуесқой боксты ұната ма?
– Жастардың көбінесе әуесқой боксқа деген қызығушылығы жоғары. Оның негізгі себептерінің бірі - қазір кәсіпқой боксқа қарағанда, әуесқой бокстың дамуына барлық жағдай жасалып жатыр. Жалақы мәселесі де шешілген. Дегенмен де спорттың қай түрі болса да - абыройлы. Қалай болғанда да кез келген спортшының басты мұраты - әлемдік аренаға шығып, спорт өнерін көрсетіп, өз елінің намысын биікте ұстау.
– Ауылдың балалары үлкен спорттан кенжелеп қалып жатқан жоқ па?
– Әрине, оны мойындаймын. Ауыл-аймақтарға түрлі стадиондар мен спорт залдарын салу керек. Арнайы спорт мамандарына жағдай жасап, ауыл жаққа қызметке жіберу қажет. Сонда ғана біз болашақ чемпиондарға жол ашып береміз. Қазір ауылда спорт залы жоқ мектептер бар. Спортқа жақын жеткіншектер мектеп ауласында орнатылған бірді-екілі турниктерден өзге спорттық жабдықтарға зәру.
– Табиғаты ұяң қазақ қыздарының бокспен шұғылданғаны дұрыс па, әлде бұрыс па?
– Бокс болсын, ауыр атлетика болсын – қыздарға жат сала. Әсіресе өзіңіз айтып отырған қазақтың қыздарына тән емес. Спортта адам ағзасына орасан зор күш түседі, ал әйел баласының парызы – өмірге ұрпақ әкелу болғандықтан, ол үшін спорттың берері көп болмаса керек. Өз басым солай тұжырымдаймын.
– Боксшылардың барлығына ортақ қандай қасиет бар?
– Боксшы болу оңай емес. Барлық нәрсе тек еңбек пен шыдамдылықтың арқасында келеді. Ал енді боксшылар қандай болады? Боксшылар намысшыл келеді, дегенінен қайтпайды. Спорт адамын қиыншылықтан алып шығатын нәрсе – ол мықты дайындығымен қоса, сол намысшылдығы мен шыдамдылығы болса керек.
– «Осы бокстың керегi не? Елдің отағасы секілді үйде отырмайсың ба?» деп жұбайыңыз Жанар сізге айтады ма?
– Жоқ, Жанар менің бокспен айналысуыма еш қарсы болған емес. Өйткенi, мен кiшкентай кезiмнен былғары қолғапты серiк етіп келемін.
– Өзіңіз төрт қыз тәрбиелеп отырған әкесіз. Қыздарыңыздың бірінде былғары қолғапқа деген әуестік жоқ па?
– Бір қызым спорттық гимнастикаға қатысып жүр. Бұл спортқа деген негізгі бастама болғандықтан, кейін спорттың басқа түріне ауысуына әбден болады.
– «Кәсіпқой спорттың адам денсаулығына тигізетін зияны көп» деп жатады. Сіз зиян шектіңіз бе?
– Әр мамандықтың өзіндік зияндығы да, пайдасы да болады емес пе? «Спортпен кәсіби түрде айналыссам, денсаулығымды құртамын» дейтіндермен келісе бермеймін. Оның барлығы спортшының тікелей өзіне байланысты. Мен де көп спортшылар секілді бірнеше рет денемді зақымдағанмын. Қолым, мұрным сынып, бауырыма да қатты соққы тиген. Бірақ қазір барлығы жақсы.
– Сұхбатыңызға  рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста