Мемлекет спортты қаржыландыру жүйесін өзгертпек
Мәжіліс спорт түрлерін қаржыландыру өзгертулері мақұлданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы спорт түрлерін қаржыландыру мақсатында әзірленді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева төменгі палатаның жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
ҚР дене шынықтыру және спорт туралы Заң жобасының жобасы биылғы жылғы 1 наурызда ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданды.
«Заң жобасының негізгі мақсаты дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, қаржыландыру жүйесінің айқындылығы мен нақтылығын арттыру болып табылады.Спорт түрлері бойынша қаржыландыруды бөлудің қолданыстағы тәртібі тиімділік пен объективтіліктің төмен деңгейімен сипатталады. Қазақстан Республикасының өңірлерінде спортты қаржыландыру негізінен спорттың ойын түрлеріне бағытталған», – деді депутат.
Заң жобасы қабылданған жағдайда республикалық және облыстық деңгейлерде спорт түрлерін нақты және дербес қаржыландыруды бөлуге кепілдік беретін спортты қаржыландырудың жеке моделі әзірленетін болады.
«Бюджеттік қаражатты бөлу кезінде спортты саралау басымдылыққа алынады. Негізгі талап – халықаралық жарыстардағы спорттық жетістіктер, ұлттық-мәдени дәстүрлі спорт түрі, кадрлық әлеуеттің саны мен материалдық-техникалық база», – деді ол.
Заң жобасымен жұмыс кезінде депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізді. Мәжілісмендер жобаны екінші оқылымда мақұлдады.