Мұхамедиұлы: "Самұрық-Қазынаның" спортты қаржыландыруы көптеген сауал туғызады
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының спорттық командалар мен үлкен спортты қаржыландыру процесі көптеген сұрақ туғызады, деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Министрліктің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ол спорттық жобаларды қаржыландыруды қысқартуына байланысты "Астана" ралли-рейд командасының қызметін қаржыландырудың тоқтатағаны туралы айтты.
"Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы "Астана" президенттік клубын басқаруды Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігіне берді", — деді министр.
Мұхамедиұлы атап өткендей, әңгіме қомақты қаражат туралы болып отыр, сол себепті ахуал толығымен айқындалғанша қаржыландыру тоқтатылды.
Процестердің анық-қанығын білу үшін Мәдениет және спорт министрлігі спортшылар, депутаттар мен қоғам қайраткерлерінен тұратын қамқоршылық кеңес құрған.
"Енді бүкіл спорт саласын бір құзыретті орган қадағалайтын болады. Бұған дейін мұнымен "Самұрық-Қазына" айналысып, ақшаны тікелей аударатын, әлбетте, бұл айқын емес еді, сондықтан көптеген сауал туындап отыр. Қазір біз мұны мәдениет және спорт министрлігінің құзыретіне тапсырдық", — деп атап өтті ведомство басшысы.