"Өлген" жоқ, "Sport" газеті әлі тірі...

"Өлген" жоқ, "Sport" газеті әлі тірі...

Сонау Кеңес дәуірі кезінде ел спортын насихаттаған жалғыз басылым, яғни "Sport" газеті бүгінде талай қиындық пен өзгерісті басынан кешіріп, нарық көшіне әзер ілесіп келеді. Бірақ сонда да шығып жатыр. Жақында тілшіміз осы газеттің қазіргі бас редакторы Дүрәлі Дүйсебаймен сұқбаттасқан еді, деп жазады "Алаш айнасы".
– Жарты ғасырдан астам тарихы бар «Спорт» газеті көзімізге түспей кетті? Естіген құлақта жазық жоқ, «Алматыға қайта көшіп келетін болды» деген де сыбыс шыққандай еді. Осы басылымның тағдыры біраз «көкпарға» тартылған сияқты да ғой...
– Газетке сәуірдің ортасында келдім. Сондықтан басылым туралы алып-қашпа сөздерді естімегенім рас. Ал «Sport»-«Спорт» газеттерінің басынан көп құқайдың өткенінен аздап хабардармын. Тіпті, «Спорт айдыны» деп те аталды, газет бір кездері. Осы аралықта «Қазақ спорты» деген жаңа газет келді, дүниеге. Басылымның басына осындай күн туып тұрған кезде оның жұмысын осы газет өз қолына алған секілді. Ел де қазақ «Спорты» осы екен деп назарын аталған газетке аудара бастаған кезде белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев басылым тізгінін қолына қайта алып, осыдан елу бес жыл бұрынғы «Sport» деген атауын қайтарған. Көп ұзамай ол кісі де зейнетке шықты. Газеттің басқарушысы ауысты. «Алматыға көшеді» деген әңгіме де осы кезде шыққан шығар. Алайда саясат Астанада жасалып, жарыстардың дені Астанада өтетін болғандықтан газет бас қалада қалды.
– Бұл газет қазір сатылымда бар ма? Қай өңірлерге таратылады?
– Газет Елордада ғана дүңгіршектерге шығарылып жүр. Алла жар болса, келесі жылдан бастап Алматы қаласы мен облыс орталықтарында да сатылымға шығады.
– Бүгінде қаржыландыру мәселесі қалай болып тұр? Нуынан нәр алатын демеушілеріңіз бар ма?
– Жанымызға ауыр тиетін сұрақ – бұл. Елу бес жылдық тарихы бар қазақтың тұңғыш спорт басылымына тендерден ақша бұйырмады десем, ешкім сенбейтін шығар. Бірақ шыны сол. Екі тілде шықса да, қазақ спортына сіңірген өлшеусіз еңбегі болса да... Соңғы бір-екі жылда тиражы да күрт қысқарған, үкімет тарапынан да көмек байқалмайды. Әрине, мұнда «өз күндеріңді өздерің көріңдер» деп барлық спорт басылымын теңізге бірге жіберсе, өкпе жоқ қой. Ал демеуші дегенді қойыңыз. Өзіне бірден пайда әкелетін сала болмаса, қазір мә деп ақша бере қоятын кім бар? Атымтай Жомарттар ерте өліп кетті ғой.
– Осындай қиын-қыстау кезеңде «тар жол тайғақ кешкен» басылымның редакторлық қызметіне келуіңізге не түрткі болды? Қиындығы мен жауапкершілігі тым ауыр шығар?
– Бұл маған қойылатын сұрақ емес, әрине. Несіп ағаның мен де бір шәкіртімін. Ол кісіні зейнетке шығарып салу рәсіміндегі отырысты жігіттердің өтінішімен мен жүргіздім. Бірақ ол кісінің орнына барамын-ау деген ой болған емес. Кезінде анау барады екен, мынау келеді екен деген болжамдар айтылған да шығар. Оның арасында менің атымның аталмағанына жүз пайыз сенемін. Өйткені спорт журналисі ретінде мені жұрттың ұмытқаны да шындық. 1997 жылдан бастап басқа салада қызмет еттім. Сол саладан зейнетке шықтым. Алайда сол кезде атағы дүрілдеп, атынан ат үркіп тұрған «Халық сөзі» деген жас, жас та болса, құйрық-жалы күдірейіп қалған басылымға келдім. Қаламымды ары-бері сызғылап көріп, өзімнің көзірім спорт екенін сездім де, «Лениншіл жастағы» алтын ғасырым көз алдыма елестеп, спорт бетін жүргізе бастадым. Сайт арқылы жұрт менімен қайта жүздескендей. Орта қалыптастырдым. «Sport»-«Спорт» газеттерінің тізгін ұстары болмай тұрған кезде ғана сонда істеп жүрген жігіттер «келсеңізші» деп шақыра бастады. Алдында Несіп ағам екі рет редактордың орынбасарлығына шақырған. Бірақ «Халық сөзі» секілді тамаша жобаны бірге алып жүрген жігіттерден бөлініп кету ұят болар еді.
«Халық сөзі» басқа бір қожайынның қолына өтіп, саясат өзгерген соң, өз еркіммен кеттім. «Құланның қасынуына шүріппенің басылуы» дөп келді дегендей, осы кезде «Sport»-«Спорт» газетінен ұсыныс түсті. Ойландым, алдында да толғанып жүргенмін әлгінде айтқандай. Онсыз да жұмыс аз емес еді, Еуразия университетінде шәкірттерім бар. Ардагерлер кеңесінде қоғамдық жұмыс, ойда жүрген кітаптарым бар дегендей. Бірақ осы газетке аңсарым ауып тұрды. Келістім.
Осы бір аз мерзім ішінде қалай жұмыс істегенімнің нәтижесін көретін кез алыс емес. Егер нәтиже болса. Спорт жұртшылығы және федерациялармен, тіпті, агенттікпен байланыс үзіліп қалған. «Қазақ спортына» дауым жоқ. Ел спортын келістіріп жазып жүрген – газет. Алайда сол кезде оқырман қауым үшін қазақ «Спорты» «Қазақ спорты» болып атын-жөнін ауыстырып алды деген ұғымның пайда болғаны рас. Оған баспасөзге жазылу барысында «Қазпошта» және басқа да жазылу науқанына жауапты мекемелерден, кейбір оқырманымыздан естігенде көзім жетті.
Алдағы мақсат – газеттің имиджін қайта көтеру, атауын өзгерту. Әрине, «Спорт» деген атау осы газеттің о бастағы аты болғандықтан одан ажырай да қоймаспыз. «Sport» дегенді шетелдік газет деп ойлағандар да болған шығар. Орыс басылымының тиражы қазақшасына қарағанда артықтау болғаны да содан болар. Қызметкерлеріміздің де саны азайған. Аумақтарда тілші ұстау қиындап қалған. Техникалар да ескірген. Сайт мүлде жоқ. Кемшілікті толықтырып, олқылықтарды орындап келеміз біртіндеп. Оны ұдайы алдырып оқитын оқырмандар байқап жүрген шығар. Таяуда газетіміздің күнде жаңартып отыратын өз сайты болады. Федерациялармен, спорт мектептері, жалпы спорт мекемелерімен байланысқа түсіп жатырмыз. «Апыр-ау, сол газет пе? Сіздер жабылып қалған жоқсыздар ма?» деген тосын сауалдар тосылдырып жүр. Өткенге топырақ шаша алмаймыз, әрине.
Қазір ҚР Мәдениет және спорт министрлігі де бізге назар аударып, кейбір бастамаларымызға қолдау көрсете бастады. «Нұр Отан» партиясымен «Дені саудың – жаны сау» атты саламатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттайтын жаңа жобаның тұсауын кестік. Аумақтарға басылымның 55 жылдық мерейтойына орай ақпараттық-сараптамалық көшпелі экспедиция ұйымдастырып, алғашқы сапарымызды бастап та кеттік. Облыс әкімдерінің жергілікті спортқа, спортшыларға жасаған қамқорлығы, бұқаралық спортты дамытудағы іс-шараларына қарап, «Спортқа қамқоршы әкім», «Спортшы әкім» атты байқау да жүргізілуде газет бетінде.
Республикалық (сырттан келген спорттық басылымдарды да назарға алғанда) БАҚ айдынындағы өз атымызды қайта қалпына келтіріп, белгілі бір деңгейде тираж жинай алсақ, алғашқы меже алынды дер едім. Сосын... сосынғысын өмір көрсете жатар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста