Пеле туралы қызықты 10 дерек

Пеле туралы қызықты 10 дерек

Кез келген адам «бүгінде әлемде жанкүйері көп қай спорт?» деген сұраққа іркілмей бірден «футбол!» деп жауап берер еді. Екі қақпаның ортасында 22 адам жүгіргенімен, олардың арасында көрерменді өзіне баурап алатын таланаттар болады. Өткен ғасырдың 60-70-жылдары Бразилияның атақты футболшысы Пеленің ойынын көргендер оның өнерін әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Бүкіләлемдік футбол королі деп таныған Эдсон Арантис ду Насименту, яғни көпшілікке Пеле есімімен таныс ойыншы 23 қазан күні 75 жасқа толды. Осыған байланысты футбол королінің спорттық карьерасындағы он қызықты деректі ұсынамыз.

17 жастағы дебют

Пеле 17 жасында алғашқы әлем чемпионатына қатысты. Швеция жерінде өткен біріншілікте бірінші ойынын КСРО-ға қарсы өткізді. Бұл ойында Бразилия 2:0 есебімен ұтты. Ол өзінің алғашқы голын ширек финалда Уэльс қақпасына соқты. Жартылай финалда Бразилия Франция құрамасынан 5:2 есебімен басым түсті. Он жеті жастағы вундеркинд хет-терик жасады. Осылай ол әлем чемпионатында ең жас хет-триктің авторы атанды. Финалда Бразилия жарыс қожайынын жеңіп, алғаш рет әлемдік мундиальдың бас жүлдесін олжалады.

Бір матчта сегіз гол!

Пеле жас кезінен-ақ мергендігімен көзге түсе бастады. Тіпті, 1964 жылы 21 қыркүйекте Рибейрао-Прето қаласының «Ботафого» командасына 8 гол соққан.

Үш дүркін әлем чемпионы

Пеле – үш дүркін әлем чемпионы атанған жер бетіндегі жалғы футболшы. Ол Швеция, Чили, Мексикадағы доп додасында алтын кубокты ұтып алу бақытына ие болды. 1970 жылы финалда Бразилия мен Италия ойнаған еді. Сол кездесуді көруге Мехикодағы «Ацтека» стадионына 110 мың көрермен жиналды. Бразилия финалда италиялық футболшыларды 4:1 есебімен тізе бүктірді. Пеле бұл матчта өзі бір гол соғып, әріптестеріне екі нәтижелі пас береді.

Бразилия тарихындағы үздік бомбардир

Пеле ұлттық құрама сапында 92 матчта 77 гол соққан. Оның ізбасары Роналдо 62 голға дейін жеткізді. Бірақ Пеледен оза алмады. Ал қазір 23 жастағы Неймар 46 голдың авторы атанып үлгерген. Атақты футболшының рекордын дәл осы Неймар жаңартады деген болжам бар. Алайда Пеле бұл туралы басқаша көзқараста: «Жаңа король болу мүмкін емес. Неймар – жақсы ойыншы. Ол әлемдік деңгейдегі жұлдыз болады. Бірақ маған жете алмайды» деген еді.

Бразилиялық найзағай

Пеле өзінің керемет физикалық қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында футболда адам сенгісіз нәтижелерге қол жеткізді. Ол, тіпті, 100 метр қашықтықты 10 секундта жүгіріп өтетін болған. Кейбір кәсіби жеңіл атлеттердің өзі мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды. Бразилиялық жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, бәлкім, аңыз желаяқ Усэйн Болтқа бәсекелес атанар ма еді?

Пеле ұзын бойлы ойыншылардың қатарына жатпайды (173 см). Алайда ол допқа талас кезінде 2 метрге дейін секіреді екен. Осындай көрсеткіштеріне қарап, Пеленің жеңіл атлетиканың бірнеше түрімен айналысуына шамасы жеткенін байқауға болады.

«Сантостың» символы

Бразилияның Сан-Паулу штатының «Сантос» командасына Пеле 18 жасында келді. Ол 1956-1974 жылдар аралығында 1091 гол соққан. Клубтың тарихы екіге бөлінеді: біріншісі, Пелеге дейін. Екіншісі, Пеледен кейін деп. Атақты футболшы «Сантос сапында 5 рет Бразилия кубогын ұтып алды. Екі рет «Либертадорес» және құрлықаралық кубокқа ие болды. 2014 жылы «Сантос» Пелемен мәңгілік келісімшартқа отырды. Яғни бұл – команда мен футболшы бір деген сөз.

1000+

Пеле «1000» клубының» мүшесі. Ол өзінің спорттық карьерасында 1389 гол соққан (кейбір деректерде 1281). Жиырма бір жылға жуық кәсіби спорттық ғұмырында осынша голдың авторы атанған. Пеле бұл көрсеткіш бойынша чехиялық Йозеф Бицан (1468) және неміс Герд Мюллерге (1461) ғана жол береді.

Пеле күні

1969 жылдың 19 қарашасы Бразилия футболының тарихына енді. Атақты «Маракана» стадионында «Сантос» пен «Васко да Гама» кездесуінде Пеле өзінің 1000-шы голын соғады. Осыған орай Бразилияның байланыс министрі пошта маркасын шығарады. Бұл жеке футболшының жетістігіне байланысты шығарылған тарихтағы алғашқы пошта маркасы болды. Бразилия халқы әлі күнге дейін 19 қарашаны «Пеле күні» ретінде тойлайды.

ХОК-тың тұжырымы бойынша үздік спортшы

1999 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет Пелені ХХ ғасырдың үздік бес спортшысының қатарына қосты. Бразилиялық ойыншы ешқашан Олимпиада ойындарына қатысып көрмепті. Сонда да.

XX ғасырдың үздік футболшысы

Әлемнің танымал басылымдары Пелені 100 жылдықтың үздік ойыншысы деп таныды. Бразилиялық футболшы World Soccer, France Football, Guerin Sportivo, Placar журналдарының тұжырымы бойынша XX ғасыр футболшыларының арасында бірінші орында тұр. Пеле сондай-ақ ФИФА-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың әлем құрамасына енген.
 baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста