Қарағанды Қостанайды құзға жықты
Қарағандыда Қазақстан бокс федерациясы кубогының соңғы ширек финалдық кездесуі өтіп, кеншілер қаласының құрама командасы Қостанай боксшыларынан 5,5:4,5 есебімен басым түсті.
Бұл кеште рингке бес елдің боксшылары шықты. Қарағанды облысы өз құрамын Өзбекстан жігіттерімен нығайтып (Нозимжан Собиров және Атабек Ибрагимов), аса ауыр салмақта Беларусь боксшысына иек арты. Қостанай да олардан қалысқан жоқ. Ауыр салмақтарда Украина құрамасының үш боксшысына (Роман Капитоненко, Александр Усик, Иван Сенай), ал екінші жеңіл салмақта Ресей жігітіне сенім артты. Бұларға өзіміздің боксшыларымызды қоссаңыз, Қарағанды шаршы алаңындағы айқастардың қаншалықты тартысты өткендігін аңғаруға болады. Себебі осы кеште шаршы алаңға шыққан боксшылардың арасында жоғарыда аталған елдердің кейбіреулерінің чемпиондары, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері шықты. Бірақ кезек ауыр салмақтағы легионерлерге жеткенше, кездесу тағдыры негізінен өз боксшыларымыз арасындағы жекпе-жектерде шешілді.
«Солтүстік» дивизион, 1/4 финалы
Қарағанды – Қостанай – 5,5:4,5
(жалпы есеп – 16:13)
49 келі: Теміртас Жүсіпов – Мардан Берікбаев – 5:2
52 келі: Олжас Сәттібаев – Евгений Гусев – 9:2
56 келі: Мұхит Амантаев – Миржан Рақымжанов – 6:6
60 келі: Айдар Әмірзақов – Андрей Пальник – 5:1
64 келі: Думан Сүлейменов – Әділет Егізеков – 3:9
69 келі: Нозимжан Собиров – Шоқан Төребаев – 8:4
75 келі: Әліби Нұрматов – Антон Пинчук – 9:1
81 келі: Атабек Ибрагимов – Иван Сенай – 1:9
91 келі: Алексей Севостьянов – Александр Усик – 1:10 (айқын басымдықпен)
+91 келі: Юрий Быховцев – Роман Капитоненко – 1:9
Жартылай финал
13 қараша, Шымкент: Оңтүстік Қазақстан – Маңғыстау
27 қараша, Астана: Астана – Қарағанды
Финал
16 желтоқсан, Астана: ? – ?