Қызыл кітапқа енген барыс қазақ күресінің символы бола ала ма?

Қызыл кітапқа енген барыс қазақ күресінің символы бола ала ма?

Екінші жыл қатарынан өткен «Қазақстан барысы» турнирі қазақтың мерейін өсіріп, қалың елге зор қуаныш сыйлады. Қазақ күресінің дамуына нық қадам жасалып, нақты іс қолға алынды. Тамаша жоба!
 Сондықтан аталмыш жобаны ұйым­дастырып, ыстық-суығына шыдап жүрген азаматтарға алғыс айтамыз. Десек те, «көш жүре түзеледі» демекші, біз де өз ұсынысымызды ортаға салсақ деген ойдамыз. «Қазақстан барысының» алға қойған басты мақсаты қазақ күресінің мәртебесін арттыру болар. Сол мақсатты қолдай отырып, ұйымдастырушылар назарға алар деген оймен көкейтесті ойларыммен бөліспекпін.
Алдымен, дүниеге келген нәрестеміздің есімін қоярда соның тағдырына, ғұмырына әсері болар деген сеніммен дұрыс ныспы беруге мән берген қазақпыз ғой. Жобаның атауын қоярда сан рет толғанып, мың рет өлшеп-пішкендеріңіз сөзсіз. Дегенмен осы жобаның «барыс» деп аталуына көңілім толмайды-ақ. Бұл қазақ халқының ұлттық нышаны болатындай аң түрі емес, ме­ніңше. Балқаштың қалың қамысынан бас­қа жерден, мысалы, қазақ жазирасынан бұл мысық тұқымдасты мен көрмедім. Айдаһар десе, қытайды, аю десе, орысты ойыңа аласың ғой. Ал барыс дегеніңіз қазір өте сирек кездесетін және жойылудың аз-ақ алдында тұрған аң ретінде Қызыл кітапқа енгізілген. Осыны да ескерсек, турнирдің «барыс» аталуы ырымға жаман екен. Рас, ұлт ретінде «қызыл кітапқа» еніп кете жаздаған кездеріміз болды. Ал мұндай көңілсіз ассоциациялар туын­дататын атау қазақ күресіне лайық емес сияқты.
Екіншіден, жарнамаға ден қою керек. Жарнама қай істің болсын алға басуының локомотиві боларын білесіздер. ХХІ ғасырда оның қоғамға деген әсері тіптен жоғары. Сонымен, біздің ой... Әр облыстан қатысатын палуандарды 2-3 минуттық роликке түсірсе. Ролик те ерекше болуы керек. Күрес залындағы дайындық емес, балуанның табиғат аясындағы дайындығы керек. Елге әсерлі болуы үшін ат үстінде тұрып, тайынша көтергені немесе таудың қара тасын басынан асырып лақтырып жатқаны, өгіз көтергені, мүйізінен ұстап, бұқа жыққаны сияқты мазмұнда роликтер түсірілсе. Біріншіден, өте тиімді жарнама, екіншіден, бір көрген адамның көкейінде балуандар бірден жатталып қалады.
Үшіншіден, «ютуб» желісіне салса, ғалам­торда қазақ күресінің тегін жар­намасы жүретін еді. Шетелдегі қазақ бауырларымыздың да балуандарымызды танып-білуіне септігі тиер еді. Содан соң салмақ аралығын да қарастырса болар деген ойдамын. Қазіргі жігіттердің орташа салмағы 70-85 аралығы болатынын ескерсек, мол көрермен мен тікелей қатысушы тарту мақсатында бұл жобаны екі салмақ дәрежесінде өткізсе. Атап айтқанда, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары. Сонда қаншама жігіт осы дүбірлі додаға қызығып қатысар еді. Әсіресе тепсе, темір үзетін ауыл, аудан жастары. Айтпағым, 80 келі салмақтағы балуан қанша жерден айлалы, тәжірибелі болсын, салмағы 130-140 келі жігітті орнынан қозғай да алмайды. Салмағы ауыр жігіт еш тәсіл қолданбай-ақ, сал­мағын пайдала­нып, айла-тәсіл қолданбақ болған қарсы­ласының үстіне әншейін құлай салып та, жеңіске жете алады. Балуандарды екі сал­мақ дәрежесіне бөліп, белдестірсек, қазақ күресіне қызығушылық танытушылар саны көбейе түсер еді.
Тағы ескерер бір жайт, барлық ай­мақтан келген балуандардың лақап есім­дері де бірдей. Барлығы – көкжал, бар­лығы – барыс. Лақап ат балуанның та­­би­ғатына, дене бітіміне сай, түр-тұрпатына лайық болуы керек қой. Естілуі де, айтылуы да құлаққа жағымды, қазақы санаға жақын болса. Мысалы: Толағай, Қара бура, Дәуқара, Тас шайнар, Шыңтас, Зілқара, Құлжа, Тарпаң, Шолақ т.б.
Сонымен қатар залға жиылған кө­рермен жайы да ескерілсе екен деген тілегім бар. Сатып алған билетіңіз түк­пірдегі орынның бірінен болса, күресті анық көре алмайды екенсіз. Тек күресіп жатқан екі адамның сұлбасын ғана тамашалап отырғаныңыз. Тікелей эфир болған соң, залға да экран қою керек сияқты. Мұны тырнақ астынан кір іздеу емес, көрермен тілегін жеткізу деп түсініңіздер.
Осы ой-тілектерімді ескерсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді. Тек қазақ күресінің шоқтығы биік болсын. «Қазақстан барысы» атты күрес додасын ұйымдасты­рушылар­дың ісіне сәттілік тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста