РИО-2016. Грек-Рим күресінен Қазақстан Олимпиадаға толық құраммен қатыспаған

РИО-2016. Грек-Рим күресінен Қазақстан Олимпиадаға толық құраммен қатыспаған

Келе жатқан Рио Олимпиадасының алдында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының осыған дейінгі Олимпиада ойындарындағы нәтижелеріне шолу жасап өткенді жөн көрдік.

— Менің бар арманым — қазақ баласының Олимпиада чемпионы болғанын көру,- дейді Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров. Грек-рим күресінен сол бір Мәскеу Олимпиадасында Үшкемпіров пен Шәміл Серіковтен кейін қазақ баласы тұғыр биігіне көтерілмеді.
Әлем чемпионатында алтын алған қазақстандық балуандар олимпиаданы ұта алмаған. Әлем чемпионатын ұтқан Мхитар Манукян (1998- Евле; 1999- Афины) және Бақтияр Байсейітов (1998- Евле) олимпиада алтынын ала алмады.
Манукянның Афиныдағы алтынынан кейін қазақ туын көтергендердің ешбірі Әлем чемпионатында жеңіске жетпеді. Ал біздің соңғы Олимпиада чемпионымыз – Юрий Мельниченко. Мельниченконың 1996 жылы Атлантада алған алтынынан кейін 2004 жылы Георгий Цурцумия күміс алды қалған соңғы екі Олимпиадада қоланы қанағат тұтып келеміз. 

Биыл болатын Олимпиадаға да екінші мәрте баратын балуандарымыз бар. 59 келіде Рио жолдамасын алған Алмат Кебіспаев екінші рет барады. Ол Лондон Олимпиадасында қола медаль үшін Матсумотамен болған белдесуде жеңілген еді. Нұрмахан Тінәлиевтің де екінші олимпиадасына баруға мүмкіндігі мол.

Біз Олимпиада ойындарындағы салмақтарға балуандарымызды толық апарған емеспіз.
Лондон Олимпиадасына жолдама үлестірген Азия біріншілігінде 55 келіде белдескен Асхат Құдайбергенов пен 96 келідегі Марғұлан Әсембеков үшінші орын алып, жолдамадан қағылған еді.

Дәл қазіргі сәтте грек-рим күресінен Олимпиадаға тек екі салмақ бойынша ғана жолдама алдық. 75 келі де Досжан Картиков және 59 келі де Алмат Кебіспаев алған еді.
Белгілі спорт журналисі Есей Жеңісұлы «дәл қазір жұртымыз қазақ баласының күрестен чемпион болғанын қалайды. Әбден шөліркеп қалдық. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қола алған Мәмбетов пен Теңізбаев Сәрсекбаевтан кем ұлықталған жоқ. Бұл халқымыздың күрестен чемпион шыққанын қалауынан» дейді.

www.alaman.kz/77741/77741/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста