Рио-2016: Олимпиаданың сегізінші күні қазақ боксшылары ерлеген күн болды

Рио-2016: Олимпиаданың сегізінші күні қазақ боксшылары ерлеген күн болды

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының сегізінші күні қазақ боксшылары ерлеген күн болды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі бүгінгі күнге жасаған қорытындысында.
Олимпиаданың сегізінші күні де Қазақстан қоржынына медаль түспеді дегеніміз болмаса, аса тартысты оқиғалармен есте қалды.
Ең әуелі Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үш қарғып секіру сайысында финалға өтті.
Ол Лондон Олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде - 14,10 көрсеткішімен төртінші орынға көтерілген болатын, кейін екінші мүмкіндігінде - 14,39 көрсеткішімен екінші орынға көтеріле алды. Бұл оның бірден финалға өтуіне мүмкіндік берді. Әзірге жарыс жалғасуда. Финал 15 тамызда Астана уақыты бойынша 05:55 сағатта өтеді.
Бұл жарысқа қазақстандық 3 жеңіл атлетіміз қатысқан болатын Олардың екеуі үздіктер қатарынан көріне алмай жарыс жолдарын ерте аяқтады.
Аттарын атап өтер болсақ, іріктеу кезеңінде Екатерина Эктова 13 м 38 см-ге секіріп, 28- орынға тұрақтаса, Ирина Литвиненко 13 м 17 см нәтижесімен 33- орыннан көрінді. Ал осы жарыста Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова 14 м 39 см-ге секіріп, жалпыкомандалық есепте үздік үштікке кірді. Енді жерлесеміз Олимпиада ойындарының жүлдесі үшін бағын сынайды.
Ал 400 метрге жүгіру сайысында сынға түскен Элина Михина мен Анастасия Кудинова іріктеу кезеңінен өте алмады. Элина 400 метрді 53,83 секунда жүгіріп өтсе, Анастасия осы аралықты 56,03 секунд аралығында бағындырды. Осылайша, олар жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған үздік 24 спортшының қатарына кіре алмады.
Сонымен қатар, Қазақстан Олимпиада ойындарына батуттан секіру бойынша алғаш рет өз спортшысын қатыстырды. Осы сайыста ел намысын қорғаған Пирмаммад Алиев екі сайыстың қорытындысы бойынша 105,890 ұпаймен, 12-ші орыннан көрінді. Бұл көрсеткіш оны финалға шығуға аздық етті.
Енді бүгінгі күннің басты додаларына айналған боксшыларымызға тоқталсақ. Олимпиаданың сегізінші күнін қазақ спортшылары бокстан сәтті бастап, бокспен сәтті аяқтады десек артық айтқанымыз емес. Себебі, бүгін жарыс жолына шыққан төрт боксшымыз да жеңіске жетіп, айқастарын ары қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Боксшыларымыздан алғаш болып, рингке шыққан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Олжас Сәттібаев алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды.
1/16 финалда оған Пуэрто-Рико боксшысы Джевьер Синтрон Окасио қарсылас атанған болатын. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті өте қарқынды бастады, дегенмен қорғаныста сақтық танытпаған ол көп соққылар өткізіп алды. Нәтижесінде қазылар бірінші раундта жеңісті пуэрториколыққа берді.
Екінші раундта жинақы жұдырықтасқан Олжас Сәттібаев қарсыласынан едәуір мықты болды. Қазылар шешімімен қазақстандық боксшы екінші раундта үздік деп танылды. Соңғы раундта қарсыласын әбден танып алған қазақстандық боксшы Джевьера Окасиоға бет қаратпады.
Одан кейінгі боксшымыз 69 келідегі Данияр Елеусінов те қарсыласын ұтып, жартылай финалға қол жеткізді. Ол венесуэлалық спортшы Габриель Маэстрені жеңді. 30 жастағы Маэстре - бокстан Венесуэла құрамасының капитаны. 2015 жылы Панамерикалық ойындардың чемпионы атанған, 2013 жылы әуесқойлар арасында өткен әлем чемпионатында қола ілген мықты боксшы.
Ал, 25 жастағы боксшымыз 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1/8 финалда Данияр британдық боксшы Джошуа Келлиден айласын асырған болатын. Бұл даниярдың қатысып жатқан екінші Олимпиадасы. Осыған дейін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында өнер көрсетіп, ол жолы жеңіс тұғырына жете алмаған еді.
Одан кейін шаршы алаңға 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Василий Левит кубалық боксшы Эрисланди Савонды айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды. Левит қазақ боксшылары арасынан тұңғыш болып финалға шығып отыр.
26 жастағы Э.Савон - 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлде иегері, 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, Панамерикалық ойындардың чемпионы, ұлттық біріншіліктердің бірнеше дүркін чемпионы.
Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген болатын. Ал ең алғашқы жекпе-жегінде қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта техникалық нокаундпен жеңген болатын. Міне, Левит тұңғыш рет Олимпиада ойындарына 91 келі салмақта жолдаманы жеңіп алып, финалда өнер көрсететін болды. Бұйырса, Рио олимпиадасының алтынына сынық сүйем жерде тұр.
Ал төртінші болып шаршы алаңға +91 келі салмақтағы боксшымыз Иван Дычко бүгін басты қарсыласы әзербайжандық Могамедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаундпен ұтып, ширек финалға шықты.
Бұл Дычконың ары қарай Олимпиада ойындарын жалғастыруға үлкен мүмкіндік. Могамедрасул Меджидов бұған дейін баспасөз беттерінде «Мен осыған дейін Дычконы екі рет ұтқанмын. Осы жолы да жеңіс менікі болады» деп жар салған болатын. Алайда, бүгін жерлесіміз оны жарыс жолынан тайдырып, осыған дейінгі кеткен барлық есесін қайтарып алды.
Естеріңізде болса екі дүркін әлем чемпионы Меджидов 2013 жылы ақтық сында Иван Дычконы нокаутқа жіберіп, алтын медальді жеңіп алған болатын. Міне, бүгін Дычко оны Олимпиада ойындарынан шығарып, көрермендер қатарына жіберді.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа жүзуден екі алтынды жеңіп алды. Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанды.
Бүгін Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 16-орында тұр.

inform.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста