Роналдудың сүйіктісі жартылай жалаңаш суретін жариялады (фото)
Футбол әлімінің жұлдызы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригес желідегілермен аса ашық суреттерімен бөлісті. Әйгілі спортшының ғашығы төстартқышсыз түскен фотосессиясын ел назарына паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.
Джорджина Родригес желіде шу тудырған фотоны Instagram парақшасына салып қойған. Онда футболшының сүйіктісі фотосессия барысында жалаңаш арқасымен отырғанын көруге болады.
Роналдудың жүрегін жаулаған ару шалбар киіп, басына орамал таққанымен, үстін жалаңаш қалдыруды ұйғарған.
Желі қолданушылары сылқымның жүктеген суретін бірденқ ызу талқылауға кіріскен. Олардың басым көпшілігі аяқдопшының қалыңдығына тәнті болып, оның мұндай форматтағы сурретті қорықпай жариялағаны үшін мақтаған. Желідегілер жас ананың мінсіз мүсіні мен асқан батылдығына риза болған.
Айта кетейік, Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду 2016 жылдан бері кездесіп келеді. 2017 жылы олар ата-атанды. Спортшының ғашығы оған Алана-Мартина есімді қыз сыйлаған. Одан басқа футболшының тағы үш баласы бар. Оларды әлемдік жұлдызға суррогат ана туып берген.