"Сары құрлық" додасында ел намысын қорғайтын дзюдошыларымыз
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Азия біріншілігіне қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Дзюдодан биыл «Сары құрлықтың» басты додасы 13-15 мамыр аралығында Кувейтте өтеді. Бұл бәсекеге дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков кіл мықты балуандарды алып баруға белу буыпты.
Бас бапкердің айтуына қарағанда, Азия біріншілігі біздің дзюдошыларымыз үшін Астанада өтетін әлем біріншілігінің алдындағы үлкен дайындықтардың бірі болады екен. ХХV рет өткелі тұрған бәсекеде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алуды жоспарлап отыр.
Азия біріншілігіне қатысатын дзюдошыларымыз:
60 келі: Елдос Сметов
66 келі: Елдос Жұмақанов
73 келі: Дастан Ықыбаев
81 келі: Әзиз Қалқаманұлы
90 келі: Ислам Бозбаев
100 келі: Максим Раков
+100 келі: Ержан Шынкеев.