Семейлік армрестлингшілерге қаржы қажет

Семейлік армрестлингшілерге қаржы қажет

Семей спортшыларының қаржы тапшылығының кесірінен Польшада өтетін әлем чемпионатына бара алмай қалулары мүмкін. Аталмыш біріншілікке арнайы лицензия ұтып алған чемпион да осылай мұңын шағуда.
Шығыста осыдан үш жыл бұрын ғана ашылған армрестлинг мектебі бүгінгі таңда жетістіктерімен қуантуда. Жақында ғана Ташкентте өткен Азия чемпионатында армрестлингшілер жанкүйерлерін жеңіс­тері­мен қуантқан болатын.
– Армрестлингтің талабы бойынша аяқ ілгері тұрып, арқаның бұлшық еттері іске қосылуы керек. Мұның маңызы зор. Қара­пайым күрестегі сияқты армрестлингте иықтан асыру сияқты тәсілдер қолданы­лады. Осыны есепке алған жөн. Қол тіресер алдында төрешілер спортшылардың иықтарын теңестіреді, бәрін салыстырады. Осындай жағдайда спортшылар өздерін еркін әрі тың сезініп отырады, – дейді аға жаттықтырушы Төлеген Сағатаев.
Осылайша аға жаттықтырушы Төлеген Сағатаев шәкірттеріне қол тіресінің барлық қыр-сырына үйретуде. Аталмыш арм­рестлинг секциясында халықаралық дәре­жедегі төрт спорт шебері, Қазақстаның төрт спорт шебері, 16 спорт шеберлігінен үміткер шынығуда. Олардың ішіндегі үздіктерінің бірі – 60 келі салмақтағы Азия чемпионы Марат Самарханов.
– Қазақстан Республикасының оң қол­мен тіресуден өткен чемпионатында бас бәйгені алдым да, содан лицензияға қол жеткізіп, Ташкентте өткен Азия чем­пио­натына қатыстым. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынға ие болды. Мен де, достарым да алтын медаль олжаладық. Аталмыш Азия біріншілігінде Олжас Нұртас жастар арасында чемпион атанды. Ардагерлер арасында Оңдарқан Ақбаевқа тең келер ешкім болмады. Қол тіресімен айналысқанына жарты жыл өтсе де, ол Азия чемпионы мәртебесін иеленді, – Марат Самарханов.
– Ең алғаш осы секцияның ашылғанын естіп, Төлеген мен оның шәкірттерін кез­дестірген кезімде қолымның білек күшін байқаған ол бірден өз тобына жаттығуға шақырды. Техникасына, қыр-сырына мең­гертті. Сырттай қарағанда, қолды ұстай салып, баса салатындай көрінгенмен мұ­ның да өзіндік айла-тәсілдері бар. Қарсы­ласыңды қалт жібермей, үнемі ойланып отыру керек, – дейді Оңдарқан Ақбаев.
Міне, осылайша Азия чемпионы атан­ған семейлік спортсмендер енді Польшаға аттанулары керек екен. Бірақ қаржылай қолбайлау оларды біраз әбігерге салуда. Қалалық Денешынықтыру және спорт бөлімі бұл проблемамен таныс. Алайда олардың әлем чемпионатына қаржылан­дыруға заң жүзінде хақылары жоқ екен.
– Әлемдік деңгейдегі сайыстарды қаржыландыра алмаймыз. Себебі мұндай чемпионаттарға қаржы бөлу – облыстық Туризм және спорт басқармасының ен­шісініде. Семей аудандық деңгейдегі қала болып саналатындықтан, бюджет заңды­лығына сәйкес біздің ақша бөлу мүмкін­дігіміз жоқ. Тек аудандық немесе қалалық жарыстарға ғана қаражат бере аламыз. Десек те, спортшыларға демеу беру мақ­сатында біз облыстық басқармаға қаражат жағынан көмектесіңіздер деп ресми хат жолдап отырмыз, – деді қалалық Дене­шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Мұрат Құржықаев журналистер­мен кездесу барысында.
Ал әзірше семейлік спортшылар әлем чемпионатына аттану үшін демеушілерді іздестіріп жатыр. Бәрінен де лицензияға қол жеткізіп, бара алмаған қиын екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста