Слэмбол деген спорт түрін білесіз бе? (Видео)
Бүгінде спорттың біз білтейтін түрлері өте көп. Солардың бірі – слэмбол. Бұл ойын ХХ ғасырдың басында АҚШ-та ойлап табылған, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Слэмбол – командалық спорттың түрі. Баскетбол ойынының жүйесі бойынша жасалған. Бұл ойынды да доппен ойнайды. Баскетболдан басты айырмашылығы – төсенішінде. Өздеріңіз жақсы білесіздер, қарапайым баскетбол ойыныны тегіс еденде өтеді. Ал, Слэболда арнайы батуттар орнатылған. Ол арқылы ойыншылар өздеріне керекті биіктікке секіріп, допты себепке тастайды.
Қазіргі таңда АҚШ-та слэмбол спортының өз федерациясы бар. Жыл сайын бұл спорттың түрінен турнир өтіп тұрады. Слэмболдың арнайы лигасы да жасақталған. Бірақ, әлі күнге дейін бұл спорт түрінің заңдары нақты бекітілмеген.
Слэмболдың қазіргі ережесі бойынша әр команда қатарынан 4 ойыншы ойнайды. Олардың алаңдағы өз орындары болады. Мәселен, қақпашы – команданың басты қорғаушы қызметін атқарады. Шабуылшысы – доп соғумен, ойын үйлестіруші – команданың ойынын жүргізеді.
Матч бес минуттан төрт кезеңге дейін жалғасады. Ойын алаң ортасында доп ортаға тасталғаннан кейін басталады. Әрбір екі кезеңнің ортасында 10-минуттық үзіліс болады. Команданың бапкерлері әр кезеңнің соңғы екі минутанда бір минуттық тайм-аут алуға құқыға бар. Әр команданың шабуыл жасауына небәрі 20 секунд беріледі.
Баскетболға қарағанда бұл ойынның ұпай санау жүйесінде де шамалы өзгерістер бар. Мысалы, егер ойыншы гол соққан сәтте қолы себетке тиемесе 2 ұпай, тисе 3 ұпаймен есептеледі. Сондай-ақ бұл ойында да үш ұпайлық аймақ бар.
Спорттың бұл түрінде күш қалдануға рұқсат етілген. Бірақ, оның де өз ережелері бар. Тарқатып айтар болсақ, топты жерге соғып тұрған ойыншыға шабул жасауға болмайды. Сондай-ақ ойыншының артынан келіп соғу шектеу қойылған. Ойын тәртібін бұзан ойыншыға фол есептеледі. Егер, бір ойыншы ойынды 4 рет бұзатын болса, бірден алаңнан қулады.
Матчта екі төреші жұмыс істейді. Слэмболда ойыншыны шексіз ауыстыра беруге болады. Бірақ, ол ойыншылар міндетті түрде медицаналық тексерістен өтуі тиіс.
Ойын алаңының ені 19, ұзындығы кем дегенде 30,4 метр болу керек. Одан бөлек, себепттің түбінде 2,1 немесе 4,2 метрлік төрт батут болады. Алаңға шығатын әр ойыншы арнайы тізесін, шындағын және басын қорғап тұратын киіммен шығуға міндетті.
Слэмбол ойынын Мейсон Гордон есімді азамат ойлап тапқан. Ол әуелде слэмболды видео ойын секілді құрастырып шығуды жоспарлаған. Мейсонның бұл ойын жүзеге асыруға телепродюссер Майк Толин көмектескен екен. Сөйтіп, бұл екі азамат 2001 жылы слэмболдың алғашқы ресми матчын өткізген. Ресми деректер бойынша, оған Джеймс Уиллис, Майкл Голдман, Шон Джаксон, Дэвид Редмонд және Джеф Шерридан секілді бұрынғы баскетболшылар қатысқан екен.