Спортшылар допингті не үшін қолданады?

Спортшылар допингті не үшін қолданады?

Допингті 100 теңгеге қалай сатып алуға болады? Жарыс аяталған соң спортшыларға не үшін алкогольсіз сыра береді? Не үшін спортшылар допинг қолданады? «Алаш айнасының» тілшісі бұл материалда допинг дауына қатысты осы және өзге де сұрақтардың жауабын анықтап көрді.
Ресми мәліметтер бойынша қазіргі таңда еліміздің 13 ауыр атлеті рұқсат етілмеген дәрі қолданып, екі жылға спорттан шеттетілген. Олардың арасында Қазанда өткен жазғы Универсиаданың жеңімпаздары Александр Зайчиков пен Фархад Харки сынды спортшылар да бар. Ауыр атлетка спорты бойынша спортшылары допингпен ең көп ұсталған көрсеткіш бойынша біз қазіргі таңда екінші орындамыз. Тізімде 18 ауыр атлеті рұқсат етілмеген дәрі пайдаланған Әзірбайжан құрамасы бірінші орында болса, 7 спортшылары допингпен ұсталған Армения мен Өзбекстан құрамалары үшінші орында. Десе де, бұл тек біздің ауыр атлеттердің ғана тізімі. Одан бөлек елімізде қаншама спортшылар допинг қолданғаны үшін спортпен уақытша қоштасып жатыр.
Негізі әлемде спортшылардың допинг қолданғанын Халықаралық допингке қарсы күрес агенттігі (VADA) тексеріп отырады. Ал елімізде бұл маңызды шаруамен өткен жылдан бастап Ұлттық допингке қарсы агенттік күресуге бел буды. Одан бөлек 2011 жылдан бастап Қазақстанда Халықаралық допингке қарсы күрес агенттігінің (VADA) аккредитациясына ие болған допингке қарсы зертхана жұмыс істейді.
Мемлекеттік сатып алудың ресми сайты таратқан мәліметі бойынша, жыл сайын ел спортшыларынан допинг-тест алып отыру үшін 400 миллион теңге бөлініп тұрады екен. Алайда, бұл қаржы барлық спортшыны бақылауда ұстап отыруға жетпейді. Себебі, зерханадағы бір ғана құрылғыны сатып алу үшін бөлінген қаржының төрттен бірі кетеді. Сондықтан да бұл зертхана өте қатты бақылауға алынған.
Қазақстанда және шет елде допинг қолданатын спортшылар күн санап көбейіп келеді. Сол үшін де Халықаралық Олимпиада комитеті бүгінгі таңда белең алып бара жатқан бұл проблеманың алдын алу жолдарын қарастырып әлек болып жатыр. Спорт психологтарының айтуына қарағанда, спортшылардың допинг қолдануына бірнеше себеп бар екен. Олардың ең алғашқысы жеңіске деген жігері. Спортпен шұғылданған соң сөзсіз әрбір спортшы жеңіске жеткісі келеді. Бірақ, кейбір спортшылардың қабілеті байрақты бәсекелерде жеңіске жетуге жеткіліксіз болады. Сол кезде спортшы еріксіз допинг қолданып, тұғырдың ең биік сатысынан көтеріліп жатады.
Одан кейінгі себеп – бапкерлер мен менеджерлердің спортшыға деген қысымы. Әрине, маңдай терін төгіп, бірнеше жыл бойы жаттықтырған спортшысын биіктен көру әрбір бапкердің арманы екені белгілі. Бұл жерде де спортшының қабілеті нашар болғандықтан бапкер спортшыға еріксіз рұқсат етілмеген дәрумен береді. Спортшылардың допинг қолданғанын психологтар сондай-ақ ереженің білмеуімен және психикалық ауруға да байланысты деп те айтады. Бұл негізі басты себептері ғана. Бұдан бөлек спортшылар көптеген себептерге байланысты допинг қолдануы мүмкін.
Баршаңызды қызықтырып тұрған допингті қайдан және қалай сатып алуға болады деген сауал шығар. Енді осы мәселені қарастырып көрейік. Бірден айта кетейік, біздің діттегеніміз спортшыларға допингті қайдан сатып алу керектігін анықтап беру емес. Біз тек қолдағы бар мәліметті айтып отырмыз.
Жоғарыда айтқан 13 зілтеміршілердің барлығы да дегидрометилетестостерон дәруменімен ұсталған. Бұл дәріні табу қиын емес. Ол үшін небәрі ғаламторды бес минут ақтарып, тапсырыс берсеңіз болғаны, тіпті үйіңізге де жеткізіп береді. Қазақстанда допингті таратқаны үшін жазаға тартылатын заң жоқ. Сондықтан да спортшылар дәріханалардан мұндай препараттарды оп-оңай сатып ала алады. Мәселен, спортшыларға пайдалануға тиым салынған фуросемид дәрісін дәріханалардан бар болғаны 100 теңге сатып алуға болады.
Соңғы мәліметтер бойынша әлемде допинг саудасының айналымынан бір жылда 3 миллиард доллар пайда түскен екен. Рұқсат етілмеген дәрілер әсіресе Еуропа елдерінде, АҚШ және Азия аймақтарында кеңінен тараған.
Допинг – спортшының физикалық және моральдық тұрғыда мықты ете түседі. Оны қолданған әрбір спортшының табиғи күшіне тағы да жарты есе күш қосылады. Мәселен, нысана көздегіштер допинг қолданғанда олар өте зерек әрі алғыр болады. Сондықтан да олар жылт ете қалған нәрсеге назар аударып, ә дегеннен-ақ нысананы дәл атады.
Допинг дауының алдын алу үшін қазіргі таңда Халықаралық допингке қарсы күрес агенттігі (VADA) әрбір жарыстан кейін спортшылардан допинг-тест алатын болды. Жарысты аяқтаған әрбір спортшы зертханаға келіп қанын немесе зәрін тапсырады. Спортшы бақылаудан өтіп тұрғанда міндетті түрде ол жерде допингге қарсы күрес агенттігінің офицері тұрады. Ол тесттің әділ өтіп жатқанын бақылайды. Кейде жарысты аяқтап, күш-қуатының бәрі таусылған спортшылар зәр шығара алмайтын кездер де болады. Допингке күрес агентті бұл жағдайды да қарастырып қойған. Спортшы уақытылы тесттен өту үшін олар сусын, кей жағдайда тіпті алкогольсіз сыра да береді.
Халықаралық допингке қарсы күрес агенттігі (VADA) бақылауды қанша қатаң етіп өткізсе де, бұл тестте де алаяқтық жасап кететіндер де бар. Мысалы, АҚШ-та кейбір боксшылар өзінің зәрінің орнына басқа біреудің зәрін тапсырып кетеді. Ал кейбірі тіпті жасанды жыныс мүшесін де пайдаланады. Ол үшін спортшы алдын ала зәр құйылған жасанды жыныс мүшесін киіп, бақылау орталығына барып, басқа біреудің зәрін тапсырып шығады. Бірақ, мұндай алаяқтықпен ұсталған спортшылар спорттан өмір бойы шеттетіледі.
Допинг дауы белең алып бара жатқандықтан VADA спроршылардың жазасын да күшейтуге көшті. Енді 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап допинг пайдаланған спортшылардың жазасы екі есе ауырлайтын болады. Бұл туралы Алматыда өткен «Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттінің» жиынында белгілі болған еді. Келесі жылдан бастап рұқсат етілмеген дәрі ішкен спортшы бұрынғыдай спорттан екі жылға емес, енді төрт жылға шеттетілетін болады. Сондай-ақ Алматыдағы жиын барысында допинг пайдаланғаны үшін жазаға тек спортшылар ғана емес, оның бапкері және дәрігерлері де тартылатыны белгілі болады. Мұндай шарадан кейін алдағы уақытта допинг қолданатын спортшылардың қарасы да азаяды деп отыр агенттік қызметкерлері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста