Спортты салафиттер жаулап барады

Спортты салафиттер жаулап барады

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов спорттағы олқылықтар жайлы және белгілі бір спорт түрлерін салафиттер жаулап алғанын дәлелмен баса айтты.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

- Біз ел болып сүйсініп жүрген спортшыларымыздың арасында да салафиттер бар ма?, - деп сұрақ қойды журналист Нартай Арабай.

 

- Бұл мәселеге де бір ревизия жасап алуымыз керек. Токио Олимпиадасының қорытындысын талқылаған кезімізде, біздің төмен нәтижеміз айтылды. Сол кезде спортшылардың "Алланың бұйырғаны болмады", - деген сияқты тәубешілік сөз басым екен. Спортқа азарт деген сияқты деңгей түсіп кеткен. Әртүрлі сындар айтылды. Шын мәнінде, бейресми емес ақпараттар көп. Ресми ақпарат аз болды. Сондықтан, біз спортшылардың ішінде жүрген жаттықтырушылар бар, басшылар бар соларды сұхбатқа тарттық. Сарапшылардың материалдарына сүйеніп қарайтын болсақ, бүгінде бізде белгілі бір діни топтар белгілі бір спорт түрлерін таңдаған. Салафиттер мысалы, күресті таңдаған. Өйткені, сүннет деп есептейді. Пайғамбар күрескен деген сияқты, сәйкесінше күрес ол - сүннет деп. Соның ішінде, күресте жүргендердің 60-70 пайызы дінде жүргендер дейді. Сарапшылардың біреуі айтып қалды "Қазақстан барысы" ғана салафиттердан таза деп. Бұдан басқа садақ атудың өзінің белгілі бір хадистері бар. Ат спортының да белгілі бір хадистері бар. Сәйкесінше, осы түрлерге діни топтар шоғырланған. Бірақ, боксқа келмейді екен. Тағы бір хадис бар "Адамды беттен ұруға болмайды", - дегендей. Сондықтан салафиттер, діни топтар боксқа келмейді",- деді Жақиянов.

 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасына көбіне діни радикалдар, соның ішінде салафиттердің қатысып, бүлік ұйымдастырған деген мәліметтер айтылуда.

 

Террористік шабуыл кезінде көптеген адам мерт болды. Ғимараттар мен дүкендер тоналып, өртке оранды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай бүлік кезінде елімізге 20 мыңға жуық лаңкес шабуыл жасады деп мәлімдеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста