Тұрлыханов түрнирінен екі алтын алдық

Тұрлыханов түрнирінен екі алтын алдық

Семейде КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановтың мемориалы болып өтті, деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Жыл сайын грек-рим күресінің балуандары қалыптасқан дәстүр бойынша қарт Ертістің жағасына жиналады. Олимпиада және әлем чемпиондары Юрий Мельниченко, Бахтияр Бәйсейітов бақ сынаған турнирге биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында талай тарланның томағасын сыпырған боз кілем бәсекесі биыл ерекше жағдайда өтті.
Семейге алыс-жақын сегіз шет мемлекеттен білекті балуандар келді. Олардың арасында Олимпиада және әлем чемпиондары да болды. Әрі Біріккен күрес әлемінің ұйғарымы бойынша, дүниеде теңдесі жоқ балуандардың есімдері Күрес түрлерінің даңқ мұржайына енгізілді. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы, қазақ Жақсылық Үшкемпіров те бар.
Осы турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде арнайы сертификатты Дәулет Болатұлы Біріккен күрес әлемі атынан Жақсылық ағаға табыс етті. Сол секілді кезінде КСРО құрамысының бас бапкері болған Геннадий Сапунов мырзаға "Үздік бапкер" деген сертификат табыс етілді. Геннадий Сапунов мырза өз сөзінде "Біз ең алдымен Дәулеттің әкесі Болатқа осындай керемет балуан тәрбиелегені үшін алғыс айтуымыз қажет. Дәуелттің "жамбас әдісі" ешқашан қайталанбайды. Ол өзінің әдіс-тәсілдерін тек өзіне ғана тән ерекшеліктермен орындайтын еді. КСРО-да қатарынан 7 мәрте атанған ешкім жоқ. Тек Дәулет сол тума талантының арқасында осындай дәрежеге қол жеткізді", – деді.
Ал Жақсылық аға болса, "Қазақ жерінде таңдаулы балуандарының қатысумен өтіп отырған осынау дүбірлі турнир – жергілікті балуандардың шеберлігін шыңдауға таптырмайтын сынақ. Ал дүниежүзінің 19 балуанның арасынан мені таңдағандары бұл қазақ балуандарының мәртебесінің жоғары екендігін аңғартады. Мен бүгін өте қуаныштымын және толқып тұрмын", – деп өз сөзін аяқтады Олимпиада чемпионы.
Сонымен қатар ашылу салтанатында Мәрзия айтбай қызы, ҚРМәдениет және Спорт Министрлігі спорт комитетінің төрғасы Елсияр Қанағатов мырзалар қатсушылар мен қонақтарға өздерінің ақ жарма тілектерін білдірді.

Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, Біріккен күрес әлемі бюро мүшесі:
– Биылғы сынды біз аз ғана уақыт ішінде ұйымдастырып өткіздік. Жыл соңында өткеніе қарамастан, Ресей, Оңтүстік Корея секілді елдер өздерінің білекті балуандарын жібергені үшін менің оларға алғасым шексіз. Сол секілді Семейге келген 8 мемлекеттің ішінде еш қайсысында да осал балуандар болған жоқ. Бірінші күннің өзінде-ақ үш салмақтың бір де біреуінде жергілікті балуандардың финалға жолдама алмауы бәсеке деңгейінің өте жоғары екендігін көрсетеді. 20 жыл деген әрине аз уақыт емес. Дегенемен бұл сынды біз алдағы уақытта Біріккен Күрес Әлемінің жарыстар өткізу күнтізбесіне енгізіп, деңгейін одан сайын жоғарлататын боламыз.
Екі күнге созылған боз кілем бәсекесінің қортындысына келетін болсақ, ұлтттық құраманың бетке ұстар балуандарының барлығы белдескенімен, жерлестерімізге бұйырғаны – тек екі алтын ғана. Алты олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша өткен сынның алғашқы күнгі үш салмағаныда екі алтын Ресейге, бір алтын Кореяға кетті.
59 және 98 келіде ресейліктер Мингиян Семенов пен Никита Мельников топ жарды, Ал 75 келіде кореялық Хуенву Ким бірінші орын алды. Жерлестерімізден Бағлан Жақанша (59 келі), Асхат Ділмұхамедов пен Даниял Гаджиев (екеуі де 75 келі) және Жасұлан Сыдықов (98 келі) сынды жігіттеріміз қола жүлде алды. Бағлан мен Асхат жартылай финалда Ресей балуандарына жол берсе, Даниял Гаджиев финалдық сын жолдамасын Оңтүстік Корея өкілімен сарапқа салып, қарсыласына есе жіберіп алды. Бағлан үшінші орын үшін белдесуде кореялық қарсыласын басым түссе, Асхат қырғыз балуанын жеңді. Ал Даниял мен Жасұлан өздерінің командалас әріптестерін ұтты.

Никита МЕЛЬНИКОВ, мемориал жеңімпазы (Ресей):
– Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, қарсыластарым да оңай шағылар жаңғақ емес. Қазақстанға екінші мәрте келуім, қонақжай халық. Құшағын ашып қарсы алады. Былтыр Астанадағы турнирда қола алып едім. Бұл жолы бағым жанып отыр.
Ал екінші жарыс күні 66 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі жерлестеріміз қуантты. Алдымен Айбек Еңсеханов ширек финалда жас таланттардың бірі Жәнібек Қандыбаевты ұтты. Жартылай финалда тартысты белдесуде тағы бір жерлесіміз Нұртай Нұрғалиевті жеңді. Ал финалда әлем чемпионы, кореялық Хансу Руиды ұтып, өз жанкүйерлерін бір желпіндіріп тастады. Белдесу өте шиленісті өтті. Азулы қарсыластан қаймықпаған Айбек аяғында нық тұрып, Сеулден келген қарсыласына еш амал жасатпады. Осы салмақта қазақстандық Нұртай Нұрғалиев пен Елдар Қайратов үшінші орын алды.

Айбек ЕҢСЕХАНОВ, мемориал жеңімпазы:
– Жерлестерімнің қолдауын еркеше сезіндім. Оларды өз боз кілемімде жерге қаратқым келген жоқ. Мен финалда қалай болғанда да, жеңіске жетуге тиіс болатынмын. Сол себептен де әлем чемпионы деген атағынан қаймықпай күрестім. Ең бастысы, өз әріптестеріме мықты қарсыластарды ұтуға болатындығын дәлелдеп бердім.
Сол секілді аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев те жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Тартысты өткен жартылай финалдық кездесуде белорустық қарсыласын ұтып, шешуші кездесуде Олимпиада жүлдегері Литва балуанын жеңді.

Нұрмахан ТІНӘЛИЕВ, мемориал жеңімпазы:
– Белдесулер өте қиын болды. Жартылай финалда Белорусь балуанына бар күшімді жұмсадым. Екеуміз бір-біріміздің айла-тәсілдерімізді білеміз. Кездесудің басында ұпай алып алдым да, соңына дейін соны сақтап қалуға тырыстым. Биыл екеуміз Германияда күресіп, мен жеңіске жеткен болатынмын. Бұл жолы да айламды асырып кеттім. Ал финалда 2008 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерімен күрестім. Белдесу тең дәрежеде өтті. Біздің елде маған сппаринг әріптес болатын қарсылас жоқ. Ал бұл турнир мен үшін таптырмас сын болды. Оның бер жағында, мен әлі бел шешіп, демалған жоқпын. Әлем чемпионатынан бері қарай боз кілемнен кеткен емеспін. Азия ойындарынан кейін Астанадағы ел кубогында күрестім. Енді міне, Семей боз кілеміне шығып тұрмын. Бірақ жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерімді қуантқаныма шексіз ризамын.
Жеңімпаздармен жүлдегерлердің барлығына қомақты сыйақы берілді. Бас жүлде 5 мың АҚШ доллары. Күміспен күптелгендер 2 мың, ал қола жүлдегерлер мың доллар сыйақы алды. Сол секілді әр салмақтағы жеңімпаздың бапкері де жан қалтасына мың доллардан салды. Онымен қатар, бірнеше номинация бойынша балуандар марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста