Хабиб Нурмагомедов ММА индустриясынан кеткенін мәлімдеді

Хабиб Нурмагомедов ММА индустриясынан кеткенін мәлімдеді

Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бұған дейін БАҚ-тар жазғандай, ММА индустриясынан кететінін растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек әлемінен кетіп бара жатқанын айтқан басылымға репост жасады.

 

«Хабиб  ММА индустриясынан біржола қол үзбекші. Бұл оның жаттықтырушылық мансабы мен  ММА-дың  барлық түріне  қатысты. Мұның басты себебі Хабибтің отбасына уақыт бөлгісі келетіндігі» делінген жазбада.

 

Бұған дейін Нурмагомедов командасымен кездесу өткізіп, одан кейін бірлескен суретін жариялап, пікір қалдырған болатын.

 

«Жыл қорытындысы шықты. Жыл, әрине, өте оқиғалы және табысты болды. Сау болыңыздар. Өздеріңізді сақтаңыздар, ағайындар! Менің шешімім тек пайда әкеледі деп үміттенемін, бәріңізді қатты құшақтадым! Спорттағы жетістіктеріме үлкен себепкер болғандарыңыз үшін көп рахмет» делінген жазбада.

 

Белгілі ресейлік күрескер Магомед Исмаиловтың жаттықтырушысы әрі ағасы Рамазан Исмаиловтың айтуынша, Хабибтің шешіміне Дубайда әйгілі ислам уағызшысы Закир Наикпен кездесуі әсер етуі мүмкін.

 

«Онымен болған әңгіме әсер етуі мүмкін. Бірақ мен бұған сенбеймін. Оның лигасы бар, алдында маңызды жекпе-жекті  күтіп отырған Ислам Махачев бар. Мұның бәрін  қалай қалдыра салуға болады?» деп келтіреді Исмаиловтың сөзін ММА Metaratings.ru басылымы.

 

34 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC-де 2012 жылдан бері жұмыс істейді және промоушенмен 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті. 2020 жылдың 24 қазанында америкалық Джастин Гетжиді жеңгеннен кейін ол мансабын аяқтайтынын жариялады. Жалпы алғанда, боксшы ММА ережелері бойынша 29 жекпе-жекте 29 жеңіске жеткен.

 

Хабиб мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке кірісті. Оның жетекшілігімен отандасы Ислам Махачев 2022 жылы жеңіл салмақта UFC чемпионы атанса, оның туысы Усман Нурмагомедов сол салмақта Bellator белбеуін жеңіп алды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста