Жалынды жастар бой көрсетіп келеді

Жалынды жастар бой көрсетіп келеді

Алматыда муай-тайдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Үш күнге созыл­ған ел бі­ріншілігінде ерлер – 14 сал­мақ дәрежесінде, ал қыз­дар екі салмақта сынға түсті.
Бұған дейін жастар арасындағы ел чем­пионаты өткен. Онда наурыз айында Стам­булда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғай­тын өрендер іріктелініп алынған. Бұл жолы ұлттық құрама сапына лайық хас шебер­лерді таңдап алу мақсат тұтылды. Өйткені алда жауапты да, маңызды сындар тұр. Биыл осы спорт түріндегі Қазақстан құра­ма­сының жігіттеріне Санкт-Петербургтегі халықаралық турнирде, Еуропа чемпиона­тында, әлем кубогында және Азиядағы дүбірлі додада ел намысын қорғау керек болады. Бұл орайда ҚР муай-тай федера­ция­сының вице-президенті Фархад Аман­құлов былай дейді:
– Ұлттық құраманың мүшелеріне оңай болған жоқ. Жастар оларды ығыстырып, құ­рама сапынан орын алуға тырысуда. Кей­бір сал­мақтарда (атап айтсақ, 54 келі­де) екі жас жігіт тәжірибелі спортшы­лар­ды жолдарынан тайдырып, финалға шықты. Жастарды айқын басымдықпен ұтып жат­қан құрама үздіктері аса көп емес. Көбінесе төрешілер пікірі екіге айырылып, шиеле­ністі финалдық айқастар біршама болды. Жалпы, биылғы ел біріншілігіндегі жекпе-жек­тер өте тартысты да, қызықты өтті. Оған ере­женің өзгеруі де ықпал еткендей. Бұ­рын спорт­шылар екі минуттан төрт раунд ай­қасушы еді. Қазір муай-тай Олимпиада ойындары бағдарламасына енуді көздеп, осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жат­қандықтан, әрбір жекпе-жек үш минут­тан үш раундқа созылады. Ал бұл оңай емес, тө­зімділікті, сабырлылықты қажет ете­ді. Жал­пы, биыл­ғы ел чем­пио­натына спорт­шы­лар­дың бәрі тың­ғылықты дайын­дық­пен келген. Өйткені барлық аймақта өзде­рінің ішкі біріншіліктері ұйымдастыры­лып, на­ғыз үздіктері іріктелініп алынған. Сон­дық­тан ел чемпионатының деңгейі аса жоғары болды.
Финалдық айқастардың аса тартысты өткенін өз көзімізбен көрдік. Мысалы, әлем және Еуропа чемпионаттарында же­ңім­паз атанып жүрген Нұрым Кемалдың өзі ел біріншілігінде бірінші орынға оңай­шылықпен қол жеткізген жоқ. Ізін басып келе жатқан жастар тәжірибелі спортшыны біраз састырды да. Оның басты себебі, Нұ­рым бір жылдан астам уақыт бойы үл­кен спорттан қол үзіп қалыпты (жарақаты мен оқуына байланысты).
Рас, шеберлігімен көзге түсіп, қарсыла­сынан басым түскен жігіттеріміз де болды. Бұл ретте Рауан Досбаев, Жансерік Әмір­жа­нов сынды сыралғы жігіттер өздерінің шеберліктерін паш ете білді. Жеңіске деген жігерлілігімен айрықша көзге түскен спорт­шылар да баршылық. Бұл орайда Арай Әбжанов, Ишан Гулиев сынды жігіт­терді атап өтуге болады.
Ел чемпионаты аяқталған соң Қазыбек Сағындықов пен Ишан Галиев үздік техни­калары үшін арнайы кубокпен марапаттал­са, Рауан Досбаев «ең үздік вай кру биі» (жек­пе-жек алдындағы рингте билеу рәсі­мі) номинациясында теңдессіз танылды.
Айтпақшы, биылғы ел чемпионатында қыздар да рингке шықты. Бұл жайлы ҚР муай-тай федерациясының вице-прези­дентінен сұрап едік, бірнеше аймақ қыздар арасында да ел біріншілігін өткізуді өтініп­ті. Сол себепті ерлер арасындағы Қазақ­стан чемпионатының бағдарламасына екі салмақ дәрежесіндегі қыздар арасындағы айқастар да қосылған екен. Бұл әншейін, қыздардың деңгейін байқау тұрғысында өткізілген жекпе-жектер болып шықты. Бі­рақ рингте қыздардың аяқ-қолдарын сер­меп, төбелескендерін Фархад Аманқұлов­тың өзі де қаламайды екен. «Бұл негізінен жауынгерлердің, отан қорғаушылардың өне­рі ғой», – деп күлді бізге бұрынғы таны­мал актер.
Осы ел чемпионатында муай-тайдың еліміздің барлық аймағына дерлік қанатын жайып, «өгіз аяңмен» болсын, дамып келе жатқанын байқағандай болдық. Атырау, Павлодар облыстарының спортшылары ал­матылықтарға лайықты деңгейде қар­сылас бола білді. Бір кездері деңгейлері тө­мендеп кеткен Астана спортшылары да қайтадан өрлеу үстінде екен. Десек те, Ал­маты қаласының муай-тайшылары әлі де дес берер емес. Өйткені Алатау бөктерін­де­гі қалада бірнеше клуб жұмыс істейді, ол­ардың арасында қызу бәсекелестік ор­наған.

Қыздар
51 келі
1. Нұржамал Каменова (Петропавл)
2. Айжан Әбжікеева (Алматы, «Елухан» с/к)
3. Айман Әбжікеева (Алматы, «Елухан»)
63,5 келі
1. Ангелина Канаева (Алматы, «Елухан»)
2. Алена Кузнецова (Петропавл)
3. Салтанат Жұмабаева (Петропавл)
Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері. Ерлер
45 келі
1. Арманбек Әнуаров (Атырау)
2. Болатхан Кәрімов (Атырау)
48 келі
1. Арай Әбжанов (Павлодар)
2. Данияр Мұхаметов (Астана)
3. Асқат Болымов (Ақтау) және Еламан Иманқұлов (Алматы)
51 келі
1. Рауан Қалдыбаев (Алматы, «Елухан»)
2. Темір Сұлтан (Астана)
3. Айдос Қарташов (Ақтөбе) және Диас Нұрманов (Алматы)
54 келі
1. Ишан Галиев (Атырау)
2. Азамат Әбішев (Павлодар)
3. Рүстем Жақсылықов (Қостанай), Асылбек Балтабай (Алматы, «Елухан»)
57 келі
1. Нұрым Кемал (Алматы, «Елухан»)
2. Азамат Жекебатыров (Алматы, «Елухан»)
3. Ержан Сұлтанов (Актау) және Азиз Махпиров (Алматы, «Елухан»)
60 келі
1. Рауан Досбаев (Алматы)
2. Қазыбек Сағындықов (Астана)
3. Бақтияр Бикеев және Алмас Биболов (екеуі де – Павлодар)
63,5 келі
1. Рүстем Әшімбаев (Алматы)
2. Тахир Агишев (Астана)
3. Дамир Тыныбаев (Павлодар) және Асхат Ахметқалиев (Алматы)
67 келі
1. Жансерік Әміржанов (Алматы, «Елухан»)
2. Дархан Қазиев (Астана)
3. Бағдат Қалиев (Ақтөбе) және Рустам Ниязов (Алматы, «Елухан»)
71 келі
1. Евгений Огородников (Петропавл)
2. Рүстем Ақжанов (Астана)
3. Темірлан Дүйсембаев (ОӘСК) және Вадим Дрищ (Костанай)
75 келі
1. Эмиль Умаев (Алматы, «Елухан»)
2. Вадим Лопарев (Қаскелең)
3. Максим Игнатович (Павлодар) және Қуандық Төлеуішов (Ақтөбе)
81 келі
1. Александр Яшин (Алматы, «Елухан»)
2. Арман Зарубаев (Бұрындай)
3. Мирас Бейсембаев (Павлодар) және Тимур Жанәлиев (Алматы обл)
86 келі
1. Мансур Дурдишев (Ақтау)
2. Жасұлан Құрмашев (Астана)
3. Александр Якименко (Қостанай) және Азамат Айтбаев (Қаскелең)
91 келі
1. Манас Жанышев (Алматы обл)
2. Руслан Аведеев (Алматы)
3. Қанат Жантаев (Алматы) және Ғалымжан Қалымов (Атырау)
+ 91 келі
1.Станислав Мазунов (Алматы, «Елухан»)
2. Ахмед Чикаев (Алматы обл)
3. Маралбек Досжанов (Атырау) және Мақсат Ахметов (Алматы)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста