Жамбы ату спортын дамыту кезек күттірмейді

Жамбы ату спортын дамыту кезек күттірмейді

Астанада ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Жамбы ату спортын дамыту туралы семинары аяқталды. Жамбы ату спортын дамыту жолдары, ережесін бекіту, дамыту жөніндегі кеңес құру, құрамын бекіту және төрағасын сайлау турыла мәселелер қаралып, қауымдастық президенті Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт минстрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР Мәдениет және спорт минстрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев, Монғолия Республикасының Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Ром Әуесхан, этнограф-зерттеуші Бекен Қайратұлы, Жамбы ату өнерін зерттеуші, жазушы Үзбен Құрманбаев, Ұлттық спорт мектептері мен клубтарының директорлары, Жамбы ату спортының жаттықтырушылары, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының басшылары ұлттық спорттың мәселесі төңірегінде ой өрбітті.

ҚР ҰСТҚ 2013 жылдан бастап ұлтымыздың ұмыт болған Жамбы ату спортын қайта жандандыруды қолға алып отыр. Содан бері бірнеше рет жаппай дайындық шараларын өткізген. Мысалы, өткен жылдың наурыз айында Астана қаласында Монғолияның садақ атудан чемпионы Баткеріл Мичирді шақыртып, теориялық және тәжірибелік семинар ұйымдастырған еді.
Мамырда Түркістан қаласында барлық облыстардың жамбы атуды ұйымдастыушы, жаттықтырушы, ойыншыларды шақыртып Түркістанның қалалық кітапханасында теориялық семинар өткізіп, келесі күні атшабарда Садақ атуды іс жүзінде көрсеткен. Одан кейін Жамбыл облысының Меркі ауданына барлық аймақтардың 28 спортшыларын 12 күндік оқу-жаттығу жиынына шақырып сабақ өткізгені тағы бар. Оларға арнап Жамбы ату ойынын үйренушіге арналған шағын кітапша шығарылып таратылған болатын.
Жиында айтылғаны, 2014 жылы Жамбыл облысының Меркі ауданында және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында республикалық жарыстар өткізілгені талқыланды. Биыл да бұл жөнінен бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылмақшы. Олардың қатарында «Жамбы ату спортынан І-ші Халықаралық турнир», «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден ІХ, Жамбы атудан ІІ-ші Жастар арасындағы республикалық чемпионат» өткізу бар. Сонымен қатар, «М.Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған ҚР Жасөспірімдер арасындағы көкпар, аударыспақ, теңге ілуден, Жамбы атудан турнир», Конституциямыздың және Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен өтетін ІІІ фестивальда көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілумен қатар жамбы атудан да жарыс өткізу жоспарланған.
Қоғам қайраткері А.Асқаровты еске алуға арналған халықаралық турнирде көкпар, аударыспақпен және жамбы атудан халықаралық жарыс өткізілмек. Облыстардағы Ұлттық спорт мектептері мен клубтарынан Жамбы ату бөлімдерін ашу қолға алынып отыр. «Осыған орай өткен жылы Монғолиядан барлық облыстардың ұлттық спорт мектептеріне және жекелей спортшыларға Жамбы ату спортын үйрену үшін садақтар мен жебелер сатып алынып таратылды», - дейді қауымдастық өкілдері.
Мұның барлығы бір жағынан 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Жамбы ату спорты түрінен де халықаралық дүбірлі дода өткізуге дайындық болып саналады. Айтпақшы, Жамбы ату спортын жеткілікті дәрежеде насихаттап, дамыту үшін арнайы кеңес құрылды.
Семинарда көтерілген мәселелер бойынша Жамбы ату спортының елімізде кең қанат жайып барлық облыс, қала, аудандарға тарап, бұқаралық спортқа айналуына баса назар аударуға, облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы ұлттық спорт мектептері мен ұлттық спорт клубтарында Жамбы ату бөлімдерін ашып, оларды қажетті құралдармен, оқулықтармен қамтамасыз етуге, Монғолия, Венгрия, Түркия елдерінің Жамбы ату спортының білікті мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастырып, Жамбы ату спортына қажетті құрал-жабықтар: садақ, жебе жасайтын шеберханаларды дамыту мәселелері қамтылып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста