Жас балуандарымыз Баку боз кілемінен 14 жүлде еншіледі
Бакуде грек-рим күресі мен еркін күрестен жастар және жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. "Әзірбайжан күрес федерациясының кубогы" айдарымен өткен осы турнирден Қазақстан балуандары 14 медаль еншілеп қайтты, деп жазады "Алаш айнасы".
Баку боз кілемінде сарапқа салынған кубок "Еуропа ойындары 2015" халықаралық турнирінің сынақтық белдесулері болды. Гейдар Алиев атындағы спорт кешенде өткен халықаралық турнирге 13 мемлекеттің жас таланттары қатысты. Енді Қазақстан балуандарының олжалаған жүлделеріне көз жүгіртіңіздер:
Жасөспірімдер
Грек-рим күресі:
алтын – Мәрлен Мұқашев (50 келі);
күміс – Нұрболат Темірбаев (50 келі);
қола – Мұхамедәли Мамырбек (50 келі);
5-орын – Бостандық Далабаев (46 келі), Диас Қален (58 келі), Темірхан Файзрахман (69 келі) қола жүлде үшін күресіп, ұтылып қалды.
Еркін күрес
алтын – Ерболат Ахметов (42 келі);
күміс – Нұрәлі Қайырбек (50 келі), Қауныш Дүйсенқұл (63 келі), Серік Бақытханов (100 келі);
қола – Ұлан Төлеген (63 келі), Данияр Мелдебек (76 келі), Қарабек Қуаныш (85 келі), Әділбек Ботабек (100 келі)
5-орын – З.Клиамитов (54 келі), Ерлан Досым (63 келі), Нұрқожа Қайпанов (69), Наиб Мұхтаров (69 келі).
Жастар
Еркін күрес
күміс – Еркебұлан Боранғалиев (50 келі), Бауыржан Төребек (60 келі)
қола – Бақдәулет Әлментай (96 келі)
5-орын – Е.Тілем (74 келі)
Осы ретте айта кетейік, егер қайсыбір балуандарымыздың аты-жөні дұрыс жазылмаса, кешірім сұраймыз. Біз олардың аты-жөндерін әзірбайжан тіліндегі хаттамалардан алдық.
Жалпы, бұл турнирде Әзірбайжан балуандары жүлдеге қарық болды. Олар күрестің осы екі түрінен, екі жас санатында 16 алтын,14 күміс, 23 қола иеленді.