Жұлдыздарды жарылқағанша жыртығымызды жамап алу керек еді ...

Жұлдыздарды жарылқағанша жыртығымызды жамап алу керек еді ...

26-қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында «Қайрат» клубы өзінің 60-жылдық мерейтойын тойлады. Айтулы датаны абыроймен тойлау үшін «Қайраттың» басшылары әлем футболында атағы жер жаратын жұлдыздарды шақырып, алматылық клубтың аңыз ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізді, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Әлем футболы жұлдыздары мен «Қайрат» арасындағы кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Жұлдыздардың қатарында төрт голды Украинаның «алтын баласы» Андрей Шевченко соқса, бір голды итальяндық «Интерде» атой салған Кристиан Вьери соқты. Ал алматылық команданың жалғыз добын Игорь Авдеев салды. Сөйтіп, «Қайрат» ардагерлері стадионның жартысын да толтыра алмаған жанкүйерлерді жерге қаратты.
«Жартысын толтыра алмаған», - деген сөзіміздің жаны бар. Себебі, «Жұлдыздар матчына» ұйымдастырушылар күткендей стадион лық толмады. Оның басты себебі, билет бағасының тым қымбат болғандығы. Мысалы, бұл ойынға арналған ең арзан билет сатып алған жанкүйерлер Оңтүстік және Солтүстік трибуналарда отырды. Оның құны – 3 000 теңге. Ал Шығыс трибунаға арналған билеттердің құны 5 000 теңге болса, Батыс трибунаның билеттері 7 500 теңгеге сатылды. «D» және «Е» ложалары 10 000 теңге болса, VIP орындар 20 000 теңге, Premium VIP аймақтағы билеттердің бағасы 40 000 мың теңгеге дейін жетті.
Енді есептеп көріңіз, әрбір Қазақстан біріншілігі аясында өтетін ойындарда билеттердің бағасы орташа есеппен 500 теңге болады. Ары кетсе 1 000 теңге. Ал, бұл жолғы ең арзан деген билеттің өзі әдеттегіден 5 тіпті 6 есе қымбат болды. Негізі, әлем футболының жұлдыздарын көру әрбір қарапайым жанкүйердің арманы екені анық. Көп жанкүйерлер сол арманын арқалап Алматының Орталық стадионына ағылған да еді. Бірақ, билеттердің бағасын қалталары көтере алмайтындықтан жанкүйерлер амалсыз үйіне қайтуға тура келді.
Мерей тойға «Қайраттың» басшылары Йенс Леман, Паоло Мальдини, Хавьер Санетти, Луиш Фигу, Андрей Шевченко, Кларенс Зеедорф, Ривалдо, Алессандро Неста, Эдгар Давидс , Сержиньо, Фабио Канноваро, Франческо Тольдо, Кристиан Пануччи, Кахабер Каладзе, Алессандро Костакурта, Юри Джоркаефф, Звонимир Бобан, Патрик Бергер, Дуайт Йорк, Кристиан Вьери сынды ойыншыларды шақыртыпты. Бұл тізімдегі әрбір ойыншының аты футбол тарихына алтын әріппен жазылған десек, артық айтқандық емес.
Ал «Қайрат» сапында бұл ойынға Құралбек Ордабаев, Юсуп Шадиев, Сергей Кулинин, Виктор Катков, Ваит Талгаев, Қайрат Айманов, Аскар Қожаберген, Михаил Гурман, Вахид Масудов, Юрий Найдовский, Сұлтан Әбенов, Виталий Кофанов, Юрий Коньков, Борис Джуманов, Сергей Климов, Сергей Волгин, Дмитрий Огай, Евгений Яровенко, Сергей Чекмезов, Эдуард Сон, Сергей Тимофеев, Сергей Ледовскихэ, Сергей Пасько, Владимир Нидергаус, Евстадий Пхленавниди сынды қазақ футболының ардагерлері қатысты.
Одан бөлек, 60 жылдық мерей тойды дүркіретіп тойлау үшін басқа да лауазымды тұлғалар шақыртылған. Мысалы, үзіліс кезінде «Қайратты» құттықтау үшін ресейден Валерий Газзаев келген. Бейресми ақпарат бойынша бес-алты ауыз сөзі үшін бұл кісіге 25 000 АҚШ доллары төленіпті.
Бұл кісі алаңға шығып доп та тепкен жоқ, не бапкер болып командаға нұсқау бермеді. Жәй құттықтау үшін осыншама ақша алып отыр. Газзаев мұндай ақша алғанда, өзге футболшылар бұл матчқа қатысқаны үшін қанша сомма алған екен? Бұл бүгінде барша жанкүйерді мазалап жүрген сауал екені белгілі.
Жұлдыздардың қанша ақша алғаны бізге де белгісіз. Десе де, біз өз бетімізше олардың қанша ақша алғанын есептеп көрсек. Жоғарыдағы Газзаев мырза 25 000 мың АҚШ долларын алды. Ол тура матч болатын күні келіп, сол күні кетіп қалған. Ал ойыншылар болса, бір күн бұрын келіп, матч алдында жаттығу жұмыстарын жасап, ойын соңында естелік суретке түсті. Сондықтанда біздің жобамыз бойынша екі күнін сарп еткен жұлдыздар кем дегенде 50 000 мың АҚШ доллар алған болуы керек. Тағы математикаға жүгінейік. Мачтқа қатысқан әрбір ойыншы 50 000 мың доллардан алды деп есептейтін болсақ, «Қайрат» басшылары 950 000 мың АҚШ долларын жәй футболшылар үшін жұмсаған болып шығады. Біз бұл жерде олардың жүріп-тұруы, тамағы мен билеттерін қосқан жоқпыз.
Одан бөлек «Жұлдыздар матчына» екі командаға жетекшілік ету үшін арнайы бапкерлер де шақырылды. «Қайратты» бұл ойында Құрбан Бердыев жаттықтырса, жұлдыздардың тізгіні Фабио Капеллоға берілді. Жаттықтырды деген жәй ғана сөз шығар. Өйткені, екі бапкер де футболшыларды дайындады деп айта алмаймыз. Тек қапталда тұрып ойын тамашалап, ойыншыларды ауыстырып қана тұрды. Дегенмен де, бұл үшін де олар құр қол кетпегені белгілі.
Баршаңызға белгілі, Бразилия жерінде өткен әлем біріншілігі барысында Фабио Капелло әлемде ең көп жалақы алатын бапкер болып тіркелген еді. Сондықтанда дон Фабионың Қазақстанға кем дегенде 100 000 мың долларсыз келмейтіні анық. Бердыев та осал бапкер емес. Десе де Капеллоға қарағанда абыройы алысқа кетпеген. Бұл бапкерге «Қайрат» басшылар кем дегенде 50 000 мың долларды ұстатып жіберген шығар.
Бұл кездесуге қатысқан «Қайрат» ардагерлері де сыйақысыз қалмаған. Біріншіден, мерей тойлары, екіншіден, алаңғы шығып доп тепті. Алайда, «Қайраттың» ардагерлер жүлдыздар секілді ақшаны күреп алмай, азын-аулақ ақшаны қанағат тұтса керек.
Тағы қайталап өтейік, біз көрсеткен соммалар нақты емес. Бұл біздің жобамыз. Бұл көрсеткіштер бұдан да жоғары не төмен болуы бек мүмкін. Енді «Жұлдыздар матчында» кеткен жалпы шығынды есептейік. Жоғарыда әлем жұлдыздарына 1 миллион доллар кетсе, бапкерлерге 150 мың доллар, ал «Қайрат» ойыншыларына 500 мың деп алайық, Сонда бас-аяғы «Қайраттың» шығыны 1 700 000 мың доллардай болады.
Бұрындары шет елден әнші шақырып тойын өткізді, шет елден әртіс шақырып тойлатты дегенді естуші едік. Қазір қалтаңда ақша болса, шет елден кім көрінгенді де шақыра беруге болатын болды. Бір мысал, Бразилияда өткен әлем чемпионаты кезінде «Еуразия» арнасы ресейден комментаторларды шақырып, тізгінді соларға берді. Кейін біздің елге келген комментаторлардың бірі Дмитрий Федоров бір сұхбатында «Мен Ресейде алты ай жүріп, еңбектеніп табатын ақшамды Қазақстанда бір айда ғана тауып кеттім», - деп мақтаныпты. Енді міне, мерей тойды өткізу үшін шет елден футболшы шақыратын дәржеге жеттік.
Біз әрине біреудің қалтасындағы тиынды санаудан аулақпыз. Десе де, 1 700 000 доллар деген соммамен еліміздің Бірінші лигасында ойнайтын команда бір жыл өмір сүре алады. Жуырда Ақтөбе облысының әкімі «Ақтөбе» клубының жылдық бюджеті 2 миллиард дегені бар еді. Демек, жұлдыздарға кеткен ақша «Ақтөбенің» бір жылдық бюджетінің жартысындай деген сөз.
Қазақпыз ғой, дүркіретіп тойлағанды жақсы көреміз. Оның үстіне 60 жылдық деген күнде келе бермейтін дата. Алайда, сол мерекеге алыстан арбалап, Еуропадан ойыншылар шақырғанша, жақыннан дорбалап КСРО құрамында болған ардагер ойыншыларды шақырса, мұнша шығындалмас еді деген ой келеді көкейге.
Мейлі, біз дүркіретіп тойлағанына да қарсы емеспіз. Бірақ, шет елдік жұлдыздармен емес, халықпен бірге тойласа болады ғой! «Қайрат» халықтың командасы деп жатады. Бұл тойда клубтың халыққа деген ілтипатын көргеніміз де жоқ. Сол ақшаларды айдалаға шашқанша, халықпен бірге тойлап, Алматының әрбір ауласына футбол алаңын салып берсе, ертең қазақ футболын өрге сүйрейтін азаматтар шықпайтынына кім кепіл?! Жұлдыздарды жарылқағанша біз осындай жыртығымызды жамап алу керек еді ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста