ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Биыл қазақ спорты қандай биіктерді бағындырды?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Биыл қазақ спорты қандай биіктерді бағындырды?

Уақыттың өткені білінбейді. Әне-міне деп жүріп, санаулы күндерден кейін тағы бір жылды тарих қойнауына аттандырамыз. Жаңа жылдың табалдырығын аттамас бұрын, әрине өткен бір жылдағы атқарған қызметімізді, бағындырған биігімізді ой елегінен сүзгілемеу мүмкін емес.
Біз бүгін оқырман назарына Қазақстан спортшыларының осы жылы қандай ірі додаларға қатысып, қандай көрсеткіштерге қол жеткізгені туралы қысқаша шолуды ұсынамыз.

Биыл жалпы спортшылар үшін аса тартысты жыл болды десек қателеспейміз. Себебі, 2016 жылы алауы тұтанатын Рио Олимпиадасына іріктеу сындары басталғаны белгілі. Сол үшін осы жыл қазақстандық спортшылар үшін жеңісі де, же­ңілісі де, қуанышы да, әт­те­ген-айы да көп жыл болды. Көптеген қыз-жігіттеріміз Олимпиадаға қатысу үшін әлемдік деңгейдегі жолдамалар сарапқа салынатын халықаралық додаларда бақтарын сынады. Бағы жанғандар төртжылдық додаға қатысу мүмкіндігіне ие болса, бабы келіспегендер әлі де келесі жылдан үміт күтіп жүр.

Жалпы биыл қазақстандық спортшылар жылды Рио Олимпиадасына 43 жолдамамен аяқтады. Ал бұдан бөлек, ел спортшылары Олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрлерінен өткен әлем чемпионаттарында 3 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, әлемдік рейтингте 24-орынды иеленіп тұр.

Енді әр спорт саласына жеке-жеке тоқталып өтейік.

Ауыр атлеттеріміздің асығы алшысынан түскен жыл

Жақында ғана АҚШ-та ауыр атлетикадан әлем біріншілігі аяқталған болатын. Бұл қазақстандық спортшылар үшін осы жылдағы ең соңғы әлем біріншіліктерінің бірі. Айтулы додада Рио Олипиадасының жолдамалары сарапқа салынды. Алексей Ни баптайтын ұлттық құрама мүшелері бұл бәсекеге кіл мықтыларды толық құраммен апармаса да, қажетті 10 жолдама санын толық иеленіп қайтты.

Биыл ауыр атлеттерімізден Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев, Илья Ильин, Александр Зайчиков, Ниджат Рагимов сынды жігітттер әлем және Гран-при жарыстарында қара үзіп шықты. Әсіресе, жақында ғана Грозныйда өткен Ресей Президентінің кубогы жолындағы бәсекеде Илья Ильин екі мәрте әлем рекордын жаңартып, өзінің алып күш иесі екенін тағы бір дәлелдеп тастады.

Енді ауыр атлеттеріміз жолдама мәселесіне алаңдамай, тек Риоға дайындық жасайды. Қазірге дейін ауыр атлеттеріміз қазақстандық спортшылардан Рио-де-Жанейроға толық құрамда баратын жалғыз команда атанып отыр.

Міне, бұл биылғы Қазақстан спортшыларының әлемдік деңгейдегі басты жетістіктері.

Елдос елорда төрінде еңсемізді көтерді

Жалпы биыл олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары көп өтті. Соның бірі - дзюдодан елорда төрінде өткен әлем біріншілігі. Бұл дода қазақстандықтар үшін екі бірдей ерекшелігімен есте қалды. Біріншісі, спорттың бұл түрінен әлем чемпионаты елімізде тұңғыш рет өтуі. Екіншісі, жапонның төл күресі саналатын дзюдодан тұңғыш рет қазақтың қарадомалақ ұлы әлем чемпионы атағына қол жеткізуі. Тарих парақтарын ашып қарасаңыз, еліміз егемендік алғалы дзюдодан бірде-бір қазақ баласы әлем чемпионатының ең биік шыңына көтерілген емес. Биыл бірінші болып, есімін тарих қойнауына алтын әріппен қалдырған бауырымыз Елдос Сметов. Ол осы біріншілікте 60 келі салмақта өнер көрсетіп, қазақ жігіттерінің арасынан бірінші болып, әлем чемпионы атанды.

Головкин биыл да жыл үздігін қайталады

Биыл кәсіпқой боксшыларымыз да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Олардың ішінде биыл үш рет жекпе-жек өткізген жерлесіміз Геннадий Головкин үшеуінде де жеңіске жетті. Жай жеңген жоқ, үш жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтады. Ол соның нәтижесінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы атағын қорғап келеді. Геннадий Головкин америкалық «Bad Left Hook» басылымының нұсқасы бойынша 2015 жылдың үздік боксшысы атанды. «Бұл тізімде WBC тұжырымының чемпионы Сауль Альварес болса да, Геннадий Головкин әлемде орта салмақтағы №1 боксшы атанды.

Сонымен қатар биыл кәсіпқой боксшы қандасымыз Қанат Ислам да үш кездесу өткізіп, үшеуін де мерзімінен бұрын аяқтады. Міне, Гена да, Қанат та - қазірге дейін жеңіліп көрмеген дара саңлақтарымыз. Бұлардан тыс кәсіпқой бокста тағы бір қазақ ұланы туымызды биіктен желбіретіп келеді. Ол - жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Жанат Жақиянов. Ол биыл венесуэлалық Йонфрез Парехомен кездесіп, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Нәтижесінде ол WBA тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

БОКС: 2 медаль, 4 жолдама

null Биылғы жыл боксшыларымыз үшін аса табысты деп айта алмаймыз. Бірақ, боксшыларымыздың еншісінде Рио Олимпиадасына 4 жолдама бар. Биыл Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құраманың жігіттері Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында 2 күміс медальға ғана қол жеткізді. Нәтижесінде Дохадан Риоға жалғыз жолдама бұйырды. Оны 69 келі салмақта Данияр Елеусінов иеленді. Ал аса ауыр салмақтағы алыбымыз Иван Дычко финалға жеткенімен жалғыз жолдаманы қолынан шығарып алды. Ал тағы үш жолдаманы бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 49 келідегі Біржан Жақыпов және 91 келіде Василий Левит жеңіп алған болатын.

Енді Мырзағали Айтжанов баптайтын біздің былғары қолғап шеберлері Рио Олимпиадасына толық құрамда бару үшін келесі жылы басталатын қалған үш лицензиялық жарыста барынша табысты өнер көрсетулері керек. Алғашқы Олимпиадаға іріктеу турнирі 2016 жылы 23 наурыз бен 3 сәуір аралығында Қытайдың Цяньан қаласында Азия мен Тынық мұхиты боксшыларының қатысуымен болады. Ал мамыр айында Болгария астанасы Софияда боксшылар WSB мен APB жобалары бойынша жолдамаға таласса, соңғы жалпы дүниежүзілік іріктеу шілденің 7-19 аралығында Бакуде өтеді.

Жеңіл атлеттеріміздың жұлдызы

Биылғы жылы Рио Олимпиадасына жеңіл атлеттер арасында да көптеген жолдамалар сарапқа салынды. Ол бәсекелерден біздің спортшыларымыз да қалыс қалған жоқ. Айталық, осы жылы «спорт ханшайымы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты Қытайдың Бейжің қаласында өтті. Бұл бәсекеде осыдан үш жыл бұрын Лондон олимпиадасында «алтын қыз» атанған Ольга Рыпакова бұл жолы да ел сенімін абыроймен ақтап, Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Сонымен қатар жеңілатетшілерімізден Олимпиада ойындарына Дмитрий Карпов, Зябкина, Эктов, Шейко, Сафронова сынды қыз-жігіттеріміз де Олимпиадаға бару мәселесін шешіп қойды.


Еуропаның ең беделді турнирінде ойнау бақыты «Астана» футболшыларына бұйырды

null Биыл біздің футболшылар үшін аса табысты жыл деуге болады. Олай дейтініміз, биыл «Астана» футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Қазақстан футболшылары арасынан Еуропаның ең беделді турнирінде ойнау бақыты бірінші рет «Астана» футболшыларына бұйырды. «Атлетико», «Бенфика», «Галатасарай» сияқты танымал командалармен тайталасып, қоржындарына 4 ұпай салған «Астана» командасы биыл жарады. Сондай-ақ айта кету керек, «Астана» еурокубоктар аясында биыл өз алаңында бірде-бір рет жеңілген жоқ. Биылғы ел біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алған елорда футболшылары келер тағы да Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды. Ел кубогын иемденген алматылық «Қайрат» та кәрі құрлық алаңдарында сәтті өнер көрсетіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне бір қадам қалғанда азулы «Бордоға» есе жібергені де есте. Құрамына тәжірибелі ойыншыларды топтастырған «Қайрат» та ел қоржынына біраз ұпай салды. Нәтижесінде Қазақстан УЕФА клубтық рейтингінде 28-ші орынға көтерілді. Бұл ел футболы тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік.

«Қайрат» халықтың ықыласына бөленді

Биылғы жыл Алматының «Қайрат» футзал клубы үшін де аса жемісті жыл болды. Олар өз тарихында екінші мәрте УЕФА кубогының жеңімпазы атанды. 2012/2013 жылғы маусымда тұңғыш рет Еуропаның мәртебелі кубогына қол жеткізген алматылықтар «Барселона» сынды әлемге аты танымал клубтың жетістігін қайталады.

УЕФА кубогының тарихына көз жүгіртер болсақ, Испанияның «Интер» клубы УЕФА кубогын үш мәрте қанжығаларына байлады. Ал, екі мәрте кубок иегері атанған командалардың қатарында «Кастельон», «Барселона» және алматылық «Қайрат» бар. Бұл да осы жылдағы басты жетістіктеріміздің бірі.

Универсиадада үздіктер қатарына ендік

Биыл Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында Студент-спортшылардың Олимпиадасы саналатын бүкіләлемдік Универсиада ойындары өтті. Бұл сында Қазақстан спортшылары бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Алтын медаль саны жағынан бұған дейінгі нәтижелерімізден асып түстік. Соның ішінде жеңіл атлеттер ерледі. Виктория Зябкина бастаған қыздарымыз қоржынымызға үш алтын медаль салса, төртінші алтын медаль сырықпен секірген Никита Филипповтің еншісіне жазылды. Мұнымен қоса, таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев пен жүзуші Дмитрий Баландиннің де ерлігін атай кеткен жөн. Нұрсұлтан Қазақстан таэквондосының тарихында ерлер арасында бірінші болып, Универсиада шыңын бағындырды. Баландин де Универсиада тарихында тұңғыш рет алтын медальға ие болды. Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан спортшылары Универсиада тарихында екінші рет командалық есепте үздік он бес елдің қатарына кірді. Бұған дейін студенттеріміз 2007 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен Универсиадада 11-орын алған. Ол кезде Қазақстан спортшылары 5 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған еді.

WSB сериясында «Астана арландары» - екі дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз команда

nullКәсіпқой клуб ретінде танылған «Астана арландары» жыл сайын үздіктер қатарынан көрініп келеді. Олар биылғы маусымда екінші мәрте Бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы атанды.

Жалпы, WSB жобасы дүниеге келгелі жетістігі жағынан «Астана арландарының» алдына түсетін ешбір команда жоқ. 2010 жылдан бастап сарапқа салынып келе жатқан жобаның бас жүлдесін «арландарымыз» екі мәрте жеңіп алса, бір рет күміс, екі рет қола жүлдегер атанды. Биыл финалда «арландарымыз» былтырғы чемпион «Куба қабыландарын» ұтып, екінші мәрте бас жүлдені олжалады.


Балуандарымыздың бабы келіспей жүр

nullБиыл күрес түрлерінен де көптеген жарыстар өтті. Алайда біздің балуандарымыз әлем чемпионатынан ел қоржынына алтын медаль салмағалы тура 16 жыл болды. Осы жылы күрес түрлерінен Лос Анджелесте өткен әлем біріншілігінде грек-рим күресінің балуандары екі қола медальға ғана қол жеткізді. Ал еркін және әйелдер күресінің балуандары бірде-біреуі жеңіс тұғырынан көріне алмады. Бірақ, әзірге күрестің үш түрінен Риоға үш жолдама бар. Оның екеуі грек-рим күресінің шеберлерінде, біреуі еркін күрес балуандарының еншісінде.


Су спортындағы саңлақ

null

Биыл су спортының шеберлері де жаман өнер көрсеткен жоқ. Айталық осы жылы Татарстанның астанасы Қазан қаласында өткен әлем біріншілігінде жерлестеріміз медальмен қатар Риоға жолдамаларды да жеңіп алды.

Бұл сайыста ел намысын Екатерина Руденко мен Дмитрий Баландин қорғаса, командалық сында су добы шеберлеріміз өнер көрсетті. Былтыр жазғы Азия ойындарында үш дүркін чемпион атанған спортшымыз Дмитрий Баландин бұл әлемдік сайыста 100 метрге брасс әдісімен жүзуде төртінші орынға табан тіреді. Бұл - өте жоғары нәтиже. Сондай-ақ, Баландин Кореяның Кванджу қаласында өткен бүкіләлемдік студенттер жарысында бір алтын, бір қола медаль алып, ел мерейін үстем етті.

Ескекшілеріміз Риоға 7 жолдама жеңіп алды

Биыл тамыз айында Италияның Милан қаласында ескек есуден өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз көңіл көншітерлік нәтижеге қол жеткізе алмады. Алайда, жерлестеріміз аламан додадан медальсіз қайтса да, Олимпиада жолдамасын уыстарынан шығарған жоқ. 2015 жылдың қорытындысы бойынша байдарка мен каноэда есетін 12 спортшымыз Олимпиаданың жеті жолдамасын жеңіп алды. Төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасына төрт жолдамамен барғанымызды ескерсек, бұл жаман көрсеткіш емес.

Садақ атудан қос жолдама

nullБиылғы жыл садақ атудан Қазақстан спортшылары үшін аса табысты жыл болды. Таиландтың Бангкок қаласында Рио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынған халықаралық бәсекеде біздің қос бірдей мергеніміз Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Олар осы біріншіліктің қола жүлдегерлері атанған Сұлтан Дүзелбаев пен Луиза Сайдиева. Енді бұл екеуі келесі жылы Бразилия жерінде өтетін байрақты бәсекеде бақ сынайды.

Сұлтан Дүзелбаев бұған дейін талай халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрсе де, Олимпиада ойындарында тұңғыш рет бақ сынамақ. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері садақ атудан Олимпиада ойындарына бірде-бір қазақ баласының қатыспағанын ескерсек, Сұлтан Дүзелбаевтың бұл ерлігін қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазуға болады,
Келесі жылы - Олимпиада жылы! Спортшыларымызға келе жатқан жаңа жыл тек сәттілік әкелсін деп тілейміз...

Күнсұлтан Отарбай 

www.inform.kz/kaz/article/2854064

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста