«Әлдиле, өлім, әлдиле» тылсым жағдайда туды

«Әлдиле, өлім, әлдиле» тылсым жағдайда туды

Алтынай ЖИЕНБЕКОВА, «Достар» тобының әншісі:

Мағжанның мөп-мөлдір тұнық әрі сондай тұңғиық сырлы өлең­дері өз оқырманымен қаншама жылдан кейін ғана қауышқанын білеміз. Міне, сол Мағжанның сұлу, сырлы сөзде­ріне ән де жазылса керек, бірақ бертінге дейін біз оны білмей, тіпті «Сен сұлудың» өзін Май­ше­кин деген авторға балап келдік. Бір жағы ол ең құрығанда сон­дай өзге атпен ақынның шығармасын кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін қолданылған амал болуы ғажап емес. Енді қазір еліміздің өз еркі өзінде болған­дықтан, тұлғаларымыз ақталған соң, қай ақынның сөзіне ән жазып, қалай жария­лай­мын десе де, ешкім қой демейді. Бірақ сонда Мағжан­ның поэзиясына жуықтау­ға бата алмай ма, ән көп туған жоқ. Біз «Әлдиле, өлім, әлдиле» деп келе­тін Мағжан сөзіне жазыл­ған әнді жақсы қабылдадық. Оның әуенін жазған жап-жас әнші әрі ол тұста сазгер болып танылмаған Алты­най Жиенбекова атты әнші еді. Біз әншімен әңгіме бары­сын­да осы бір әннің тылсым жағ­дайда туғанын естіп, қызық­ты жағдайды әрі қарай өрбіте түстік.
– Мен бұл әнді 17-18 жасымда тіпті ерек­ше жағдайда кездейсоқ жаздым деуіме болады. Мектепті бітіргеннен кейін «Қайда барамын? Бұл өмірде кім боламын? Қандай жолға түсемін? Тағдырым қандай болады?» деген сұрақтар маза­лайды ғой. 9-сыныпты бітірген соң, Шымкенттегі му­зы­ка училищесіне түстім. Бірақ сол тұста, яғни 1995 жылдары ақша енді ғана ауы­сып, әлеуметтік жағдай құлдырап тұрған шақ еді ғой, отбасымыз аздап тарығып, училищені тастап кетіп, Кентауға оралуыма тура келді. Әкем шахтада істейтін, мінезі қаталдау кісі еді. «Неге оқуыңды тастайсың? Мені жерге қараттың!» деп ұрысатын. Бір жағынан, ән шығарып, өнер жолын қуғым келеді, бірақ шоу-бизнеске араласатындай қолымыз қысқа болды.
Содан бір күні үйде ешкім жоқ болатын, жал­ғыз өзім оңашада гитараны алып, кеудемді кернеген белгісіз бір әуенді ойнай бастадым... Ыңылдап тартып отырып, өзім егіліп жылап аламын. Кішкентай ғана кітап­ха­намыз бар еді. Сол әнді тартып отыр­ға­ным­да сөреде тұрған бір кітап өз-өзінен айқара ашылып, жерге құлап түсті. Қорқып кеттім! Жан-жағыма қараймын, ешкім жоқ. Кітапқа үңіліп едім, Мағжанның «Әл­ди­ле, өлім, әлдиле» деген өлеңі ашулы тұр екен. Сөздері, мағынасы, буыны – бәрі менің жазған әуеніме дөп түсе қойды. Сонымен, ол әнді ешкімге көрсетпей, өз орындауымнан өзім ләззат алып, біраз уақыт айтып жүрдім. Арасынан үш шу­ма­ғын таңдап алып, байқауларды ұйым­дас­ты­рушы, үлкен өнерден хабары бар Мә­дина Керімбай­қы­зына алып бардым. Ол тыңдап отырып жылады... «Көресің, бұл әнің хит болады, осыны конкурсқа шығару керек» деді. Содан Түркістан қаласы әкім­дігінің қолдауымен 2000 жылы Шым­кенттегі «Анда-санда» студиясына барып жаз­дыр­дық, музыкалық өңдеуін Ағын Қасымбек пен Дмит­рий Багров жасады. Өте сәтті шықты. Әнді «Қажыдым» деп ата­дық. Осы әнмен «Жас қанатқа» қатыстым. Содан кейін Мұрат Ерғалиев шақырып: «Азия дауы­сына» осы әніңді шығар» деп ұсыныс біл­дірді. Орындап, 2-орын алдым. Көпшілік «сөз са­зын, сазы сөзін тапқан, кере­мет үйлескен» деп ай­та­ды. Әйтеуір, жа­ман пікір естіген емеспін. Сөйтіп, «Қа­жы­дым» 2001 жылы бірінші аль­бо­мы­ма енді.
...Мағжанды оқыған соң, өзіне, тұл­ға­сына ға­шық болдым. Расында да, өте сауатты, жүрегі өте мықты, қазақ үшін жа­нын қиған біртуар арыстай азаматымыздың өлеңі де, тағдыры да мені қатты тол­ған­дыр­ды. Тіпті сол «Әлдиле, өлім, әлдиленің» шығу тарихын алып қарайықшы... Реп­рес­сия құр­баны болып, түрмеде бір татар ақы­нымен таны­сады. Баласы болса шеті­неп кетеді. Өзі – абақтыда. Сонда өмірінде қандай мән қал­ды? Сондай жан күй­зе­лі­сі­нен туған өлеңдерінің бірі емес пе?
Мағжанның «Күнім, айым, еркетайым, бө­лейін енді. Қыста дауыл, жатқан ауыл, ұйқың да келді...» деп келетін «Бесік жы­рына» арналып жа­зыл­ған тағы бір әнім бар. Бірақ ол әлі жарыққа шық­қан жоқ. Мұрағатымда жатыр. Алла жазса, түбін­де Мағ­жанның осы өлеңін де сахнаға алып шыға­мын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста